7


  • Учителю
  • Шахмат әліппесі і сабақ жоспары

Шахмат әліппесі і сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





«Павлодар қаласындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ











Шахмат әліппесі і сабақ жоспары











«Шахмат әліппесі»

( 7 сынып)

















Өткізген: Балпекова Гүлмира Сәрсенбайқызы



























Павлодар қаласы, 2015 жыл





Сабақтың тақырыбы: Шахмат әліппесі. (7 сынып)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру және дамыту. Жаңа сөздердің, суреттердің көмегімен шахмат жайлы кеңінен баяндау. Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін, қызығушылықтарын

арттыру. Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Жаңа сөздерді меңгерте отырып, мәтінге сұрақтар дайындауға, өз ойын еркін жеткізе білуге жағдай жасау;

  • Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін ұйымдастыру;

  • Сабақта АКТ-ды қолдана отырып ақпараттық құзыреттіліктерін арттыруға жағдай жасау.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс, өздік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сөздік, мәтін жазылған парақтар, Аctivstudio бағдарламасы, activote , «aktivslate» қ ұралдары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:



Шахмат әліппесі і сабақ жоспары





-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта кім жоқ?

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

- Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын тестілеу арқылы тексеріп шығу) Спикерлер бағаларын бағалау парағына енгізіп отырады.

Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында интерактивті тақтаның «сұрақ-жауап» деп аталатын мүмкіншілігі пайдаланылды. Бұ л мүмкіншішілік барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақтаның арнайы activote құралдары қолданылады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықталады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріліп, сол уақытта бағаланады.

Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде біле алады. Осы аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі.



Шахмат әліппесі і сабақ жоспарыШахмат әліппесі і сабақ жоспары

III. Жаңа сабақ:

3.1 Оқушылардың білімін өзектендіру кезеңі.

Балалар, біз қазір қандай модульді өтіп жатырмыз?

-Сендер спортпен шұғылданасыңдар ма?

-Спорттың қай түрімен шұғылданасыңдар?

-Спорттың қай түрін ұнатасыңдар?

-Спорттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?

Балалар, тақтада не көріп отысыңдар?



Шахмат әліппесі і сабақ жоспарыШахмат әліппесі і сабақ жоспары



Сонымен біздің сабақтың тақырыбы қандай? Дәлелдеңдер.

Гиперсілтеме арқылы тақырып жазылған телеграф лентасы қосылады.

Мұғалім әлем чемпиондарымен таныстырады.

3.2 «Шахмат» сөзіне асссоциация құру. Оқушылар тақтаға шығып, аспап панеліндегі құралдарымен, әр түрлі түстермен жазады. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.





Шахмат әліппесі і сабақ жоспары

3.3 Тақырып бойынша Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы туралы бейнефильм көрді. Түсінгендерін айтып беру.

( гиперсілтеме арқылы) ( оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктері қалыптасады)



3.4 Сөздікпен жұмыс:

а) гиперсілтеме арқылы мұғалімнің дауысымен жазылған жаңа сөздерді тыңдайды,



Шахмат әліппесі і сабақ жоспарыШахмат әліппесі і сабақ жоспары



ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығады,

б) тақтаның «перде» деген мүмкіндігін қолдану арқылы жаңа сөздер меңгертіледі,

в) аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру,

г) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.



3.5 Мәтінмен жұмыс:

А). Оқушыларға есту, көру, сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне теріліп жазылған мәтінді оқиды, мұғалімнің дауысымен жазылған мәтінді гиперсілтеме арқылы тындайды ( мәтінмен жұмыс жасау барысында орындалған тапсырмалар оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық, мәселенің шешімін табу құзыреттіліктерін қалыптастырады).

Шахмат әліппесі і сабақ жоспары



Б). Топпен бірігіп мәтіннен кілтті сөздерді жазып, алдыңғы жазған ассоциацияларын толықтырады.

В). Топта жоспар құрастырады. Бір оқушы (спикер) қорғайды. Басқа топтар қателерін түзетеді.

Г). Әр топ өздерінің құрған жоспарын қолдана отырып:

1 топ - мәтінді мазмұндайды,

2 топ - диалог құрып, оқушылардың алдына шығып айтады (оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады),

3 топ - постер жасап, қорғайды ( оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық, мәселенің шешімін табу құзыреттіліктері қалыптасады).

3.6 Сергіту сәті.

Шахмат әліппесі і сабақ жоспары





Бағалау критерийлері беріледі. Оқушылар орындарында отырып, бағаларын «aktivslate» құралы және қалам арқылы интербелсенді тақтада әр топқа жеке берілген бағалау парағына бағаларын қояды.

Шахмат әліппесі і сабақ жоспары





3.7 Мәтіннен сан есімдерді көшіріп жазып, реттік сан есімге айналдыру.

Өздік жұмыс. Интерактивті тақтаға оқушы шығып, қаламмен жасырын жауапты ашу арқылы тексереді. Бағаларын бағалау парағына қояды.

Шахмат әліппесі і сабақ жоспары





3.8 Ой-толғанысы: «Ішінде-сыртында» тәсіл бойынша тапсырма орындалады. Мұғалім сөздерді оқып тұрады, ал оқушылар дәптерлеріне тақырыпқа байланысты сөздерді ішіне, тақырыпқа байланыс емес сөздерді сыртына жазады. Содан соң, әр топтан бір оқушы шығып «контейнер» мүмкіндігін қолданады. Оқушылар сөзге қаламмен басса, дұрыс сөз өзінің орныны тұрады, ал қате басса сол сөз басқа жаққа кетіп қалады.



Ішінде - ладья,ойын,үйірмелер,турнир, ақыл-ой

Сыртында - рухани, атлетика, денсаулық, сұлулық, жылдамдық



Шахмат әліппесі і сабақ жоспары





4. Бекіту.

Бес жол өлең жазу. ( қорғайды)

Шахмат әліппесі і сабақ жоспары

5. Қорытынды.

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Сабақта не білдік?

6. Үйге тапсырма беру. Шахмат үйірмесіне қатысатын өзіңнің досың немесе туысың туралы ақпарат жинақтап:

1 топ мүшелері- мәтінге диалог құрады

2 топ мүшелері - мәтіннің мазмұнын айтады

3 топ мүшелері - мәтінге жоспар құрайды.

7. Бағалау.

Әр топтың спикері бағалау парағынан өз тобының бағаларын қорытындылап, айтып шығады. Мұғалім олардың қойған бағаларын түзетіп, өз бағасын қояды.

</









Қолданылған әдебиет





  1. Т. Артыкова, Г. Ермекбаева «Қазақ тілі» 7 сынып Алматы «Атамұра» 2012ж.



  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №3 2014 жыл, №5 2014 жыл



  1. Youtobe.com Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы туралы бейнефильм.











































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал