7


  • Учителю
  • МАҚАЛА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА АКТ ҚЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

МАҚАЛА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА АКТ ҚЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі





Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады..

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген мұғалімдер видеофильм, мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр, бірақ шетелде болмай сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео - көріністер, презентациялар және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі.

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс - әрекетінің барлық салаларында қолданылады.

Сөйлеу - күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым - қатынас құралдарының қызметін атқарады. Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл - лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау қабілеті мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі. Бұл жағадайда оқытушының байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі, әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді.

Егер оқушыда ынта мен ықылас, шетел тілін үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай. Демек білім беруші мен білім алушының арасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс. Дегенмен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімнің жұмысын біраз жеңілдететіні анық.

Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты мұғалімдер алған білімін оқушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Адамзат қоғамы бүгін аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білім беру жүйесі озық елдердің , Ыбырай Алтынсарин айтқандай «өнер - білім бар жұрттардың »қатарында боламыз десек заман талабые ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал