- Учителю
- Разработка плана урока по казахскому языку по теме 'Асханада' (8 класс)
Разработка плана урока по казахскому языку по теме 'Асханада' (8 класс)
Күні : 22.10 | Сынып 8 | Мұғалім:Сансызбаева Ғ.И. | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Асханада | |||||
Сабақтың түрі: | Аралас | |||||
Жалпы мақсат: | а) жаңа сөздерді меңгеріп, тақырып бойынша сөйлемдердің мағынасын түсініп аудару , жуан,жіңішке сұрақтарды құрастыра , ауызекі сөйлей біледі, тапсырыс,өтініш беру үшін етістікке шы-ші жұрнақтарын дұрыс қолданады. ә) Тапсырмалар арқылы сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айта білу қабілеттерін дамыту б) бір-біріне сыйластық көрсетіп,жеке ,жұптық жұмыс жасап, жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға баулу.
| |||||
Оқыту нәтижелері:Результаты обучения: | Оқушылар біледі:, жаңа сөздерді,мәтін мазмұнын,ас мәзірін,сұйық,қою тағамдарды
Оқушылар істейді:оқиды,аударады,сұрақтар құрастырады,бір-бірін бағалайды | |||||
Дереккөздер : | Компьютер,интерактивтіктақта,оқулық,бағалау парағы , үлестірмелі материал, оқу өлшемдері . | |||||
Түйінді идеялар: | Ас мәзірі,қою тағамдар,сұйық тағамдар,даяшы,өзіне-өзі қызмет етеді | |||||
Оқытудың жаңа тәсілдері | Диалогтік оқыту. | |||||
Сын-тұрғысынан Ойлауын дамыту | Жуан және жіңішке сұрақтар,«дәріс-парадокс», | |||||
Оқытуүшін бағалаужәнеоқудыбағалау | Формативтік және суммативтік бағалау. | |||||
АҚТ қолдану | Сабақ мазмұны мен кезеңдерін көрсету барысында презентацияны компьютер мен интербелсенді тақтаны қолдану. | |||||
Оқушылардың дарындылығы мен талантын дамыту | Шығармашылық тапсырма «Синквейн»-5 жолды өлең. | |||||
Жасерекшелікте рінесепкеалу | Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай. | |||||
Оқыту мен білім берудің басқаруы | Мұғалім оқыту процессін басқарады.Сабақ барысында оқытушы тек 7 минут сөйлейді. | |||||
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Жұмыс барысы. | Бағалау
| |||
Ұйымдастыру кезеңі |
2мин
| Сабаққа дайындықты тексеру,психологиялық сәті.Сабақты өлең жолдарымен бастау «Ана тілің-арың бұл » | Сыныптың психологиялық ахуалын формативті бағалау. | |||
Білімдерін актуалдаукезеңі Мақсатты анықтау | 8 мин | Етістіктің болымды болымсыз түрлерін қайталау. Берілген сөздерден болымды және болымсыз етістіктерді 2 бағанаға жазу. Келмеді,алды,бермеді,алған жоқ,ойнамайды,сыпырады, ашқан емес,көшпедік,ұнайды,жақсы көрмейді,ойламайды,оқыған жоқ,естілмеді,істеген жоқ,барды. | Сумматив бағалау (түрлі-түсті фишкалар арқылы) Бір-бірін тексереді | |||
Жаңа материалды меңгеру кезеңі
|
7 мин (сөздік арқылы мәтінмен жұмыс) 5 мин- сұрақтарға жауап береді
5 мин 17 мин | Жұптық және жеке жұмыс Жеке жұмыс: 1)сөздік жұмыс (оқу,аудару,сөз тіркестер мен сөйлем құрастыру) Жұптық жұмыс: 2)мәтінмен жұмыс (4 топ берілген мәтін бөліктері бойынша жұмыс жасайды) -сөйлемдерді аударып , жуан және жіңішке сұрақтар құрастыру (сұрақтарды стикерге жазып тақтаға іледі, оқушылар бір-бірлеп стикерді алып жазылған сұраққа жауап береді) 3)Өтініш жасау (презентациядағы слайд арқылы түсіндіру) Жазбаша жұмыс-өтініш жазу 4)Ой сергіту -Тағамдар-сөзге сипаттама 5) 5 жолды өлең жазу 1 Асхана Не туралы сөйлестік?
| Мұғалімнің бағалауы фишкалар арқылы
Бір-бірін бағалайды Дәптерлерін аумастырып слайд арқылы тексереді | |||
Бекіту
| 5мин
4 мин | Қатені тап-«Дәріс-парадокс». (ауызша)
Сөздерді бекіту - «Ойлан,қағып ал» (оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне допты лақтырып ,сабақта өткен жаңа сөздің біреуін айтады,допты қағып алған оқушы аудармасын айтады)
| Формативтік және суммутивтік бағалау | |||
Рефлексия
| 5 минут | 1.Мен бүгінгі сабақта қалай жұмыс жасадым?
2.Сенің ойыңша кім сабақта тамаша жұмыс істеді? Менің ойымша ... | Формативтік бағалау | |||
Бағалау |
3 мин | Жетондарымызды санаймыз: Қызыл түсті фишкалар көп болса -баға «5» Көк түсті фишкалар көп болса - баға «4» Жасыл түсті фишкалар көп болса - баға «3»
| суммутивтік бағалау Бағаны күнделікке жазу | |||
Үй тапсырмасы
| 1 мин | 89 бет,-Сөздік 91 бет,Ас мәзірін толықтырып жазу.
| Үй тапсырманы түсінуінің формативті бағалау |
Тапсырмалар:
1.тапсырма :берілген сөздерден болымсыз етістіктерді көшіріп жаз.
Мақсаты: болымсыз етістіктерді анықтай білу.
Келмеді,алды,бермеді,алған жоқ,ойнамайды,сыпырады,ашқан емес,
көшпедік,ұнайды,жақсы көрмейді, ойламайды,оқыған жоқ, естілмеді, істеген жоқ, барды.
2 тапсырма: сөйлемдерді оқып, аудару. Сұрақтар құрастыру
1 нұсқа
-
Біз мектепте үзілісте асханаға барып тамақ ішеміз.
-
Біздің асханамыз бірінші қабатта.
-
Асхана кең,тап-таза ,жарық.
-
2 нұсқа
-
Асхананың кіреберісінде ас мәзірі ілулі тұрады.
-
Ас мәзірінде қою тағамдар,сұйық тағамдар,салат түрлері жазылып қойылған.
-
Бүгінгі ас мәзірінде қандай тағамдар бар екен?
-
Түскі асқа біріншіге сорпа,кеспе,борщ бар .
-
Екіншіге палау,қуырдақ,дүнген кеспесі,мәнті,тұшпара.
-
Әрине,қалауың бойынша сүт қатқан шай,кофе,сусындар алуға болады.
-
3нұсқа
-
Мен біріншіге еш нәрсе алмаймын.
-
Екіншіге мәнті аламын. Ол өте дәмді.
-
Сосын сүт қатқан бір кесе шай аламын,өйткені мен шайды жақсы көремін.
-
Тоқаш алуға да болады.
-
Достарым да өздеріне ұнайтын тағамдарын алады.
-
4 нұсқа
-
Біздің асханамызда даяшы жоқ.
-
Біз өзіміз кезекке тұрып ,керек тағамдарымызды аламыз.
-
Тамақтанып болған соң, өзіміз жинап кетеміз.
-
Әркім өзіне-өзі қызмет етеді.
Сөздік