- Учителю
- Доклад 'Развитие познавательного интереса к казахскому языку'
Доклад 'Развитие познавательного интереса к казахскому языку'
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың құзыреттіліктерін арттыру
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» дегендей, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады.
Оқыту үрдісінде оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Қазіргі кезеңдегі қазақ тілі пәнінің мұғалімінің міндеті - жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейте отырып, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Қазақ тілін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру - негізгі міндет. Құзырлылық - оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Бүгінгі таңда біздің алдымызда дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Құзыретті оқушы тұлғасы - өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдык, рухани, шығырмашылык қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі. Сондықтан білімді, білікті оқушы даярлау ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.