- Учителю
- 'Food and drink' (2grade)
'Food and drink' (2grade)
Сыныбы: 2
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Food and drink .
Сабақтың мақсаты: Монологтік және диалогтік айтылым дағдыларын дамыту, жаңа лексиканы енгізу, сөздерді семантикалық белгілері бойынша саралау білімін қалыптастыру, Present Simple шағында етістіктің болымды, болымсыз түрінің қолданылуын белсендіру , Аа әрпінің ашық және тұйық буындарында оқу дағдысын қалыптастыру.
Сөздік қорларын молайту және есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Өзге тілді үйреніп, құрмет тұтуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтына бағыттау.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: CD ойнатқыш, флэш-карталар, грамматикалық таблица
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру
А) амандасу
Б) түгендеу
II. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.
- Балалар, біз өзіміз, өз отбасымыз, мерекелер, өз үйіміз немесе пәтеріміз туралы әңгімелей аламыз. Ал бүгін біз азық-түлікті білдіретін сөздермен танысамыз.
Our theme in our lesson is "Food and drink ."
ІІІ. Тірек білімді белсендіру.
«Pass the pen» ойыны. (Қаламды бір-біріне бере отырып, бірнеше тақырыпқа )
Фонетикалық жаттығу.
-Балалар, бүгін біз Бенмен бірге Аа әрпінің ерекшеліктерін оқып-үйренетін боламыз. Бұл ағылшын тіліндегі бірінші әріп. Бұл әріп әртүрлі болып оқылады. Мысалы: Cat, jam, hat, ant. Бұл жерде сөздер тұйық буында тұрғандықтан [ǽ] болып оқылады. Ал name, play, cake-сөздері ашық буында тұрғандықтан [ei] болып оқылады. Кәне, осы дыбыстарды айтуға үйренейік!
Listen to me and repeat after me!
[ǽ], [ǽ], [ǽ]
Cat, cat, cat
[ei], [ei], [ei]
Play,play,play
[ǽ], [ǽ], [ǽ]
Ant, ant, ant
[ei], [ei], [ei]
Day, day,day.
IV.Жаңа сабақ.
Жаңа сөздерді енгізу: biscuit, cheese, chocolate, bread, jam, yogurt, milk, butter.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Listen and learn. (Жаңа сөздерді үйрену).
Дидактикалық ойын:
Әр балаға доп лақтырып, сұрақ қояды: What's this? (Жаңа сөздердің суреттерін көрсетіп отырады).
2-жаттығу. What do you like? Finish the sentences. (Сөйлемді аяқтау)
Бүгінгі сабақта берілген сөздердің biscuit сөзінен басқа сөздердің барлығы саналмайтынын және I like/ I don't like фразаларын түсіндіру. Бұл фразаларды көпше түрде ғана қолданылатынын ескерту.
I like…. . I don't like… .
3-жаттығу. Pairwork. Ask and answer.(Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, қысқаша жауап береді )
Do you like chocolate? Yes, I do./ No, I don't.
4-жаттығу. Listen and read.
Look! He likes chocolate. / Look! She doesn't like yogurt.
5-жаттығу. Say. (She/He likes; She/He doesn't like құрылымдарын пайдаланып фольклор кейіпкерлерін сипаттайды )
6-жаттығу. Сергіту сәті.
I like oranges,
Oranges, oranges.
They are so yummy
For my little tummy.
I like lollipops,
Chocolate and biscuits.
They are so yummy
For my little tummy.
V.Іс-әрекет тәсілін және білімдерін бекіту.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу. Write. (Әр суретке сәйкес сөздерді жазу)
2-жаттығу. Put the missing words. (Түсіп қалған сөздерді жазу)
Keys(Жауабы):
1. doesn't
2. likes
3. like
4.don't
3-жаттығу.Answer about yourself (Өздері туралы жауап беру)
4-жаттығу. Write the questions. (Тірек үлгіге сүйене отырып сұраулы сөйлем құрау)
Keys (Жауабы):
-
Do you like milk?
-
Do we like apple jam?
-
Do they like yougurt?
5-жаттығу. Which word is different. Circle it. (Аа әрпінің оқылуына байланысты артық сөзді белгілеу)
6-жаттығу. Write and pronounce. (сөздерді жазу және оқу)
VI.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, бүгін сабақта жаңа не үйрендіңдер? Ата-аналарыңа не жайлы айта аласыңдар?
Ағылшын тіліне аударыңдар: Маған сүт ұнайды. Маған сүт ұнамайды. Оған шоколад ұнайды. Оған шоколад ұнамайды.
-Дұрыс, жарайсыңдар! Well done, children.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 3,6-жаттығулар.