7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку 'Алматы зоопаркі' (4 класс)

Открытый урок по казахскому языку 'Алматы зоопаркі' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Жануарлар бұрышы» модулі бойынша білім беру. Алматы зоопаркіндегі үй жануарлар, аңдар, құстар, балықтар туралы түсініктерін молайту.

2. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту, білімге деген құштарлықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту

Сабақ типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер, қосымша оқулық, ағаш, қоржын, сыйлықтар

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою:

- Бүгін қай жыл мезгілі?

- Қыстың қай айы?

- Желтоқсанның нешесі?

- Аптаның қай күні?

Экраннан әртүрлі жануарлар туралы түсірілген мультфильмдер топтамасы көрсетіледі.

- Балалар, мынау қандай жануар?- деген сұрақтар қойылады.

Көрсетілген мульфильмдегі кейіпкерлерді не деп атаймыз?

Оқушылар: Жануарлар.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Балалар, біз бүгін сабағымызда «Жануарлар әлеміне» саяхат жасаймыз. Ол үшін мына кедергілерден сәтті өтуіміз керек. Жолда кездескен аңдардың барлық тапсырмасын орындауымыз керек. Саяхат сонда қызықты да, сәтті өтеді. Ендеше Жануарлар әлеміне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?

Оқушылар: иә, дайынбыз.

- Ал, онда бастайық!

1. Балалар мынау не? Аю. Аюдың сендерге тапсырмасы бар сияқты орындаймыз ба? Сөздік жұмысы (Экраннан көрсетілген жануарларды оқушылар ауызша бір - бірден атайды) «Пойыз» ойыны

1 - тапсырма. Мәтінді тыңда. Алматы зоопаркінде

Алматыда үлкен зоопарк бар. Ол 1937 жылы ашылған. Алғашқы аңдар мен жануарлар Мәскеу, Санкт - Петербург қалаларының зоопаркіне әкелінген. Зоопаркте 150 құс түрі, балықтың 80 түрі, аңдар мен жануарлардың 95 түрі бар. Зоопаркте жолбарыс, кенгуру, қабылан, керік, ақ аю, шимпанзе, Үнді пілі бар.

2.- Балалар, мынау не? Ағаш. Ағашта не деп жазылып тұр оқиықшы. Қандай? Неше? деген сұрақ ілініп тұр екен. Қане мына тапсырмаларды ағаш бізге беріп тұрған сияқты. Қане бірінші партадан бастап алайық: белый медведь, большое животное, красивый жираф, пять лошадей, самый большой, один слон, черная пантера, два тигра.

4. Балалар, бізге түлкі келіпті. Өз тапсырмасында алып келіпті.

2- тапсырма. Диалогті досыңмен оқы, сөйлеп үйрен.

- Антан, халің қалай?

- Халім жақсы.

- Сен зоопаркке бардың ба?

- Иә, бардым.

- Қандай аңдар мен жануарларды көрдің?

- Мен піл, аю, жолбарыс, маймыл, тасбақа, түлкі, т.б. көрдім. Саған қандай аңдар мен жануарлар ұнайды?

- Маған піл, тасбақа, жолбарыс ұнайды.

- Сау бол!

- Сау бол!

5. Түйе келді қоржын асып. Қане, оқиық. Дайынбыз ба?

3-тапсырма. Оқы, қызық.

Әлемде көптеген жануарлар бар. Ең үлкен жануар - көк кит. Жер бетіндегі ең ірі жануар - піл. Зіл - пілден кейінгі ең алып жануар. Оның салмағы - 3,5 тонна, күндік азығы - 70 кг. Әлемдегі ең биік жануар - керік. Ең жүйрік аң - гепард. Әлемдегі ең үлкен құс - африкалық түйеқұс. Ал құстардың ішіндегі ең кішкентайы - колибри. Оның салмағы - 1,5 грамм.

6. Колибри тапсырмасы.

4- тапсырма. Сөз тіркестерін аяқтап жаз.

7. Сергіту сәті


8. Қасқыр тапсырмалары.

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.

- Ең ірі жануар не?

- Ең ауыр салмақты жануар қайсы?

- Ең биік қай жануар?

- Ең жүйрік қандай аң?

- Ең үлкен қандай құс?

- Ең кішкентай қандай құс?


9. Арыстанның тапсырмасы.

V Бекіту: Балалар, қандай сөз шықты?

1. Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?

2. Онда нелер бар?

3. Аңдар қандай?

4. Сендерге сабақ ұнады ма?

V Бағалау: (Әр тапсырма сайын берілген жетондар арқылы, жетондарды оқушылардың өздеріне қазақша санату арқылы бағалау.)

VI Үй тапсырмасын беру:

1. 153б. 6 - тапсырма Сөйлем құрап үйрен.

VIII Қорытындылау:

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал