7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахской литературе на тему 'Тахауи Ахтанов 'Күй аңызы'

Открытый урок по казахской литературе на тему 'Тахауи Ахтанов 'Күй аңызы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Горное негізгі мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тинеева Маржан Жатайқызы

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Сабақ жоспары

Пәні. Күні, айы

Қазақ әдебиеті. 8-сынып.


Тақырыбы:

Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы»


Мақсаты:

әңгіменің мазмұнын игереді, тақырыбы мен идеясын ашады, кейіпкерлерге мінездеме береді.


Оқу нәтижесі:

Жазушы туралы білімдерін толықтырады, «Күй аңызы» әңгімесінің мазмұнын игереді, тақырыбы мен идеясын ашады, талқылайды, кейіпкерлерге мінездеме береді, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым-қатынасты талдайды. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады. Сабақ бойынша не білетіндерін, нені білу керектігін кері байланыс парағына түсіреді. Уақытты үнемдей отыра жұмыс жасайды. Ойларын ашық айта алады.


Әдіс-тәсілдер, модульдер

Топпен, жұппен жұмыс (СТО), кестемен жұмыс, топтық әңгіме, пікірталас (диалогтік оқыту), бақылау (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), сұрақ-жауап, баяндау (қалай оқыту керектігін үйрету)


Дереккөздер

Оқулық, дәптер, қосымша деректер


Барлығын қосқанда

Сабақ мақсатына қол жеткізуге көмектесу. Терминдер жазылған қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу. Топтарды аралап, әрбір топ мүшесінің жұмысын қадағалау. Топ мүшелерін рөлдерге бөлу және баяу жұмыс істейтін оқушыларды дарынды оқушыларға бекіту. Бағалау критерилерін оқушыларға таратып, олармен бірлесе отыра білімдерін бағалау.


Бағалау

топтық, жұптық жұмыстарда өзін-өзі және өзара бағалау.

Формативтік баға қоюды үйрету.

3 мин


7 мин

30мин


3мин

2 мин


Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі:


Психологиялық дайындық


Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу

Үй жұмысын тексеру

Мағынаны тану:

1. Оқиға мазмұнын меңгеру

2.Мәтінге талдау жұмыстары

Бағалау парақшаларын толтыру


Рефлексия

Үйге тапсырма:

«Кейіпкерге хат». Сұрақтарға жауап беру.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы аламын, амандасамын.

Тренинг ұйымдастырамын


Топқа бөлу әдісі арқылы 3 топқа бөлемін.


Т.Ахтанов өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қоямын, топпен хронологиялық кестені толтырғызамын.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын. «Күй аңызы» әңгімесі бойынша топтарға тапсырма беремін. 1-топ: баяндаушылар 2-топ: сөз тапқыштар 3-топ: сипаттаушылар

1. Шығарманың композициялық құрылымын талдатқызамын. -оқиғаның басталуы -оқиғаның дамуы -оқиғаның шиеленісуі -оқиғаның шарықтау шегі -оқиғаның шешімі

2. «Концептуалдық кесте» арқылы кейіпкерлерге талдау жасатқызамын.

кейіпкер

Портреті

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге баға

1

Естемес


2

Оразымбет


3

Жаңыл

3. «Кімнің сөзі?»

«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар».

«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау».

«Сөзім -сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым».

«Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар».

«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау».

«Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…»


4.«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

5. Пікіралмасу. Қойылған сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдіреді, топтар бір-біріне жоғары дәрежелі сұрақтар қояды.

1.Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?

2. Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. 4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?

5. Оқиғаның шешімі сені қандай ойға жетеледі?


Оқушылармен бірлесе жұмыстарын бағалаймын.

Оқушының іс-әрекеті

сәлемдеседі

шеңберге тұрып жақсы лебіздерін айтады.


Үш топқа бөлінеді, топ ережелерін құрастырады

сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді, кестені толтырады.


Әр топ өз тапсырмасын орындайды: баяндаушылар әңгіме мазмұнын айтады, 2-топ - сөз мағынасын ашады, 3-топ - кейіпкерлерге мінездеме береді.


Топпен шығарманың композициялық құрылымын талдайды.

Кесте бойынша кейіпкерлерге мінездеме береді, баға береді.

Әңгіменің әсер еткен тұстарын жазып, несімен әсер еткенін сипаттайды.


Топпен өзара пікірлеседі, ойларын ортаға салады.


Әр шағын топ өз топ мүшелеріне баға береді, бағалау парақшаларына түсіреді.


Сабақ бойынша не білетіндерін, не ұнағанын, өз тілектерін кері байланыс парағына түсіреді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал