7


ҚАзақ тілі 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 сынып Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Көктем айлары


  1. Ұйымдастыру кезеңі.


II.Модульдің құрылымын түсіндіру.


III.Сабақтың мақсатын, барысын айту.


  1. Білімділік. Жыл мезгілінің көктем айлары туралы мәлімет беру.


  1. Тәрбиелік. Көктем айларының өзіндік қадір- қасиетін, пайдасын, ерекшелігін айтып, табиғатты корғауға, құстарға қамқор бола білуге үйрету.


3. Дамытушылық. Сурет бойынша әңгіме құрату дағдысын қалыптастыру. Сөздік корын байыту бағытында жұмыстар жасау.

IV.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Көктем айлары - наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылына бастайды. Жер беті гүл-бәйшешекке бөленеді. Құстар ұшып келеді. Жәндіктер мен құрт-құмырсқаларға жан кіреді.

Көктемде шаруа жұмыстары басталады. Егін егеді, малдар төлдейді.

Көктемде 8 наурыз - халықаралық әйелдер мейрамы болады. Ол күні қыздарға, әйелдерге, әр түрлі көктем гүлдерін сыйлайды.

Сөздік жұмысы.

  1. Сөздерді мүғалім оқиды, окушылар қайталайды.

  2. Мүғалім оқиды, оқушылар тізбектеп айтып шығады.

Суретпен жұмыс жасау.

Көктем келді. Күн жылы. Ағаш бұтақтары бүршік атып, әр жерден өсімдіктер көріне бастады. Үлкен ағаштың қасында Ақниет пен Ұлпан торғайға қарап тұр. Ұлпанның қолында бәйшешек бар.

V.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу.

Көктем. Көктем айлары - наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылы. Көктемде құстар үшып келеді.


  1. Мұғалім мөтінді түсінікті етіп оқиды. Оқушылар тыңдап отырады.

  2. Мұғалім сөйлемдерді айтады, оқушылар қайталайды.

  3. Оқушылар тізбектеп айтып шығады.


Сергіту сәті


Бала - бала балақан

Қане айсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай - былай ойнат

2-тапсырма. Сөйлесуді жолдасымен оқу.

  1. Мүғалім сөйлесуді оқып береді.
    Оқушылар мұқият тыңдайды.


2. Мұғалім сөйлесуді оқиды, окушылар тыңдап қайта-
лайды.

Жұптық жұмыс.Оқушылар сөйлесуді жанындағы жолдасымен оқиды.

  • Бұл қай жыл мезгілі?

  • Бұл - көктем.

  • Көктем айларын ата?

  • Наурыз, сәуір, мамыр.

  • Көктемде күн қандай?

  • Көктемде күн жылы.

  • Көктемде не ұшып келеді?

  • Көктемде құстар ұшып келеді.


ІV Сабақты қорытындылау

V Үй жұмысы : сөздік сөздерді жаттау

VІ Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал