7


  • Учителю
  • Шығарма ағылшын тілінен Ағылшын тілі Қазақстанның болашағы үшін

Шығарма ағылшын тілінен Ағылшын тілі Қазақстанның болашағы үшін

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ағылшын тілі Қазақстанның болашағы үшін» шығарма

Ағылшын тілі - қазіргі заманда жаһандық тіл.Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.



Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? немесе кітапта берілген мәтіндерді аударуға ма?Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе?Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе?

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Еліміздегі беделді университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде шет тілдерін кәсіби деңгейде меңгеру мықтап қолға алынған. Осы орайда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, «Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы» кафедрасының ағылшын тілін үйретудегі жаңашылдығы, қажырлы еңбегі мен атқарылып жатқан іс-шаралары соның дәлелі. Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гульмира Баянжанқызының студенттерге ағылшын тілін кәсіби деңгейде үйретудегі заманауи, озық үлгісін пайдалануды дәріптеуде тигізген үлесі зор. Факультетте қызмет ететін білікті оқытушылар шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, студенттердің болашағы үшін қызмет етіп және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына жағдай жасап отыр. Әр оқытушы студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді. Соның ішінде ағылшын тілінің қыр-сырын ашып, кәсіби деңгейдегі қарым-қатынастың маңыздылығын үйретуден жалықпаған ұстазымыз - аға оқытушы Сапарходжаева Нургуль Пажарбекқызының ерен еңбегін айтпасқа болмас. Ол кісінің бізге үйреткен тәлімі ұшан-теңіз. Әрбір сабағы өте қызықты өткендіктен, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де аңғармай қалып жатамыз. Менің болашақ мамандығым үшін, ағылшын тілін үйрену маңызды. Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде мақала жазуды, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді. Әр студентке ерекше көңіл бөліп, білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес. Сондықтан болар, топтағы әр студенттің ол кісіге деген ықыласы ерекше. Өзінің бойындағы ынта-жігері, сауаттылығы, білімділігінің арқасында беделді. Бізге әрдайым: «Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болыңдар» - деп айтып отырады. Нургуль апайдай өз ісінің білікті маманының дәріс беріп, білімділікке тәрбиелегені біз үшін үлкен мақтаныш.

Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Ел тәуелсіздігінің маңызды нашаны - мемлекеттік тіл. Ол - тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл - ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгісі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады» [1, 6].

Қазақстан - көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен татулықта өмір сүріп жатыр. Әрбір ұлт өкілдері өз тілдерін, салт-дәстүрін сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын: «Біз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»[2, 24].

Әр тәуелсіз мемлекеттің ерекше белгілері болады. Олар: елтаңбасы, әнұраны, туы және тілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Контитуцияның 7-бабында тілдер туралы айтылады:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

Байқап отырсақ, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.

Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Ол тек қағаз жүзінде жүргізілді. Қолданыстағы жағдайы нашар. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі - «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты:

«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті.

Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар.

Ол - біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.

Ол - біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз»[3, 7].

Елбасымыз өз жолдауларында нақты мақсаттар қойды. Ол мемлекетік тілдің қызметінің артуына баса назар аударып, 2025 жылы қазақ тілін білетін жалпы халықтың көрсеткіші 95% құрауы керектігін айтады:

«Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын салауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек.

2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс.

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.

Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналды. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі» [2, 5].

Тілдер гармониясы. Тілдер гармониясы дегеніміз - тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі. Бұл көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі - ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы - әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше»[1, 6].

«Үштілділік» бағдарламасының негізінде

қазақ тілі орыс тілі ағылшын тілідерін

меңгеру көзделуде.

Орыс тілін білу - тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

Ағылшын тілін меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол - жаһанданудың кепілі.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде, яғни қазақ тілі - болашақтың тілі.

Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.

Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі - «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Жобаны Қазақстан Республикасының мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед дайындады.

Бағдарламаның басты мақсаты:

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру; мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;

ағылшын тілін меңгерту;

орыс тілін жетік білу;

әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;

тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Жобаның іске асу мерзімі:

Бірінші кезең: 2011-2013 жыл

Екінші кезең: 2014-2016 жыл

Үшінші кезең: 2017-2020 жыл

Жобаның қорытындысы:

Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп бітірушілер - 100%;

Мемлекеттік тілді меңгерген жалпы халық саны - 95%;

Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу -100%;

Республикамыздағы орыс тілін меңгерген азаматтардың үлесі - 90%;

ағылшын тілін меңгерген халық үлесі - 20%;

Өз тілдерін меңгерген өзге ұлт өкілдері - 30%.

үш тілді жетік меңгергендер жалпы халықтың 20%-ын құрауы керек;

Көріп отырғанымыздай, қазақ тіліне көбірек мән беріліп отыр. Бұны басымдылық деп айту қиын. Бұл қазақ тілін білетін азаматтардың аздығынан туындаған көрсеткіш.

Мемлекеттік тілді меңгеру - басты бағыт. Келер он жылда мектеп бітіруші түлектеріміз 100% қазақ тілін меңгеруі керек деген талап қойылды. Оны жүзеге асыру отбасы мен мектепке міндет. Отбасында бала әке-шеше тарапынан тәрбие мен тәлім алса, мектепте ғылым мен білімді бойына сіңіреді. Оларды үйлесімде қазақ тілінде меңгерту қажет. Сонда ғана қазақша сөйлейтін, яғни қазақша ойлайтын қоғам қалыптасады. Мұндай қоғамды қалыптастыруда білім жеру жүйесінің алатын орны ерекше.

Білім беру жүйесі 4 деңгейден тұрады. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен бекітілген.

Бірінші деңгейі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Оның келесі білім сатыларында алатын орны ерекше. Бастауыш білім қоры және сол білімді қай тілде меңгерудің де орны зор.

1 - кесте.

Жасы

17-18

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

4

Білім деңгейлері

Докторантура

Университеттер, академиялар, ҒЗИ - 3жыл

Аспирантура

Университеттер, академиялар, ҒЗИ - 2 -3 жыл

Жоғары білім

3

Жоғары ғылыми-педагогикалық

(Магистр)

Университеттер, академиялар - 1-2жыл

Арнаулы жоғары

(Дипломды маман)

Университеттер, академиялар, институттар - 4-5 жыл

Базалық жоғары

(Бакалавр)

Университет, академия - 4жыл

17-18

15-16

Орта білім

2

Жалпы

Кәсіптік

Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, 10,11(12) сыныптар

Бастауыш кәсіптік

Орта кәсіптік

Кәсіптік мектептер, лицейлер - 2-3(4)жыл

Колледждер - 3-4жыл

15-16

Негізгі жалпы

10-11

Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, негізгі мектептер - 5-9 сыныптар

10-11

6-7

Бастауыш жалпы

Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, негізгі мектептер - 1-4 сыныптар

5-6

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

1

Мектепалды даярлық

Отбасы, балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер

Мектепке дейіңгі тәрбие

Отбасы, балабақшалар, бүлдіршіндер бақшасы

(Кесте Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңынан алынған)

Байқап отырсақ, білімнің негізі отбасы, саябақтар мен балабақшадан бастау алады. Бала «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп, үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Сондықтан отбасында, балабақшаларда қазақша сөйлеулеріне назар аудару керек. Бастауыш сыныпқа келген бала сөздік қорын толықтырады, білімін жүйелейді, жаңа ілім-білімге ұмтылады. Қазақ тілін меңгеріп келген бала, білімін ары қарай осы тілде жалғастыруды қалайды. Яғни, баланы, балабақша жасынан бастап қазақ тілінде сөйлеуге бағыттау керек. Осы арқылы біз 100% қазақ тілін меңгерген азаматтарды тәрбиелейміз. Ол келер он - он екі жылдан соң қазақша сөйлейтін қоғамның кепілі болмақ.

Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытыла бастауы керек. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы. Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет.

Мектеп қабырғаларында аталған үш тілді оқытуға қатысты түрлі алғашқы жұмыстар бастауын алып кетті. Мысалы, Астана қаласында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебінде үштілді білім беру үрдісі жүргізілуде. Бұл үрдістің ерекшелігіне тоқталатын болсақ:

« 1. бағдарлама бойынша пәндер түрлі тілдерде жүргізіледі;

қажет болған жағдайда ана тіліндегі материалмен қамтамасыз ету үшін командалық оқытумен;

сабақтан тыс шараларда: факультативтерде, үйірмелерде (драма клубы, хор, спорттық секциялар, оқырмандар клубы, т.б.) тілдердің кіріктірілуі;

түпнұсқадан оқытуға мүмкіндік беру үшін мектеп кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етуі;

барлық маңызды құжаттамалардың (саясаттар, қарым-қатынастар, веб-сайттар) үш тілде жүргізілуі;

тіл құзырлығының дамуына себепші болатын тілдік курстарды ұйымдастыру;

шет елдерде оқыту арқылы ынталандыру;

халықаралық стандарттар талабына сәйкес келетін халықаралық ойлауды, оқушыларды дамыту мақсатында тіл тәжірибесін мәдениетке, әдебиетке т.с.с. апаратын жол ретінде қарастыру арқылы қолдау табады» [6].

Көріп отырғамыздай, тілді пән ретінде оқытудан басқа, өзге де пәндерді түрлі, яғни, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы тілдердің үштұғырлығына қол жеткізу көзделген. Сонымен қатар, мектеп кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етуі оқушыларға кез келген мәтінді, шығарманы түпнұсқадан оқуға жағдай жасап, білімін ұштауға мол мүмкіндік ашады әрі шетел жазушысының шығармасы болса, терең эстетикалық ләззатті сезінуге жол ашады.

Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану, іс-қағаздардың үш тілде жүргізілуі тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды және осы жұмыстарды еліміздің барлық мектептеріне енгізу - үштілділік бағдарламасын іске асырудың жолы болмақ.

Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт - тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы».

Пайдаланылған әдебиеттер:

Ақиқит. 2011жыл, №4. «Ел тәуелсіздігінің нышаны - мемлекеттік тіл», ф.ғ.к. М.Салқынбаев.

Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. Алматы. - «Дастан» баспасы, 2000 - 336бет.

Аталы сөз...

Ақылдың көзі.

Құрастырған Қ.Жарықбаев. - Алматы: Жалын, 1980. - 160бет.

Ана тілін үйрену - бұл ұлы іс... Әркім өз тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілмен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тілі.

М.И.Калинин

Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ол бақытқа жетеді.

Жүсіп Баласағұн

Ана тілі - ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы, одан барлық түсінік басталып, сол арқылы өтіп және соған оралып отырады. Ана тілі - идеялар мен білімдерді ұғынудың және оны таратуымыздың бірден-бір құралы.

К.Д.Ушинский

Бөгде тілді тек қана өз тіліміз арқылы түсінуге болатындығын ұмытуға болмайды.

К.Д.Ушинский

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

К.Г. Паустовский

Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті.

Ахмет Жұбанов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады.

Мұхтар Әуезов

Өз тіліне әлі келмейтін адамда шынайы шындық болмайды.

М.Ганди

Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да, танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Ғабит Мүсірепов

Тілін білмеген - түбін білмейді.

Ғабит Мүсірепов

Тіл - үлттың жаны. Тіл - идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.

А.Н.Толстой

Тіл - халықтың автопортреті. Әр тіл өз орнында ұлы, әр тіл бүкіл адамзат қазынасының ортақ палитрасындағы өз өрнегімен қымбат.

Шыңғыс Айтматов

Халықтың тіліне қиянат жасау - оның жүрегін жаралау.

Г.Лаубе

Тіл - халық тарихы. Тіл - цивилизация мен мәдениеттің даму жолы.

А.И.Куприн

Тілдің жетік жүйесін меңгеріп, қыр-сырын біліп, бабын келтіріп қолдансаң, айдама жорға мінгендей боласың.

Ісмет Кеңесбаев

























«Тіл - халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деп К.Аханов айтқандай, тіл - біздің өміріміз бен қоғамымыздың ажырамас бөлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында "Тілдердің үштұғырлылығы" атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды [1]. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Біздің халқымыз үшін қазақ тілінің маңыздылығын жəне оның еліміздегі орын алуы туралы қазақ халқының зиялы азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі. Қазіргі уақытта да бұл мəселеге мемлекет тарапынан аса назар аударылатындығы баршамызға мəлім. Мысалға айтатын болсақ, Елбасымыз өз еңбектерінде бұл мəселені назардан тыс қалдырмайды. Соның ішінде Президентіміздің біз үшін аса маңызды 2012 жылғы Жолдауындағы тіл мəселесіне байланысты ойларын айтуға болады. Оның айтуы бойынша: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл - өзін қадірлейтін əрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Келер ұрпақтың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тіл саясатын сауатты жəне дəйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек» [2]. Осыдан Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген талап қойып отыр. Бұл талаптарды орындауда елімізде шаралар жасалып жатыр. Соның нəтижесінде қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Осындай шараның қолданылу барысында, біздің ойымызша, елімізде он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сенімдеміз. Қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл - ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Себебі, əрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп, күнделікті өмірде кеңінен қолданбаса, оны жекеленген ұлт деп толық айта алмаймыз. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев бұл мəселеге ерекше назар аударады. Ол өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ елі» деп атайтын боламыз» - деді [2]. Осыған орай, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады деген үміттеміз.

Енді келесі кезекте біздің республикамызда мемлекеттік тілмен бірдей дəрежеде қолданылатын орыс тіліне тоқталамыз. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясының, кейіннен КСРО-ның құрамында болды. Сол уақытта орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. Қазақстандағы орыс тілділіктің ерекшелігі осы тілде сөйлейтін адамдардың көпшілігі этникалық орыстар еместігінде болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 2-бабында мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дəрежеде орыс тілі қолданылатындығы жазылған [3]. Орыс тілі жаңа Қазақстан жерінде ХХ ғасырдың басында кеңес билігі орнауымен, түрлі этникалық топтардың көшірілуімен, орыстандыру саясатының орнатылуының нəтижесінде кең таралды жəне ұлтаралық қатынас тіліне айналды. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да айтып өткен болатын. Ақын «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да - бəрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» дейді [4]. Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі - біздің еліміздің ең басты байлығы. Осыған байланысты Елбасымыз тіл саясаты бірде-бір тілге қысым көрсетілмей жүргізілу қажеттігін айтып өтті. Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мəртебесі жəне барлық этностар мен олардың мəдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы мəселе шешілген. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі. Ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз - мемлекеттік тілді біртіндеп дамытудамыз жəне бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. Бүгінде Қазақстан тұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін елдердің бірі. Мемлекеттік тілдің жоспарлы дамуы орыс тілінің дəрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін ең негізгі сыртқы саясаты - көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады", -деді ол [5]. Орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі əлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, əлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бəсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс деген отандық ғалым Н. Кекілбекованың пікірімен келісуге болады. [6]. «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі - ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру - ғаламдық ақпараттар мен инновациялық технологиялардың ағынына кіру деген сөз. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін оқыту өзекті болып отыр. Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мəдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, əр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы ағылшын тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер жəне интернет жүйесі арқылы тілдесу əр түрлі мамандықтағы, əр түрлі жастағы адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл - тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Осы мəселені қолданысқа алуда елімізде ағылшын тілін игеруде серпіліс жасау мақсатымен 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді. Бүгінгі күні тəуелсiздiкке қол жеткізген жылдардан берi əлемдегi көптеген елдермен саяси-əлеуметтiк, экономикалық жəне мəдени байланыс жасауға кеңiнен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нəтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бiрлiгiн өркендеуге тiл бiлудiң мəнi күн сайын арта түсуде. Елімізде бұл жайлы біраз қоғамдық пікірлер айтылуда. Мысалы, ағылшын тілінің мəртебесі жөнінде мынадай пікір бар: «Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік» [7].

Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі жəне дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ-ның алты ресми тілінің біреуі. Дамыған отыз елдің ішіне кіру үшін бəсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мəн берілуде. «Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда əлемдегі шығарылатын оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде. Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Біз олармен қандай тілде сөйлесеміз? Үштілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс», - деді Елбасы Н.Ə. Назарбаев [8]. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға əлемнің ең үздік ЖОО-да білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл əлемнің əр түкпірінде кəсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың маңызды талабы болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген азаматтардың өз елінде де, шетелде де бəсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз. Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда ағылшын тілін білу жас ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер береді деген пікірмен де келісуге болады. Тəжірибе көрсеткендей, тіл - мəдениеттің кілті, ұлттық бірліктің жалпы механизмі, ұлттың əлеуметтік құрылым болуының басты құралы. «Тілі бірдің - тілегі бір», «тіл тағдыры - ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі - тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету - парыз», - дейді Д. Ғаббасова. Сондықтан да, «жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз болып табылады» - деп жалғастырады осы отандық ғалым [9]. Жоғарыда айтылғандырдың барлығын ескере отырып, тіл тағдыры - ел тағдыры деп айтсақ қателеспейміз. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Əлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу болып табылады. Ол дегеніміз - өз ана тілін терең меңгерген, сол тілде еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу. Білім мен ғылымның, инновацияның, жалпы Қазақстанның дамыған жағдайында Елбасы біздің алдымызға үш тілді меңгеру қажеттігін қойды. Қазақстан азаматтарының, яғни, біздің парызымыз - «өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, шет тілдерді де білу деп ойлаймын. Сонымен, біз көрсеткендей тілдердің үштұғырлылығы - уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Үш тұғырлы тіл» идеясы - жарқын болашақтың кепілі. Тілдердің үштұғырлылығы мəдени жобасында көрсетілгендей «қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» [10]. Біз осы істің тек жанашыры ғана емес, орындаушылары болуымыз керек.

</









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал