7


  • Учителю
  • 4 сыныптарға арналған қазақ тілінен сабақ жоспары

4 сыныптарға арналған қазақ тілінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақ жоспары

Сыныбы: 4 сынып

Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті тағамым - ботқа» .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өздерінің ұнаған тағамдарына әңгімелеп айтып беруге (қандай азық-түліктен жасайтыны).

Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, дастархан басында өзін-өзі ұқыпты ұстауына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

а) сабаққа әзірлеу, ә) амандасу, б) түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Қадірлеуіміз - сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Өткен сабақты сұрақ - жауап арқылы есімізге түсіреміз:

1. Қандай тағам түрлерін сендер білесіңдер? (Ет тағамдары, Ұн тағамдары, Сүт тағамдары, Ботқалар, Сусыңдар)

2. Ет тағамдарына нелер жатады? (қазақша ет, палау, қуырған ет, мәнті, тұшпара, борщ, котлет)

3. Борщ неден дайындалады? (көкіністен)

4. Борщты дайындаған кезде қандай көкіністер қосылады? (ет, орамжапырақ, қызылша, сәбіз, пияз, картоп)

5. Қандай сүт тағамдарын білесіңдер? (сары май, айран, қаймақ, құрт, ірімшік)

3. Жаңа сабақ: «Менің сүйікті тағамым - ботқа».

- Ал балалар бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті тағамым - ботқа». Балалар сендер ботқа сөзін қалай түсінесіңдер (Оқушылар жауап береді). Але енді жаңа сөздермен танысамыз, сөздік дәптерлерімізді ашып жаңа сөздерді дәптерлерімізге жазамыз.

«Сөздіктер сөйлейді» әлемі

Күріш ботқасы - рисовая каша

Қарақұмық ботқасы - гречневая каша

Майда жарма ботқасы - манная каша

Сұлу жарма ботқасы - овсянная каша

  • Ал енді кітаптарымыздың 52 беттегі 2 -

тапсырманы оқып аударамыз.

2 - тапсырма. Менің атым Света. Мен таңертен ботқа жеймін. Менің сүйікті ботқам - күріш ботқасы. Ботқаға сары май саламын. Ботқа өте пайдалы тағам. (оқушылар мәтінді оқып аударады).

Мәтінмен жұмыс:

  1. «Сиқырлы тақия» ойының ойынаймыз. Қай

оқушыға тақияны кигізсем, сол ойыншы сұрағыма жауап береді. (сұрақтар мәтін бойынша).

  1. Оқушылар мәтін бойынша диалог құрастырады.

Дәптермен жұмыс:

Кімге қандай ботқа ұнайды?


Күріш ботқасы

Қарақұмық ботқасы

Майда жарма ботқасы

Сұлу жарма ботқасы

Әсия


V

Саша

V


Сәлима

V


Марат


V

Содаң соң тәуелдік жалғауларының жекеше және көпше түрін, фонетикалық талдауды есімізге түсіреміз.

3 оқушыны тақтаға шығарып «Ботқа» сөзін талдаймыз. 1 - оқушы ботқа сөзін жекеше түрде тәуелдейді, 2 - оқушы көпше түрде тәуелдейді, 3 - оқушы ботқа сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

Сабақты бекіту: Сұрақ - жауап арқылы сабағымды қорытындылаймын.

4. Үйге тапсырма: 53 бет 4-тапсырма. Диалогты оқу және асхана сөзін көпше түрде тәуелдеу, фонетикалық талдау жасау.

5. Бағалау бөлімі: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал