7


  • Учителю
  • 9-сынып Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары (қмж) Тақырыбы: Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер

9-сынып Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары (қмж) Тақырыбы: Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары деңгейлік бағдарламалар бойынша құрылған . Сабақтың мақсаты оқушыларға салт-дәстүріміздің бірі- үйлену тойында айтылатын өлеңдердің ерекшеліктерін меңгерту. Сабақта пайдаланылатын әдістер оқушылардың сыни тұрғыдан
предварительный просмотр материала

Қызылорда облысы Шиелі ауданы «№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мекемесі

ІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бимұратова Нұрсәуле Қалдыбекқызы



Сабақ жоспарының құрылымы

Қазақ әдебиеті 9-сынып

Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Үйлену салты туралы өлең-жырларды білу (барлығы)

Түсіну: Үйлену салты туралы өлең-жырларда тәлім-тәрбиелік мәселелер сөз болатындығын түсіну (көпшілігі)

Қолдану: Өлең-жырларда жастардың әдет-ғұрыпты сақтай білуі,үлкендерді сыйлауы,еңбексүйгіш, адал болу керектігінің айтылуы(кейбіреуі)

Талдау: Өлең құрылысына талдау.

Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Үйлену салтына байланысты бейнефильм көрсетіледі.

Үйлену салты туралы өлеңдердің негізгі идеясын меңгерту, ерекшелігін таныту барысында диалогтік оқыту арқылы топтағы талқылауды ұйымдастырамын;

Оқушылардың пікірлесуі үшін арнайы сұрақтар беремін

Жеке пікірлер айтуға ықпал жасаймын.

Оқушылардың тақырып жөнінде ой пікірі, көзқарасы тыңдалады ( жеке жұмыс)

Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?

Оқушыларды бағалауда критерий арқылы, формативті бағалауды пайдаланамын, жасалған жеке жұмыс үшін "екі жетістік пен бір ұсыныс" айтып отырамын , оқушылардың өзін-өзі, өзгені бағалауына мән беремін.

Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Арнайы тапсырмаларды (анаграмма, инноворд) беремін

Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқушылардың жұмыс дәптерлеріндегі сұрақтарға жауап беруі арқылы оқушылардың мен күткен нәтижеге жеткенін анықтауға болады.


Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйым

дастыру

3мин

Кіріспе

Сәлемдесу. Топтық жұмысқа оқушыларды бейімдеу. Топ ережесін еске түсіру.

Оқушыларды топтық жұмысқа тарту.


Тұсау

кесер

5 мин

Оқушыларды сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.

Оқушылар жұмыс парағына күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазып алады.

Интер. тақта

Негізгі бөлім

25 мин




Бейне-көрініс


Үй тапсырмасы «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы сұралады.

1.Тұрмыс салт жырларының қандай тұрлері бар?

2. наурыз жыры дегеніміз не?

3. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты қандай жырлар бар?


1-қадам. Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беру арқылы тойбастар, жар-жар, беташар, сыңсу өлеңдерінң ерекшеліктерін орындату.
Бағалау. (Критерий арқылы бағалау

( топ баяндамашыларын тыңдау).


2-қадам Топтық жұмыс. Идеялар аукционы (сыртқы бақылаушыларды ауыстыру).

Фориативті бағалау. (2 жұлдыз, 1 тілек)


Деңгейі төмен оқушыларға таратпа материалдарын толтырту.


3-қадам. Жеке жұмыс (Қазіргі таңдағы үйлену салтына байланысты бейнефильм көрсету.) Оқушыларға дәптерге Блум таксономиясы бойынша жауап беру ұсынылады.

Топтық ереже бойынша топ мүшелері өз жұмыстарын атқарады. Дайындап келген жаңылтпаштары мен өтірік өлеңдерін оқиды.2 жетістік, 1 ұсыныс арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

1-қадам бойынша топтық жұмысты орындау.

1-топ: Тойбастар өлеңінің мақсаты,құрылысы,

өзгешілігі

2-топ: Жар-жар өлеңінің ерекшелігі

3-топ: Беташардың ерекшелігі, тәрбиелік мәні
4-топ:Сыңсу өлеңінің ерекшелігі


Оқушылар дәптерге өз ойларын түсіреді, топ басшысы іріктей отырып, ең құндысын, үздігін қорғауға ұсынады.

Бақылаушы бағалау парағы арқылы бағалауды жүзеге асырады (2 жұлдыз, 1 тілек)


2-қадам

1-топ.Тойбастар өлеңі тағы қай кезде айтылады?

2-топ. Жар-жар өлеңі қазіргі кезде айтыла ма? Неге?

3-топ.Беташар өлеңінде өзгешелік бар ма? «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

4-топ. Сыңсу өлеңдері қазіргі кезде бар ма? Жоқ болса, неліктен?

Деңгейі төмен оқушылар инноворд толтырады.

Оқушылар жеке жұмыс орындау арқылы өзін-өзі бағалайды.


Білу: Үйлену салтына қандай өлеңдер жатады?

Түсіну: Өлеңдердің тәрбиелік мәні қандай?

Қолдану: Өлеңдерде жастарға қандай өсиет сөздер айтылады?

Талдау: Бейнефильмдегі салт -дәстүр мен бұрынғы салт -дәстүрді салыстыр.

Жинақтау: «Бес жолды өлең» шығару

Бағалау: Қазіргі қоғамдағы өмірде салт-дәстүріміз сақталуда ма? Сіздің көзқарасыңыз қандай?

(өзін-өзі бағалау саусақ көтеру арқылы)



жұмыс дәптері










Плакаттар

Түрлі түсті маркерлер

ОҮБ

10 мин

Қорытынды. Топ ішіндегі жүргізілген жұмыстар туралы сыртқы, ішкі бақылаушыларды сөйлету.


«Сабақтан алған әсерім» рефлексия- ауызша баяндалу ұсынылады.

Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында алған әсерлерімен бөліседі, ұсыныс тастайды.


Үйге тапсырма 2мин


Үйге тапсырма:.

Үйлену салтына байланысты жаңа өлең жолдарын жазып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, түсінбеген тапсырманы сұрайды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал