- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку 'Қыс мезгілі. Кел, Жаңа жыл'
Открытый урок по казахскому языку 'Қыс мезгілі. Кел, Жаңа жыл'
Тексерілді ДОІЖО: Малькова О.Н.
11 жастағы 5 -сынып оқушылары, орыс сыныптарындағы қазақ тілі
Қазақ тілі
Уақыты:14.12.12ж
Кабинет: 308
Мұғалім:Ахмедова Э.А
5 «В» сыныбы
Сабақтың тақырыбы
Қыс мезгілі. Кел, Жаңа жыл
Мақсаты
Қыс мезгілі бойынша өз пікірлерін айта білуге үйрету, айтылым және жазылым дағдыларын жетілдіру, бірлескен топтық жұмыс жасауға баулу
Күтілетін нәтиже
Қыс мезгілі бойынша өз пікірлерін айта алады, айтылым және жазылым дағдылары жетіледі, бірлескен топтық жұмыс жасай алады
Әдіс-тәсілдер
Миға шабуыл, сұрақ - жауап, топтық жұмыс,
Кіріктірілген модульдер
СТО, Диалогты оқыту, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ресурстар
Психологиялық ахуал
3мин
«Жаңа жылдық тілектер» шеңбері
Оқушылар шеңберде жиналып тұрады, оқушылар бір-біреуден сыйлықты қолдарына алып, шеңбер құрып тұрған оқушыларға Жаңа жылға тілек айтады.
Қорапша сыйлық
Топқа бөлу
2 мин
«Қыс», «Жаңа жыл», «Аяз ата» мозайкасы
Оқушылар бірнеше бөлікке бөлінген сурет қималарынан бүтін суретті құрастыру арқылы топ құрайды
«Қыс», «Жаңа жыл», «Аяз ата» мозайкасы суреттері
Алдыңғы тапсырма
5 мин
«Қарлы кесек» стратегиясы
Оқушылар қарлы кесекті бір-біріне лақтырып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды
Қарлы кесек
Ой қозғау
5 мин
«Өрмекші» стратегиясы
Таныстырылым көру
Әр топқа екі кеспе қағаздан таратылады, олар ортаға шығып, шеңбер құрып, берілген тапсырманы оқи отырып, жіптің бір ұшын өздері ұстап, екінші ұшын басқа оқушыға созады. Оқушылар кеспе қағаздарындағы тапсырманы оқып болған соң, мұғалім бұл айтылғандарды не бір сөзбен қалай атауға болады деп сұрақ қояды.
-
Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?
-
Қазір қандай жыл мезгілі?
-
Қыс мезгіліндегі мейрамдар
-
Қыс туралы өлеңдер білесіңдер ме?
-
«Қыс» сөзі қандай сұраққа жауап береді?
-
Қысқы киімдерді атаңыз
Жаңа жыл туралы таныстырылымды көреді, өз ойларын айтады
Тақырыпты дәптерлеріне жазады
Кеспе қағаздар, жіп
Топтық жұмыс
10 мин
«Постер жасау»
1-топ Оқулықтағы 104-бет1-тап, мәтінге сурет салып, қорғайды
2-топ «Жаңа жыл мерекесі» тақырыбында постер жасап қорғайды,
3-топ «Қысқы киімдер» тақырыбында постер жасайды
Оқулық Қазақ тілі 5-сынып учебник для 5 класса общеобразовательной школы с русским языком обученя Атамұра 2015 ж
Т.М Артыкова, фломастер, маркерлер,
Сергіту сәті
2 мин
«Шырша мерекесі»
Оқушылар үлкен шеңбер құрып, шыршаны айнала түрлі қозғалыстар жасап, билейді.
А3, А2, кеспе қағаздар
Топтық жұмыс
8 мин
«Ережені құрастыр»
І.Берілген аралас сөздерден сөз таптары ережесін құрастырады
1-топ-«Зат есім»
2-топ - «Сын есім»
3-топ-«Етістік»
ІІ.Септіктерді ретте
Үш топқа 12 сұрақ таратылады, олар тез арада септікатауының тұсына сұрақтарды жабыстырады.
Жазбаша жұмыс
5 мин
105-бет, 5-тапсырма
Оқулықтағы тапсырманы орындайды
Оқулық, дәптер
Келесі тапсырма
2 мин
104-бет, 2-тапсырманы жаттау,
106-бет, 3-тапсырманы жазбаша орындау
Күнделіктеріне жазады
Күнделік
Рефлексия
3мин
«От шашу»
Отшашу суретіне Не ұнады? Не қиын болды? Нені білдім? сұрақтарына жауап жазып жабыстырады
Отшашу салынған сурет