- Учителю
- Открытый урок на тему Тұрлаулы мүшелер Бастауыш 8 класс
Открытый урок на тему Тұрлаулы мүшелер Бастауыш 8 класс
Күні: 03.10.2014 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
а)Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулымүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа жіктеледі.
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз
Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын,тек
сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш,
толықтауыш,пысықтауыштарды айтамыз
Жаттығумен жұмыс: Бірнеше мақал -мәтел айтып синтаксистік талдау жүргізеді.
Тақтамен жұмыс: Берілген сөздерді бастауыш етіп,баяндауышын әр түрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңдар.
Өзім, олар, бұл, сіз, жер, ел, оралмандар,үшеуміз.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
-
Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?
-
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
-
Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Бес сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасап келеді.