- Учителю
- Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясының» рухани маңызы
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясының» рухани маңызы
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин
«Қазақ хрестоматиясының» рухани маңызы
Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;
ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)
Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих , еңбек
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі -оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.
Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Кітаппен жұмыс: «Қазақ хрестоматиясындағы» шығармаларын оқып,талдау жасайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
«Қазақ хрестоматиясы» қазақ білімі үшін не берді?
-
Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ағартушы ғалым болып қалыптасуына не себеп болды деп ойлайсың?
-
Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғат лирикасының ерекшелігі қандай?
-
Ы.Алтынсарин еңбегінің мәні,қазақ әдебиетіндегі алар орны,бағасы қандай деп ойлайсыңдар?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Қазақ хрестоматиясының» рухани маңызы.