7


  • Учителю
  • Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Малаева Айгуль Ерханқызы мұғалім портфолиосы А 4 есебі

№1 топ «Педагогикалық қоғамдастықтағы

Астана қаласы мұғалім көшбасшылығы»

02.09.2016 жыл



Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын

жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп



Кембридждік білім берудегі әдістің теориялық негізін «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» оқып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері - жеті модульді іс-тәжірибемде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіземін деп отырмын. Бұл жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді деп ойлаймын. Жұмыстағы әріптестерімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында, әдістемелік бірлестік қоғамдастық құру жоспарланып отыр. Осы қоғамдастық аясында ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігін арттыруда, әдістерді қалай тиімді пайдалану және осы мәселені шешу үшін бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Осы қоғамдастықтың негізгі мақсаты бір ай көлемінде диалогтік оқытуды іс- тәжірибеге енгізе отырып, тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру. Осының нәтижесінде әріптестерімнің арасында кәсіби қоғамдастық туралы ұғым қалыптасады, оқытудағы жаңа идеяларды ұсынады, диалогтік оқытуды іс-тәжірибеге енгізе отырып, оқушы мотивациясын арттырады. Қоғамдастық бұл әріптестік қатынастардың мақсаты барлық оқушыларға оқуға мүмкіндік барын анықтауға негізделе алады. Іс -шара мақсат емес, ол осы мақсаттарға қол жеткізудің тетігі екенін естен шығармауымыз керек. Ең бірінші әдістемелік бірлестік отырысын ұйымдастырып, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламаның идеясымен таныстырамын. Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден, қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірбиесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірбиесіне жаңа тәсілдерді енгізу; екіншіден , мектептегі әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке алу; үшіншіден әріптестерінің озық тәжірбиесімен бөлісу арқылы мектебін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын жасау. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, әдістемелік бірлестік мұғалімдернен сұхбат алып, қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнама алынады. Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігін арттырумен жұмыс жасауға ұсыныс жасаймын. Себебі ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеуі, пікір алмасу, тіл арқылы қарым қатынас жасай алуы маңызды болып табылады. Мерсер мен Литлтоун өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті.

Келесі кезеңде жұмыстағы әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асыруға жоспар құрамын. Тәлімгерлік ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліптің арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Кез келген мұғалім қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге орай, өзгеру керек деген мақсатқа түсіністікпен қарап, тәлім алушы болуға қызығушылығы жоғары тәліп табылады деп ойлаймын. Тәлімгер ретінде тәліптің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірбиелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында мен өзімнің білімімен, тәжірбиеммен бөлісемін, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларын шешу жолдарын іздейді. Әдістемелік қоғамдастықтың жұмыс жоспарындағы тақырып бойынша диалогтік оқытудың әдістерін қолдану арқылы тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізуге бірігіп жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.

Бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп мұғалімдерінің өздерінің балаларды белгілі бір тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірбиесіне қалай ықпалдастыратынын түсіну болып табылады. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі туралы тәжірбиеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндік беретін құрылымды көздейді. Өзімнің әдістемелік бірлестік қоғамдастығының мүшелеріне орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеуге болатынын түсіндіремін. Себебі тізбектелген сабақтар топтасын жазу барысында оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейлерін ескеріліп, сабақ жоспарының негізгі мақсатына жетуі үшін, табыс критерийлерімен байланысты және жеті модульді ықпалдастыру керек екені де айтылады.

Келесі кезеңде «Оқушы белсенділігін арттыруда диалогтік оқытудың рөлі» тaқырыбында коучинг сабақ жоспарладым. Диалогтік әңгімеде де мұғалімнің сұрақтары мен берілген жауаптары ғана емес, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Сондықтан мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес,сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Осы коучинг арқылы Блум түймедағының алты сұрақ қою әдісімен танысады. Осы әдіс арқылы оқушылардың жоғары деңгейде дамыту мақсатында сұрақ қоюға және өздерінің ойларын ашық жеткізуге ынталандыратын айтылады.

Келесі кезеңде бірлестік отырысын жоспарлап отырмын, себебі әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің пән бойынша қажетті деген толықтырулары ортаға салынады, ұсыныстар айтылады. Оқушыларды оқытуда бағалаудың алатын орны ерекше. Оқушылардың білімімен алған дағдыларын өмірде қолдана алу біліктерін жетілдіру үшін мұғалім бағалау түрлерін, мақсаттарын айқындайды. Кез-келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау - оқушы өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып береді немесе демонстрациялайды. Ал 21- ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді, нәтижесінде оқу сапасы артады. Бағалаудың екі аспектісі оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау) туралы талқылаймыз.Оқушыларды оқу тапсырмалары арқылы топта, жұпта, өзін- өзі және бірін- бірі бағалауда әр түрлі әдістермен бағалауға болатыны айтылады.

Келесі коучингте диалогтік оқыту арқылы дарынды және талантты баланы анықтаудың тиімді жолдарын қарастыру. Дарынды бала - бұл жақсы оқитын оқушы ма? деген сұрақ әрбір мұғалімде сұрақ туындайды. Дарынды бала дегеніміз: өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала! Дарынды баламен жұмыс жасауда оқыту әдістерінде, көп деңгейлі тапсырма беру әдісі, тірек-сызбалар, және көптеген әдіс-тәсілдер пайдалануға болатыны және жаңа тәсілдер модуліне сәйкес оқушыларға «Тыңдап отырған үштік» әдісін қолданғанда, қабілетті оқушы диалогты дұрыс ұйымдастыра алады. Себебі, оқудағы Проблемалық сұрақтар арқылы оқушының одан шығудың тиімді, әрі ұтымды жауаптарын беруі де, дарындылықтың бір сатысы деп есептеймін.

Мен өзім ашық сабақ беру арқылы өз әріптестеріме ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді көрсетуді жоспарладым. Сабақ барысында диалогтік модульді іске асыру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып оқушыға қалай оқу керектігін үйрету қажет деп ойлаймын. Оқуды үйретудің қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Метатану деп қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, ойлау нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.

Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - жеті модульді ықпалдастырып, әдістерді қолдану деп ойлаймын. Рөлдік ойындар, коммуникативтік шағын әңгімелер, үлгі сөйлемдерге қарап шынайы диалогтар құрау -жұппен, топпен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. СТО стратегияларын қолдану, «Ыстық орындық», «Джигсо», «ментальды карта» әдіс-тәсілдердін қолдану арқылы «Сындарлы сөйлеуге ынталандыруда диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында коучинг өткіземін. Әріптестерім осындай әдістерді сабақта қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыланады деген ой қалыптасады деген ойдамын.



Не істедік, неге қол жеткіздік?" тақырыбында қоғамдастық мүшелерінен сауалнама алынып, қорытындысы бойынша мониторинг жасалынады.

Жоғарыда айтылған жоспарларымның барлығын мектеп қабырғасында жүзеге асыруда күш-жігерімді саламын және болашақта мен алдымдағы оқушыларды сыни ойлау мен шешім табу әрекеттерін ұштастыруда қол ұшымды беремін деген ойдамын.









































































Қоғамдастықтың жұмыс жоспары



Тақырыбы:

Диалогтік оқытудың тиімділігін арттыру.

Оқу мақсаты:

Диалогтік оқытуды іс- тәжірибеге енгізе отырып, тәжірибе бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру және сапалы білім жүйесін дамытуға арналған оқу кеңістігін ұйымдастыру

Күтілетін нәтиже:

Кәсіби қоғамдастық туралы ұғым қалыптасады, оқытудағы жаңа идеяларды ұсынады, диалогтік оқытуды іс- тәжірибеге енгізе отырып, оқушы мотивациясын арттырады

Жоспар

Іс-шара атауы

Мақсаты

Мерзімі

Жауапты

1

Әдістемелік бірлестік отырысы

Бағдарламаның идеясымен танысады









1 апта







Қоғамдастық мүшелері

2

Әдістемелік бірлестік мұғалімдеріне сұхбат жүргізу

Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің қажеттіліктері анықталады

3

Тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Диалогтік оқытудың әдістерін қолдануда тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізу.

4

Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу

Орта және қысқа мерзімді жоспарлауды түзуді қалыптастыру









2 апта















Қоғамдастық мүшелері мұғалімдер



5

Коучинг

«Оқушы белсенділігін арттыруда диалогтік оқытудың рөлі»

Оқушы белсенділігін арттыруда диалогтік оқытуды қолдану



6

Әдістемелік бірлестік отырысы

Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің пән бойынша қажетті деген толықтырулары ортаға салынады, ұсыныстар айтылады

7

Коучинг

Диалогтік оқыту арқылы дарынды және талантты баланы анықтау

Диалогтік оқыту арқылы дарынды және талантты баланы анықтай алады







3 апта







Қоғамдастық мүшелері

8

Ашық сабақ өткізу

Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді жоспарлайды

9

Коучинг

«Сындарлы сөйлеуге ынталандыруда диалогтік оқытудың маңызы»

</

Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру









4 апта







Қоғамдастық мүшелері

11

Мониторинг

"Не істедік, неге қол жеткіздік?", жаңа оқу жылына ұсыныстар, жоспарлар. Талдау жасау





6



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал