7


  • Учителю
  • Сын есімнің шырайлары 7- сынып

Сын есімнің шырайлары 7- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Уақыты: 22. 10

Қазақ тілі


Мұғалім: А. Егізбаева

Сынып: 7 А

Сабақ тақырыбы:

Жаттығу , талдау жұмыстары.

Жалпы мақсат:

Сын есімнің сындық қасиеттерін, түрлерін, түрлену жолдарын қайталау.

Оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру.


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі .

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, тест сұрақтары, семантикалық карта.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, формативті бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

А) Оқушылармен амандасу;

Ә) Сабақтың мақсатын, барысын айту;

- Қазір қай сабақ?

-Қазір қазақ тілі сабағы.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

«Мен қандаймын?» тренингі. Өз есімдеріне сын есімдерді тіркестіріп айту. Мысалы: Ақерке - ақылды, Жанәділ - жарасымды, Темірлан - тапқыр, Нұрқадиша - нұрлы, Адина - ақкөңіл, Ділнар - дана, Дильфуза - дидарлы.

Сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

Қызығушылықты ояту

««Мен саған, сен маған»

Сын есім дегеніміз не, сұрақтары?

Сын есімнің қандай белгілері бар?

Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Сын есім қалай түрленеді?

Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?


Талдау,жинақтау,қорыту.


Мағынаны тану

І топқа:

Сын есімдер қылқалам патшалығында

ІІ топқа:

Сын есімдер поэзия патшалығында

ІІІ топқа:

Сын есімдер проза патшалығында

IV топқа:

Сын есімдер түстер патшалығында

Топтық жұмысты бірлесе отырып орындайды, қорғайды.

«Бағдаршам» әдісімен бағалау жүзеге асырылады.


Сергіту сәті

Мына төмендегі сөздердің мағыналас сөздері қандай:
Мешкей (тойымсыз, қомағай), Кербез(сылқым), долы(ашуланшақ, ұрысқақ), кескінді( әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы, реңді), іскер (ісмер, шебер) т.б.
2. Тақтаға үш оқушы шығады. Үшеуіне үш түрлі сұраққа сын есімдер арқылы жауап беру тапсырылады. Кім көп сын есім тапса, сол жеңімпаз атанады. Мысалы:
1. Қандай оқушы? 2. Қандай киім? 3. Қандай үй?
жақсы, озат, үлгілі, тәртіпті, ақылды, өнегелі, жаман, салақ, тәртіпсіз, ұқыпсыз т.б. әдемі, таза, ұқыпты, жарасымды, ұзын, қысқа, кең, тар, кір, ескі, жаңа т.б. биік, аласа, әдемі, жинақы, таза, ескі, жаңа, лас, күтімсіз, көп қабатты т.б.


Оқушылар сергіп, демалады.

Шығармашылық жұмыс


1 - топқа: Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Терең, таяз, әдемі, семіз, ауыр, жеңіл, қара, ұзын, тәуір, қышқыл, тәтті, аласа, биік.
2 - топқа: Төмендегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасап жазыңдар:
төмен, жуас, әділ, сүйкімді, қошқыл, сылбыр, тентек, тар, боз, сұйық, ыстық, келте, ашық, түзу, қисық, салтақ, саяз, бұжыр, қоңыр.
3- топқа: Төмендегі сын есімдерден күшейтпелі шырай және асырмалы шырай жасаңдар:
Қара, аласа, бос, ауыр, келте, ащы, биік, шұбар, боз, әлді, еріншек, жақсы, тәуір, күрең, сопақ, жалпақ, қырлы.
Үлгі: жап-жалпақ. Тым жалпақ.


4 - топқа: Сапалық, қатыстық сын есімдерді бөліп жаз. Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат, жаман, жігерлі, қысқа, ұзын, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, мінезді, өнерлі, жарық, кең.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топтың спикері шығып қорғайды.

Жеке жұмыс

Сын есім

Дара

Күрд.

Нег.

Туын.

Сал. шыр.

Күш. шыр.

көкшіл

Ақ

Егінді

Суармалы

Жап- жасыл

  1. Семантикалық картаны толтыру.

  2. Морфологиялық талдау.

Қызыл- оттың,күннің рәміздік белгісі.
От та, күн де қазақтар үшін киелі.
Ант берген адам да екі оттың ортасынан өтетін болған.

  1. Тест тапсырмаларын орындау.


Қайталауға арналған тест сұрақтары.
1.Сын есімнің мағыналық түрі қанша?
А) Екеу.
В)Алтау.
С)Бесеу.
Д)Төртеу.
2.Сапалық сын есімдерді табыңдар.
А)Аппақ, сап-сары, жақсы.
В)Ақылды, ойлы, таулы
С)Ұзын бойлы, кең иықты, арқар мүйізді.
Д)Күзгі, елсіз,боранды.
3.Негізгі сын есімді табыңдар.
А)Көмірдей.
В)Жайлаудай.
С) Сары.
Д)Сүтті.
4.Туынды сын есімдерді табыңдар.
А)Жақсы.
В)Алыс.
С)Асыранды.
Д)Жасыл.
5.Етістіктен болған сын есімді көрсет.
А) Ажарлы
В) Шашыраңқы
С) Күллі
Д) Қуаныш
6.Есім сөзден жасалған сын есімді көрсет.
А) Ұрысқақ, тайғақ
В) Жабысқақ, денелі
С) Жазғы, қысқы
Д) Қызба, толық
7. «Тоғайлы» сөзі қандай сын есім?
А)Негізгі.
В)Сөз бірігуінен жасалған.
С)Туынды.
Д)Күрделі.
8.Гүл сөзін анықтап тұратын сын есім:
А)Көмірдей.
В)Әдемі.
С)Толық.
Д)Дөңгелек.
9.Қатыстық сын есім.
А)Жасыл.
В)Шырайлы.
С)Жеңіл.
Д)Дөңгелек.
10.Қатыстық сын есім қатысып тұрған мақалды белгіле.
А)Жақсы-ісімен жақсы.
В)Сулы жер-нулы жер.
С)Арулар-асыл жандар...
Д)Әсем таулар, бақша-баулар көрікті.



А,В, С, Д белгілерін үнсіз көтерулері тиіс.


Үй тапсырмасын беру

Сын есімдерді қатыстырып досыңның портретін жаса.


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

«Бір ауыз сөз» әдісімен кері байланыс тудыру.

Оқушылар ұнады, түсіндім, түсінбедім, еңбектендім, ойландым, қызықтым, таң қалдым т. б етістіктерді қолданады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал