7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему: ' Отбасы мүшелері' (3 класс)

Урок по казахскому языку на тему: ' Отбасы мүшелері' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: Отбасы мүшелеріСабақ мақсаты:1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар деген ұғымдарға тоқталу. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыра
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Отбасы мүшелері
Сабақ мақсаты:
1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар деген ұғымдарға тоқталу. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білуге үйрету.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: «Отбасы» жайлы мазмұнды суреттер, мақал - мәтелдер.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу
Үлкенге де сіз, Ата - ананы құрметтеп,
Кішіге де сіз Бас иеміз біз.
ІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
Тақырыбы: Отбасы мүшелері туралы болады.
Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.
1. Тілсіз жау. /от /
2. Мемлекеттік рәміздің бірі. /ту/
3. Еңбек құралы. /балға/
4. Ең жақын адам. /ана/
5. Уақыт өлшемі. /секунд/
6. Ырыс алды - /ынтымақ/
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы - мүшелері» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке - отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқу.
Түсінігін сұрау.
Мақал - мәтелдер «отбасы» жайлы.
1. Бала - ананың бауыр еті.
2. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
3. Өз үйім өлең төсегім.
4. «Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Дәптермен жұмыс.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сұрақ - жауап арқылы қорытындылау
1. Отбасы деген не?
2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?
3. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
4. Әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді
IV. Үйге тапсырма: 6 бет 3-тапсырма.

V. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал