7


  • Учителю
  • Факультатив: 'Тіл тағылымы'6 класс

Факультатив: 'Тіл тағылымы'6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Құмсай орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәніннің мұғалімі

Улукпанова Маргарита Маратқызы

«Тіл тағылымы»

арнаулы курс бағдарламасы

(6класс)

«Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар»дейді қазақ даналығы. Адам баласының тілге ,сөз қадіріне соншалықты мән беруі тегін емес.Өйткені, саналы тіршілігіміздің бірінші белгісі тіл.

Ойымыз тіл арқылы ,сөз арқылы жетеді,сондықтан да ауызекі сөздің кәдесіне қалған тіл өлі болмақ.Қазақ халқы сөздің құдіретін,сөйлеу мәдениетін жоғары қойған.Адам баласы бір-бірімен тілдескенде мына қабілеттер игере білуі тиіс: басқаны таңдай білу,байқампаздық,тіл мәдениетін сақтау сөйлесіп тұрған адамыңа сеніммен қарау,сыпайлық сақтау.Сөйлеушінің тыңдай білу де, түсіне білу де үлкен өнер.

Тіліміздегі мыңдаған сөздерден ойға лайықты сөзді таңдап,оны басқа сөздерге тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау оп-оңай іс емес.Оған ұқыптылық,сауаттылық қажет және үнемі жаттығу керек.Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді, көркем әдебиет пен баспасөз материалын көп оқыған кісінің сөздік қоры бай,ойын дәл жеткізуге икемді болады.Тартымды сөйлеуге ,жазуға жаттығу үшін газет-журналдарды,әсіресе көркем әдебиетті көп оқу қажет.Көркем әдебиеттердің басқа әдебиеттерден айырмашылығы-оның көркем стилінде.Көркем әдебиеттердің басқа әдебиет тілінің бір ерекшелігі- онда жансызға жан бітіріп айтады.Суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін көрікті, сұлу сөздерді қосып айтады.

Көркемсөз шеберлерінің көпшілігі тілдік элементтерді авторлық баяндауларында қолданылады.Әсіресе персонаж тілінде орынды қолданылған ондай тілдік элементтер көркем туындының нәрін келтіріп, оған образдық мән беріп тұрады.Лексика- грамматикалық тұрғыдан тіркеспейтін сөздер бір-бірімен байланысқа түсіп,белгілі бір мән мәтіндік тұтастық құрайды.Соның негізінде соны ой,көркем сурет туады.Көркем шығармада олардың өз ерекшелігі бар.Олар мән мәтіндегі элементтердің жеке тұрғыдағы сипатынан ғана емес, түгел мән мәтін ансамлінен көрініс береді.

Мақсаты:

  • Оқушының сөздік қорын молайту,тілін дамыту.

  • Тілдің қызметі туралы мағұлмат беру

  • Сөздің мағынасын саналы түсініп,сөз өнерінің қыр-сырына тәнті болып, тілдің адам өміріндегі мәнін ұғындыру.

  • Сауатты жазуға,мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.


Міндеттері:

-Қазақ тілінің шығу тарихымен таныстыру.

-Танымдық қызығушылығын ояту.

-Тіл туралы қосымша мәліметтер бере отырып, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

-Өркениетті елдің өскелең ұрпағына лайық терең білім,тәлімдік тәрбие беру.


Күтілетін нәтиже:

-Тіл адам өміріндегі негізгі құрал.

-Әдеби шығармаларды көп қолдану

-Шешендік сөздердің түп-төркіні.

-Сөз талас айтысқа қатысу

Әдемі,көркем сөйлеу.

Пайданалған әдебиеттер:

Қазақ тілі мен әдебиет 2.2006.

Қазақ тілі /оқулық -тест-Шың баспасы/

Қазақ тілі Т.М.Артымов

Сабақтың тақырыбы

Мақсаты

Мазмұны

Қолданылатын

әдіс-тәсіл

Сағат саны

1

Тәрбие басы-тіл

Тілді құрметтеп бағалай білу

Тіл адам өміріндегі негізгі құрал

Баяндамалар және қосымша материалдар

1

2

Қазақтың әдеби тілі

Халқымыздың әдеби тілімен танысу

Қазақ әдеби тілінің кең мағынасына оқушыға ұйыта түсіндіру

Әдеби шығармалардан үзінді

1

3

Қазақ тілі -ұлттық мәдени асыл мұра

Қоғамда оқушы өз ана тілі- қазақ тілін биік мәртебеде таныта білу

Қазақ тілінің бай мәдени мұраларымен оқушыға тәнті ету

Ұлы жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділерден шолу жасату

1

4

Тіл-рухани қазына

Тіл руханилығын ашу

Асыл мұратымыз- тіл руханилығын меңгеру

Тарихи деректерден мағұлматтар жасақтау

1

5

Сөз-қолданудың негізгі принциптері

Сөйлеу этикетін дамыту

Қоғам алдында оқушылардың

Карточкалармен және диалог тақырыптармен жұмыс жасау

1

6

Әдеби тілдің гармматикалық нормалары

Әдеби тілдің грамматикасын сақтау

Әдеби грамматикалық нормаларымен толық таныс болу

Әдеби грамматикалық нормалармен жұмыс

1

7

Дұрыс сөйлеу, дұрыс жаза білудің шарттары

Сауаттылыққа үйрету

Мақалдап сөйлеу және орфографиялық норманы ұстау

Кеспе қағаздармен жұмыс

1

8

Сөлеу мәдениеті

Қоғам алдында сөйлеу манері

Қарым-қатынас тіл мен қоғам алдында сөйлеу манерін молайту

Газет-журналдардан алынған мағұлматтармен жұмыс

1



9

Тіл мәдениеті

Сыпайы және кішіпейілділікке жаттықтыру

Қарым-қатынас тілі сөйлеу мәдениетін ұстану

Шығармалардан үзінді

1

10

Жазу мәдениеті

Сауаттылыққа үйрету

Қоғам алдында немесе іс-қағаздар тотырудағы жазу сауаттылығын арттыру

Диктант түрінде немесе диктафоннан айтылған сөздерді парақ бетіне түсіп жаттығу

1

11

Тіл ұстарту

Әдеби шығармаларды көп қолдану

Әдеби шығармалардың мазмұнын білу

Шығармалар

2

12

Сөз.Сөз құрамы

Сөздік құрамды қолдану

Одағай мен атауыш,көмекші сөздермен жұмыс жасау

Сызба нұсқалар

1

13

Синоним сөздерін орынды пайдалана білу

Синоним сөздердің ара жігін ажырата білу

Синоним сөздермен жұмыс жүргізу

Синоним сөздерге қатысты қатысты карточкалармен жұмыс

1

14

Тұрақты сөз тіркестерін пайдалана білу

Сөз тіркестерімен тұрақты сөз тіркестерін көбірек қолдану

Тұрақты сөз тіркестерімен көбірек жұмыс жасап,ажырату

Мысал келтіру

1

15

Мақал-сөздің мәйегі

Күнделікті өмірде мақалдап сөйлеуге дағдыландыру

Көркем сөздің бірі -мақал жайында толық мағұлматтар

Мақал-мәтелдер

1

16

Шешендік сөздер туралы ұғым

Шешендік сөздердің түп-төркінімен танысу

Шешендік сөздердің мазмұнын жетік білу

Шешендік сөздер

1

17

Ұлттық шешендік өнер

Ұлттық шешендік өнерлермен хабардар болу

Қазақ елі шешендік өнерге қаншалықты бай екендігіне көз жеткізу

Шешендік сөздер

1

18

Тіл-қатынас құралы

Тілді қатынас құрал ретінде қолдана білу

Тіл-адам өміріндегі қатынас құрал

Диалогтар немесе пікірлерді оқыту

1

19

Қисынды сөйлеуге жаттықтыру

Оқушының тіл байлығын арттыру

Сөз тапқырлығын және шебердігін молайту

Жаңылтпаштар мен пікірлерді оқыту

1

20

Қанатты сөздер

Шешендердің ұлы жазушыларымыздың қанатты сөздерін пайдалану

Қанатты сөздерді күнделікті өмірде қолдануларына ықпал тигізу

Ұлы Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерінен қанатты сөздерді өз сөздігіне енгізу

1

21

«Туған тіл-тұғырым»шығарма

Сауаттылығымен тәл байлығын арттыру

Туған тілі туралы жинаған мағұлматтарымен танысып, сөздік қорын байқау

Шығарма жазғызу

1

22

Ойталқы,ойкөкпар,сөз талас,айтыс

Оқушыны сөз талас айтысқа дайындау

Ой түпкіріндегі тіл байлығын аша білу

Оқушыны бір-бірімен айтыстыру

2

23

Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолдана білу

Тура және ауыспалы ,көп мағыналы сөздерді ара-жігін ажырата қолдануға үйрету

Көп мағыналы сөз бен ауыспалы сөздің жасалу жолы ұқсас болғандықтан ажыратуға үйрету сауаттылығын арттыру

Тура және ауыспалы,көп мағыналы сөздерге қатысты мысалдар келтіріп жаттықтыру

1

24

Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдер

Мақалдап сөйлеуге үйрету

Сөз бен тіл мақалдарын жатқа білуге дағдыландыру

Тіл мен сөзге қатысты мақал-мәтелдер жаттатқызу

1

25

Тіл ұстарту

Әдеби шығармаларды көп қолдану

Әдеби шығармалардың мазмұнын білу

Шығармалар

2

26

Көңілден шыққан көрікті сөз

Әдемі,көркем сөйлеуге үйрену

Көркем сөйлеудің мәні

Шығармалардан әздену

1

27

Тілдің өмір салаларындағы қазіргі көрінісі

Тілдің қазіргі көрінісі

Қазіргі тілді салыстыра білу

Газеттерден материалдар жинау

1

28

Сөздер өмірінен

Сөздерді қолдана білудің шарты

Сөздердің мағыналарын ажырата білуге тәрбиелеу

Ойдан мысалдар немесе бір материалдардан үзінді

1

29

Тіл ұстарту

Әдеби шығармаларды көп қолдану

Әдеби шығармалардың мазмұнын білу

Шығармалар

2

30

Қайталау

Өткен сабақтар бойынша қаншалықты дәріс алғанын тексеру

Тілді жалпы қолдану және дұрыс жазуға үйрету

Жыл бойы өткен тақырыптарға шолу жасау

2




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал