7


Жыл бойы өткенді қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: сыныбы: 7

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау.

Мақсаты: Білімділік. Білім алушылардың жыл бойғы білімдерін бекіту, мазмұндарын ашу, бар білімдерін дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық. Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту, жыл бойы өткен тақырыптарын қайталау арқылы барлық білім, іскерлік, дағдыларын арттыру, әнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, ән сабағы.

Көрнекілік: үлестірмелі карточкалар, гүлдер.

Сабақ типі: Дәстүрсіз.

Сабақ түрі: шығырмашылық бағыттағы жарыс сабақ.

Әдістер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талқылау, жарысу, оқу, жапсыру, тексеру, аудару.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы, мақсатын таныстыру, сабаққа назарларын аудару.



Топқа бөлу. Балалар тақта алдына шығады. Мұғалім сандықша көрсетеді. Сандықшада екі түсті жетондар берілген, соны әр бала бір-бірлеп алады. Қай түс берілсе - сол түске қатысты топқа отырады.

Бірінші топ - қызылдар

Екінші топ - сарылар.

Әр кезеңге дұрыс жауап үшін жетондар беріліп отырады.



Бәйге кезеңі. Тіл біліміне байланысты сұрақтар беріледі. Соған топ болып жауап береміз.

Бірінші топқа:

  • Лексика нені зерттейді?

  • Сөздің неше мағынасы бар?

  • Жазылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерді не дейміз?

  • Синоним деген не?

  • Антоним деген не?

  • Тұрақты сөз тіркестері дегенімпіз не?

  • Сөздердің байланысу түрлерін атаңыздар

  • Анықтауыштың сұрақтары?

  • Толықтауыштың сұрақтары?

  • Екінші топқа:

- Морфология нені зерттейді?

- Үстеулердің түрлері, сөйлем ішінде қандай сөйлем мүшесі болады?

- Атаулы сөйлем дегеніміз не?

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне не жатады?

-Баяндауыш пен бастауыш арасында сызықша қандай жағдайда қойылады?

-Пысықтыауыштың сұрақтары

-Сөздің тура мағынасы?

- Табу дегеніміз не?

- Мақал-мәтелдерге тән ерекше қасиеттер?

-Сөздің ауыспалы мағынасы?



«Жалғасын тап» кезеңі. Мен мақал айтамын, жалғасын сіздер айтасыздар.

Мектеп - кеме, білім -теңіз

Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын.

Тіспен түйгенді тіл шешеді.

Сөз - сиқырлы құрал, жақсыны да, жаманды да жасай алады.

Ой қаруы - тіл, тіл қаруы - сөз.

Құнды сөз құнарлы ойдан туады.

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Қарумен жеңіп алған жер - тұрақсыз, қаламмен жеңіп алған ел мәңгілік.

Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі.



«Сөздік қор» кезеңі.

Екі топтан екі бала шығады да, карточкалардағы тапсырмаларды орындайды. Қай сөз табы болса, сол сөз табы бойынша сөздер айтып, жарысады. Уақыт жылдам, тежелуге мүмкіндік берілмейді.



  • Зат есім

  • Сын есім

  • Етістік

  • Үстеу



«Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңі. Табу дегеніміз - халықтың наным-сенімі бойынша және салтына байланысты айтуға болмайтын сөздердің орнын алмастырып айту. Ендеше, қазір екі топтап екі адам шығады, екеуі табу сөздер айтып жарысады.



«Сөздің көркі - мақал» кезеңі. Екі топтан екі баладан төрт бала шығады, мақал айтып жарысады. Тежелу деген болмайды.



«Өлең сөздің патшасы» кезеңі. Екі топтан екеуден төрт өлеңді жатқа айту.



«Ән - көңілдің ажары» кезеңі. Отан, жер, ел туралы екі әнді екі топ үзіндісімен айтады.



«Полиглот» кезеңі. Суреттер көрсетіледі, балалар ол суреттің атауларын үш тілде айтады.



Қорытынды кезең.

Рефлексия

«Тілек айту» соңғы кезеңі. Екі топ бір-біріне тілек айтады.

Жеті кезеңге гүлдің жеті жапырақшасын скочпен тақтаға жабыстырып отыру арқылы, әр топ өзінің әдемі гүлін жасайды.

Бағалау. Әр кезеңге жинаған жетондарын санап, жеңімпаз топты анықтау.



Үйге тапсырма беру: «Мектебім - алтын ұям» деген тақырыпта шығарма жазып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал