7


Сан есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сан есім- заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі а
предварительный просмотр материала

КГУ «ОШ №190 имени Шакарима Кудайбердыулы»


Тема урока: «Сан есім»

Учитель казахского языка: Мусина Ляйля Гусмановна



г. Алматы -2015 год.


Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сан есім туралы оқушыларға түсінік беру. Сан есімнің

Тәрбиелік: Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелілік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Дамытушылық: Сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: : «Ой шақыру», «Сұрақ қою»
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сәлемдесіп, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
Зат есім дегеніміз не?

Суретпен жұмыс : Заттарды атап шық

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық,

Демалып біз алайық.


ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.

IV Оқушылармен жарысты өткізу

Оқушыларды 2 топқа бөлу
І топ
Сан есім түрлерін атаңыз
ІІ топ
Сан есімнің түрлеріне толық мағлұмат беру

І топ
Сұраққа жауап беріңіз.

- Бір жылда неше ай бар?

- Бір айда неше апта бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бір тәулікте неше сағат бар?

- Бір сағатта неше минут бар?

- Бір минутта неше секунд бар?

- Бүгін қай күн?

- Қазір қай мезгіл?

ІІ топ

Сұраққа жауап беріңіз.

Сен қай жылы дүниеге келдің?

- Мен ......... тудым.

- Сен қай үйде тұрасың?

- Мен ......... тұрамын.

- Сен нешінші курста оқисың?

- Мен ........... курста оқимын.

- Сабақ нешеде басталады?

- Сабақ ……. басталады.

- Сабақ нешеде аяқталады?

- Сабақ ............. аяқталады.

- Сенің телефонның нөмірі қандай?

- Менің ұялы телефонымның нөмірі - ... …….

Екі топқа арналған тапсырма

Суретке қарап сандарды атап шығыныз

V . Қорытындылау
"Сан есім" тақырыбын бекіту
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал