- Учителю
- Компетентностно - ориентированные задания по казахскому языку
Компетентностно - ориентированные задания по казахскому языку
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: А.Б. Арекова
Б.Блум таксономиясы негізінде қазақ тілінен құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған диагностикалық тапсырма.
Тақырыбы: Мәдениет. 10-сынып
Құзіреттілік : коммуникативтік,әлеуметтік, ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу.
Мақсаты: мәтіннің желісі бойынша өз пікілерін білдіру, өмірмен байланыстыра отырып, құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыру.
Мәдениет
Мәдениет өркениеттің басты көрсеткіші. Дала өркениетінің төл перзенті қазақ халқы эпостарға бай. Көне мәдениет Орталық Қазақстанда біздің жыл санауымыздан бұрын V ғасырда пайда болған. Байтақ даланы қақ жарып, Шығыс пен Батысты қосатын Ұлы Жібек жолы мәдениет жолы болғаны да күмән тудырмайды. Киіз үй, арба,дала күнтізбесі, аңдар, айшылықталған көне туындылары, ел басқару өнері, түркілер шыңдаған әсери өнер, өзіндік алфавит, 5000 мың күй мен аңыз Дала өркениетінің өзіндік қолтаңбасы бар екенін танытады. А. Нерудің «Дала перзенттері Еуропаны шапты да, цивилизациялады», деуі осыдан.
Жаңа тәуелсіздік дәуірі қазақтың ұлттық мәдениетін мемлекеттік деңгейге көтерді. Ол көп ұлттық сипаты бар Қазақстан мәдениетінің өзегіне айналды. Ұзақ жылғы қуғын сүргін зобалаңынан (67сөз)
1-деңгей. Білу
Мақсаты: оқыған материалды еске сақтап , қайталап айтып беру.
Етістік : еске түсіру, қайталау, әңгімелеу, ұсыну.
1.Мәдениет түрлері және оның ерекшеліктері.
2-деңгей. Түсіну
Мақсаты: ережені түсіну , нәтиженің келешегін болжамдау.
Етістік: талқылау, түсіндіру, әңгімелеу.
1.Көмекші есімдердің қолдану тәсілдері.
2. Келешекте ескерткіштер қандай болады, оның сипаттамасы.
3-деңгей. Пайдалану
Мақсаты: тақырыпты жаңа жағдайда пайдалану.
Етістік: орындау , пайдалану, айналысу.
1.Мәдениеттің дамуы.
4-деңгей. Талдау
Мақсаты: өрбу логикасындағы жіберілген кемшіліктерді көре білу.
Етістік: үміт арту , салыстыру.
1.Мәдениет болашақта қандай болмақ ?
5-деңгей. Жинақтау
Мақсаты: проблеманы шешу жобасын жасау.
Етістік: әзірлеу , ұсыну, жасау.
1.Әр түрлі сауда тәсілдерін іске қосу.
6-деңгей. Салыстырмалы бағалау.
Мақсаты: тақырыптың құндылығын бағалау.
Етістік: бағалау , баға қою , анықтау.
1.Халықтың мәдениет дамуына көзқарасы,халыққа қызмет көрсету
Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары.
Білу
Түсіну
Қолдану
Қай жылдары болды?Қалай дамыды? Атап көрсетіңіз.
Не білдіңіз?Өзара байланысын өз сөзіңізбен айтыңыз.
Құбылыстың негізін түсіндіріңіз.Себебін талдаңыз.
1-2
3-4
5-6
Талдау
Топтау
Бағалау
Топтастырыңыз.Салыстырыңыз.Себебін талдаңыз.
Өз шешіміңізді көрсетіңіз.Жүйелеңіз.
Жетістіктерін анықтаңыз.Қаншалықты дұрыс.Өз ойыңыз.
7-8
9-10
11-12
Бағалау : 1,2,3 деңгей-«3»; 4,5 деңгей-«4»; 6 деңгей -«5».
1.Құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар. Пән: қазақ тілі 10-сынып
Тақырыбы: Менің туған күнім
2.Құзіреттілік: ақпараттық,коммуникативтік,проблеманы шешуін табу ,әлеуметтік, ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу (жазбаша қатынас, мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір, диалог құру, өнімді топтық қатынас, мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айту ).
3. Құзіреттілікті қалыптастыратын тапсырмалар:
1.Тапсырма:
Менің туған күнім
Менің атым-Алуа .Мен 16 жастамын.Менің туған күнім 10 қазанда. Мен туған күніме достарымды,құрбыларымды, мектептегі сыныптастарымды шақырдым.Туған күнге орай мен дастарқан басында аппақ көйлекте отырдым. Анам туған күніме қазақтың ұлттық тағамы дәмді бесбармақ әзірледі. Достарым туған күніме түрлі сыйлықтар сыйлады. Әкем мен шешем маған «Қыздар энциклопедиясы» кітабын сыйлады.Әпкем маған «Ертегі» кітабын сыйға тартты.Сыныптастарым маған ұнтаспа сыйлады.Туған күнімді достарыммен,
сыныптастарыммен өте көңілді тойладым. (68сөз )
-
Мәтінге сұрақтар құрастырып жазыңдар.
1.2 Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.
1. Сыйладым, мен, досыма, кітап.
2. Дүкеннен, әкелдім, сатып, нан.
3. Барамын, сағат, мен, сегізде, мектепке.
4. Оқимын ,кітабын, мен, ертегі.
5. Досыма, мен, дайындадым, сыйлық.
1.3 Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңдар.
День рождения, друзья, подарки, национальные блюда.
1.4 Туған күн , сыйлық сөздерін септеңдеңдер
1.5 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып , туған күнге тілек құрастырып
жазыңдар.
Құттықтаймын , зор денсаулық , ашық аспан , өмірдегі барлық жақсылықты, ұзақ өмір,
оқуда табыс, тілеймін.
4. Білім дағдысын және біліктілігін анықтайтын сұрақтар.
Берілген мәтінді оқып (сөздік жұмыс ) түсінгенін көршіңе орысша түсіндіріп бер .
Берілген мәтін бойынша сұлба жаса.
5. Сілтеме: қазақ тілі 6-сынып оқулығы Артыкова А.Т. ,Қыстаубаева Ж.Н. ;электронды оқулық, казахский язык для всех А.Ш.Бектурова, Ш.К. Бектуров ;қазақ тілі анықтамасы
Б.Қ.Қапасова.
6. Тапсырма орны: жұмыс дәптері.
7. Бағалау жүйесі ( құралы ):
Көрсеткіш алгоритмі-2 бал
Тапсырмалардың толық орындалуы-3 бал
Сауатты грамматика заңдылықтарын орнымен қолдану-2 бал
Таза жазылған тапсырма-1 бал
Ең жоғары бал-8 бал
«5» бағалау 7-8 бал-«5»
5-6 бал - «4»
3-4 бал -«3»
-
бал -«2»
8.Тапсырманы тексеруші мұғалім : А.Б. Арекова