7


  • Учителю
  • 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай Ойлы болсаң, озып көр! сайыс (5-6-сынып аралығында)

22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай Ойлы болсаң, озып көр! сайыс (5-6-сынып аралығында)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын



«Ойлы болсаң, озып көр!»

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. 1989 жылы қыркүйектің 22 Тіл туралы заң қабылданды. Осы күн сол кезден бастап Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі болып аталып келеді. Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Біз де бүгін осы тіл мерекесіне байланысты «Ойлы болсаң, озып көр» атты интеллектуалдық ойын өткізейін деп отырмыз.

Сіздерге тілдер мерекесіне қош келдіңіздер деймін! Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал Жалтыр мектебі білім үйіміз.

Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады.

Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділ-қазылармен таныстырайық:

1. Базылбаева Э.Е. - оқу ісінің орынбасары.

2.Андасова А.Қ. - қазақ тілі мұғалімі.

3.Жексенова А.С. - әдістеме бірлестігі жетекшісі.

Топтар өздерін таныстырады: І топ «__________», ІІ топ «_________».

Бірінші кезең «Сөз тапқанға».

Қазір сендер әріптер аласыңдар. Әр топқа сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң болуы тиіс.

І топ сұрақтары. Ө,Қ,Т.

1. Бүгін қандай күн?

2.Сен қайда тұрасың?

3.Жазда қайда болдың?

4.Нені жақсы көресің?

5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?

6.Қай пән ұнайды?

7.Досың көп пе?

8.Сенің сүйікті ақының?

9.Немен саяхат жасайсың?

ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ,С.

1.Сенің калаң қандай?

2.Кім болғың келеді?

3.Нені ұнатасың?

4.Қандай құсты білесің?

5.Қандай фильм көрдің?

6.Жақсы көретін күнің?

7.Күз мезгілі ұнай ма?

8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?

9.Саған қандай тағам ұнайды?

Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.

Бұл сөзден 1минутта бірнеше сөз құрау.



Үшінші кезең «Сен білесің бе?» Тақтадағы түрлі-түсті торкөздердің астында сұрақтар жасырылған. Әр жауап 5 балмен есептеледі.

І топ

1. Қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз?

2. «і» қандай дыбыс?

3.«Ұлан-байтақ» сөзінің синонимін тап.

ІІ топ

1. Қазақ халқының данышпан ақыны?

2. «Отан» сөзінің синонимін тап.

3. «Ө»қандай дыбыс?

Төртінші кезең «Кім жылдам?». Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

Жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық, доп, сызғыш, гүл,

кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз, сабақ, маймыл, қолшатыр.

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал