7


  • Учителю
  • Түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау

Түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 08.11.2016

Сынып: 5 «А», «Б», «В»

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түскі ас

Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.

тәрбиелік - денсаулықтың кепілі- дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.

дамытушылық- Мәтін мен мақал- мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі- дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі- Білім мен іскерлікті қалыптастыру

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар- белсенді тақта, оқулық, жеке тапсырмалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекшілер диалогі:

- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?

-Қазақтың ұлттық тағамдары қандай ?

- Таңғы ас туралы қандай мақалды белесің ? т.б.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сөздер мен ереже жаттау 4-тапсырманы сұрау.

4. Жаңа сабақ

ә/ Мәтінмен жұмыс 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Ағза сау және күшті болу үшін тағамның құрамы түрлі болу керек. Ас ішер алдында қолыңды жу. Ал тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды, өйткені сенің ағзаң да алаңдайды. Тағамды асықпай, әбден шайнаған жөн. Тамақтанған кезде тоюға бір-екі қасықтай қалғанын сезген кезде тоқтаған дұрыс. Ергер осыдан кейін бес минуттай күтсең, тойғаныңды сезесің. Артық тағаммен ағзаның жүгін көбейтпеген дұрыс.

ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1)Ағза сау және күшті болу үшін не керек?

2)Тамақтану кезінде не істеуге болмайды?

3)Тағамды қалай жеу керек?

4)Тамақтанған кезде қашан тамақ жеуді тоқтатқан дұрыс?

5)Тойғанынды қашан сезесің?

2. Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын ажыратып жазыңдар.

Тағамның, алдында, ағзаң, сезесің, ағзаның.



2-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жазыңдар.Ауыспалы осы шақта тұрған етістіктің астын сызыңдар,жасалу жолын түсіндіріндер. Сын

есімі бар сөз тіркестернін бөлек теріп, қандай сұраққа жауап беретінін анықтаңдар.

Адам(...) көбі таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенмен, түскі асты көбіне асханадан ішеді.Күндізгі тамақтану адам(...) қанша күш жұмсайтынына байланасты болу керек. Егер жұмыс (...) басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі аска баса мән беруіміз керек.



3- тапсырма. Диалогті сұрақтармен толықтырып өзара сөйлесіңдер. Түскі ас қандай болу керек?

-...?

-Тәуеліктік ас мәзірі әртүрлі боуы керек.

-...?

-Тамақтану барасында адам өзінің ас қабылдау қабілеті мен көңіл күйіне назар аудару керек

-...?

-Түскі ас мәзірі;

Брінші тағам - ыстық сорпа немесе борщ

Екіншіге-ет , балық немесе көкөніс тағамы

Үшіншіге шай,кисель,шырын

-...?

-Түскі астың алдында тәбет ашу үшін «Винегрет» салатын жейді





V. Бағалау

- Балалар, сабақтың басында қойылған мақсаттарды тағы бір есімізге түсіріп алайық.

- Енді өздерің айтыңдар, біз осы мақсаттарға жеттік пе?

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

- Жақсы, рақмет! Ал, әр оқушының өз бағасын тыңдайық.

VІ. Үйге тапсырма

- Сөздерді жаттау, 63 бет 4-тапсырма (жазбаша орындау)

- Жарайсыңдар, барлықтарыңа рақмет! Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал