- Учителю
- Дауысты дыбыстар.Жуан және жіңішке дауыстылар.Ашық сабақ
Дауысты дыбыстар.Жуан және жіңішке дауыстылар.Ашық сабақ
</<br>
Қазақ тілі
Уақыты: 13.01. 2017
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
Дауысты дыбыстар.
Жуан және жіңішке дауыстылар
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар
а) Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай
кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін
бекіту
ә) Тілдік - эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмыс
барысында адамдық қасиеттерін дамыту,ұлттық рухты бойларына сіңіру
;
б) Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді
ойлау қызметтерін жандандыру.
Сабақтың түрі : Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі : сатылай кешенді
талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе
қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
«1» дегенім - жаман баға
Алады оны жаман бала
«2» дегенім - нашар баға
Інішегім нашарлама
«3» дегенім - орта баға
Алады оны орта ғана
«4» дегенім - жақсы баға
Алады оны жақсы бала
«5» дегенім - үздік баға
Оқитын бол үздік қана!
Үй тапсырмасын сұрау
1.Фонетика нені зерттейді ?
Диалекте сөздер дегеніміз не?
2.Қандай мәселелерді қарастырады?
Антоним дегеніміз не?
3.Тіл дыбыстары қалай жасалады?
Синоним дегеніміз не?
4.Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?
Омоним дегеніміз не?
5.Әдеп дегеніміз не?
6.Қазақ әліпбиіне тән әріптерді атап бер
7.Жаңа сөздер дегеніміз не?
8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?
Мағынаны тану
Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды
дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар :
а,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып
бөлінеді.
Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған
дауыстыдыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан даысты дыбыстар
мыналар : а,о,ұ,ы,у.
Тіл ілгері қарай,созылу арқылы жасалған дауыстыдыбыстарды
жіңішке дауыстылар дейміз.
Жіңіщке дауысты дыбыстар мыналар : ә,ө,ү,і,е,э,и,у
Қазақтың топ сөзіндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай
жуан,не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар
құрамындағы дауыстылар да осы заңға бағынады.
Тек кірме сөздерде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым
сақтала бермейді.Мысалы : кітап (араб сөзі )
Ескерту : у дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар
тобына жатады.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
240 - жаттығу
Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі рет сызыңдар.
Ішіне тамақ салынған, Әкесі - тышқан,
Есігі тастай жабылған Шешесі құстан
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең - қанат, сүті дәрі,
Еті тамақ
241 - жаттығу
Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.
Ашу,білу,қазу,сену,жазу, қу,беру,жолығу,кезу,сызушы,жу,көну, тану, ілу, шешу, тігу, жолығу, уақ, уыс, уық сену, төгу, тесу, тору,тоқу, жу, қону, қосу, кесу, уыз,білу, бірігу, көну, көру, оқу, сөгу, төгу.
242 -жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңіздер.
1 - БІР
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті:
«Тойдым»,-деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
2-ЕКІ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр К2лік:
-2леніп с2ріп,
Алып қапсың «2лік».
2ншілей «2ңді»
Көрсетпе!-деп ж2ді.
К2рейіп баласы,
2ленбей таласып,
«Жоймасам ба 2мді!»
Деп б2нген с2лді.
1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Жуан дауыстылар дегеніміз не?
4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын тарату
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс