- Учителю
- Урок 'Ы. Алтынсарин' (10 сынып)
Урок 'Ы. Алтынсарин' (10 сынып)
Сынып, күні: | 10 сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Ы.Алтынсарин «Әке мен бала» |
Сабақтың мақсаты: |
|
Сабақтың әдісі: | Түсіндірмелі, баяндау,пікірлесу, сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері,ой қозғау
|
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ |
Сабақтың кезеңі: | Сабақтың барысы |
Ұйымдастыру:
Сұрақ-жауап:
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ: | Амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу.(смайликтер арқылы) топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.
Сұрақ- жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Үш топқа рет-ретімен тұрған қағазды беріп, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын класстер арқылы айтып беріңдер) 1841 - Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды. 1850 - Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі. 1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы 1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы. 1860 - Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде оқытқан жылы. 1864 - Мектептің қаңтар айында ашылған жылы 14 - Сол мектепке қабылданған бала саны. 1876 - Петербург, Қазан қалаларына барған жылы 1876 - «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы 1879 - Орынборда хрестоматияның басылған жылы 1889 - қайтыс болған жылы. «Әке мен бала» әңгімесі Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп. Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біткеннен соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың - деді. II.Мағынаны ашу. /бағытталған оқу стратегиясы/ Әр оқушы осы әңгімені таспа арқылы тыңдап, топпен бірге өз ойларымен бөліседі. (топпен жұмыс).Содан соң осы мәтін бойынша сұрақтар құрастырып,бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, үшінші топ бірінші топқа сұрақ қояды. (Диолог) «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы. Осы тапсырмада бірінші топ әкенің бойындағы қасиеттерді жазады, екінші топ баланың қасиеттерін жазады, ал үшінші топ әңгіменің басты идеясын жазады. 1топ 2 топ 3топ Үлкен кісі Жас бала еңбектену Тағаны алады алғысы келмейді жалқау болмау Ақылды адам ақылсыз бала үлкенді тыңдау Шие сатып алды сатып алмады Еңбектенді еңбектенген жоқ Мұғалім: Мәтіннің ішінен мақал- мәтелді тауып, мағынасын ашыңдар. «Аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың». Әр топ өз ойын қағаз бетіне жазып, талдайды. III . Ой толғаныс «РАФТ» стратегиясы Ыбырайдың «Әке мен бала» әңгімесіндегі бір кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған/ |
Бағалау: | Топ басшылары бағалау парағын алып, топ оқушыларына қойған бағаларын айтады. |
Үй тапсырма: | «Әке мен бала» әңгімесін рөлге бөліп ойнау |