7


  • Учителю
  • Урок казахского языка в 8 классе

Урок казахского языка в 8 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Түркістан (мәтінмен жұмыс). Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.Дамытушылығы: Ойын арқылы мәтінді бекітіп, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелігі: Еліміздің қасиетті, киелі жерді сақтап қалу
предварительный просмотр материала

Урок казахского языка в 8 классе


Калкабаева Э.К., учитель казахского языка и литературы школы-гимназии №17 г.Актобе


Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Түркістан (мәтінмен жұмыс).


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Түркістан қаласы туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы: Ойын арқылы мәтінді бекітіп, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Еліміздің қасиетті, киелі жерді сақтап қалу туралы тірбиелі әңгіме айту.


Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап,

Сабақтың көрнекілігі: презентация, видеоролик, клип.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу.

- сабақтың барысын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Жаңа сабақ.

Эпиграф

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ..

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның көне қалаларының бірі - Түркістан қаласының тарихымен танысып, алған білімдерімізді интерактивті ойын арқылы бекітеміз. (Мұғалімі эпиграфты оқиды). Оқушылар назарына Түркістан қаласының киелі жерлерін баяндайтын ән (Р.Рымбаева) мен видеоролик көрсетіледі.

2. Сөздікпен жұмыс (интерактивті тақта арқылы).

- мұғалім сабақта кездесетін жаңа сөздермен таныстырады;

Ғибадатхана - молитвенный дом

Кесене - мавзолей

Шаһар - город

Ежелгі - древний

- мұғалім оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды;

- сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

М: ежелгі қала

Түркістан - ежелгі қала.

3. Мәтінмен жұмыс (Түркістан қаласы туралы презентация жасалады).

Түркістан - Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. ХІІ - ХІ ғ.ғ. Түркістан қаласы Шабғар, Яссы деп аталған. Орта ғасырларда ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болған. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген.

Қазір Түркістан тариха және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесесне сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қаланың көне тарихынан сыр шертеді. Кесесне отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Қазіргі кезде архитекторлар кесенеге өте жоғары баға беріп отыр. Қасиетті Түркістанның әсем, тамаша жерлері өте көп. Бүгінгі Түркістан - туристердің назарын аударып отырған қала. Түркістан қаласында туризмнің дамуына мүмкіндіктер мол. Бұл тарихи жер мыңдаған ғасырлар бойы еліміздің, халқымыздың талай құпияларын сақтап келеді.

- оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

- тақтадағы кластерді толдырады;

- қысқаша әңгімелейді.

3. Мәтінді ойын арқылы бекіту.

Сұрақтарға жауап беріндер - тақтадаға жасырылған 7 сұрағы бар слайд шығады, оқушылар бір санды таңдап, мәтін бойынша сұраққа жауап береді. Слайдтағы суретті қаламмен түрту арқылы сұрақтың дұрыс жауабы тексеріледі. Слайдтағы белгіні қаламмен түрту арқылы ойынның сұрақтарына ораламыз.

Сұрақтар: Қай ғасырда Түркістанға жаңа атау берілді?

Қасиетті Түркістанды қалай атаған?

Кесене кімнің атымен аталған?

Бүгінгі Түркістан қандай қала?

4. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатын 4 бөлімнен тұратын (суреттер, синонимдер, орфография, тарихи кезеңдер) тапсырмалар беріледі.

Ойын шарттары: оқушылар бір бөлімді таңдайды. М: суреттер 10

1 бөлім «Суреттер» деп аталады. Бұл бөлімде жасырылған 3 сурет берілген, әрбір суреттің өз ұпай саны (10,20,30) бар. Оқушылар бір суретті таңдап, суретте не бейнеленгенін атап айту керек.

Жауап: 10, суретте тайқазан бейнеленген.

2 бөлім «Синоним»

Бұл бөлімде оқушылар таңдаған сөздің синонимін атау керек. Оқушылар жауабын айтқаннан кейін дұрыс жауап тексеріледі. Суретті қаламмен түрту арқылы тақтада дұрыс жауап шығады. Тапсырмада берілген сөздер: қасиетті, дәуір, әлем.

Дұрыс жауап: қасиетті - киелі

3 бөлім «Орфоргафия»

Бұл кезеңде оқушылар бір санды таңдап, сол санда жасырылған сөздегі көп нүктенің орнына дұрыс дыбысты қойып, оған талдау жасау керек. Оқушылар жауап бергеннен кейін тақтаға дұрыс жауап шығады.

Мысалы: к... с...н..

Оқушы жауабы: кесене, «е» дыбысы - дауысты, жіңішке

Түркістан, «ү», «і» - дауысты, жіңішке

Бөлім, «ө»- дауысты, жіңішке; «м» - дауыссыз, үнді

4 бөлім «Тарихи кезеңдер»

Бұл кезеңде тақтада жасырын тарихи кезеңдер шығады. Оқушылар бұл кезеңде Түркістан қаласының тарихында не болғанын айту керек.

Жауап: ХVІ ғасырдың ортасынан бастап қалаға жаңа атау берілді. Оқушылар жауап бергеннен кейін тақтаға дұрыс жауап шығады.

ІІІ. Қорыту.

Соңында оқушыларға Түркістан қаласы туралы шағын бейнефильм көрсетіледі. Сабақ Мағжан Жұмабаевтың тамаша сөздерімен аяқталады.

Түркістан

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер жүректің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

М. Жұмабаев




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал