- Учителю
- Открытый урок на тему Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Открытый урок на тему Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсаты: білімділік: Салалас құрмалас сөйлемнен алған теориялық
білімдерін еске түсіру, практикада қолдана білуге үйрету,
шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу
жолын көрсету, синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру
дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік
көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,
нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен
ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
тәрбиелік: адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, Отансүйгіштікке
тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер: Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып,
оқушылар бір-бірінен үлгі алады, дарынды оқушыны үлгі етеді,
өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, шартты бағыныңқы
сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсінеді
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Қолданылатын әдістер: БЛУМ таксономиясы, оқыту үшін бағалау,
көшбасшы, Венн диаграммасы, семантикалық картамен жұмыс,
«Бес саусақ» әдісі
Керекті жабдықтар: Оқулық, кесте, үлестірме парақтар, семантикалық
карта, кеспеқағаздар, мультипроектор, ватман, стикер, маркер
т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөлу: Сыныптың оқушыларын құрмалас сөйлемнің түрлерін айтқызу арқылы 3 топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
Өтілген тақырыптарды пысықтау
1.Постер қорғау
Әр топ мүшелері берілген тақырып бойынша не білетінін қағазға түсіреді және қорғайды.
2. Кластерлер
Берілген салалас құрмалас сөйлем ортаға қойылып, жалғаулық шылауларын тауып қою қажет.
3. Графикалық диктант
1.Миллиондаған адамдардың үміті мен сенімі ақталды, бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. (қарсылықты салалас)
2. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелейді және халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтады. (ыңғайлас салалас)
3. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпекші, сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдығын абыроймен өткізу аса маңызды. (себеп-салдар)
4. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. (талғаулы салалас)
5. Қорыққаны сонша - орнынан тұра алмай қалды. (түсіндірмелі салалас)
6. Елбасы мемлекетіміздің экономикасын көтеруді басты мақсат етті, бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін емес. (қарсылықты салалас)
7. Ата-бабаларымыз бізге бейбіт күнді сыйлады, сондықтан біз оларға алғыс айтамыз. (себеп-салдар салалас)
8. Теледидардан хабарды біресе орыс тілінде айтады, біресе қазақ тілінде айтады. (кезектес салалас)
Координата сызығына қойылған нүктелерді сызықпен қосып, диаграмма сызады.
Негізгі бөлім
Білу
Жаңа сабақтың құпиясы
«Не артық?» ойыны
1. Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады.
Қонаққа ертең не мен барамын, не сен барасың.
Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.
2. Біресе басымен үйді нұсқады, біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқады.
Сабақты ынтамен үйренбей, жақсы баға алмай-сың.
Мен бақыттымын, себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанда туылдым.
3. СПИД ауруы ғасыр індетіне айналған, сондықтан одан сақтану қажет.
Хатты біресе кеудесіне қысады, біресе мейірі қанбағандай бетіне басады.
Жапырақтар оттегі шығармағанда, жер жүзінде мүлде тіршілік болмайтын еді.
4. Өткен тарихымызды әбден біліп алмайынша, алға ұмтыла алмаймыз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.
Сөйлем ішінен сабақтас құрмалас сөйлемді таңдап алып, жасалу жолын түсіндіріп, жаңа сабақтың құпиясы ашылады.
Түсіну
«Грамматикалық домино» ойыны
Берілген мақал-мәтелдердің сыңарлары табылып, бағыныңқының баяндауышы қалай жасалғандығын айтады.
Қолдану
Семантикалық картамен жұмыс
Берілген сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы неден жасалғанын табады.
Семантикалық карта
+
Шығыс болмай, кіріс болмас.
+
Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.
+
Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.
+
Сергіту сәті
Шапшаңдыққа баулу мақсатында жаттығу орындатқызу
Талдау
1.Оқулықпен жұмыс
123-жаттығу Тақтамен жұмыс Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды.
Жинақтау
Венн диаграммасы
1-топ Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
2-топ Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлем
3-топ Сабақтас құрмалас сөйлем мен аралас құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады.
Қорытынды
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі арқылы жазбаша кері байланыс
Оқушылар өз пікірлерін жазып қалдырады.
Үйге тапсырма 123-жаттығу
Бағалау
Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалау