7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен 6-класқа арналған Етістік, үстеу тақырыбындағы тесттер.

Қазақ тілінен 6-класқа арналған Етістік, үстеу тақырыбындағы тесттер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілінен тест 6-класс.

Тақырыбы: Етістік, үстеу, І вариант.

  1. Төмендегі тіркестерден заттың күйін білдіріп тұрған етістікті тап:

А. Сен шөп шаптың;

В. Жауын жауды;

С. Ол реңжіп отыр;

Д. Қыдырып жүр;

Е. Ол ойнайды;

2. Туынды етістікті тап:

А. Жатырқа;

В. Жамыра;

С. Ойлан;

Д. Айтты;

Е. Көр;

3. Төмендегі етістіктердің қайсысы сабақты етістік?

А. Кетті;

В. Келді;

С. Ұйықтады;

Д. Оқыды;

Е. Жатты;

4. Өзгелік етісті тап:

А. Жазылды;

В. Жазыс;

С. Жаздыр;

Д. Жазар;

Е. Жазбақ;

5. Осы шақта тұрған етістікті тап:

А. Биледі;

В. Билер;

С. билеген;

Д. Билепті;

Е. Билейді;

6. Етістіктің өзін емес, амалын білдіріп тұрған көсемшені көрсет:

А. Сөйлеп тұр,

В. Сөйлепті;

С. Аянып сөйлеп тұр;

Д. Сөйлегенсің;

Е. Сөйлемексің;

7. Келер шақ қызметінде жұмсалып тұрған есімшені көрсет:

А. Баратын;

В. Барыпты;

С. Барған;

Д. Барармын;

Е. Бармын;

8. Устеуді тап:

А. Сөйле;

В. Күзгі;

С. Хабарлас;

Д. Күндіз;

Е. Жазғы;

9. мекен үстеуді тап:

А. Қасақана;

В. Былтыр;

С. Осынша;

Д. Биыл;

Е. Жоғары;

10.Шығыс септігінің көнеленуінен жасалған үстеуді тап:

А. Бекерге;

В. Баяғыда;

С. Шалқасынан;

Д. Күнімен;

Е. Үсті-үстінен;

11. Мезгіл үстеуді тап:

А. Бірқатар;

В. Былтыр;

С. Бекерге;

Д. Әдейі;

Е. Шапшаң;

12. Сын-қимыл үстеуді тап:

А. Неғұрлым;

В. Биыл;

С. Етпетінен;

Д. Келді;

Е. Төмен;

13. Туынды үстеудің жұрнағын көрсет:

А. -ыс,-іс;

В. -хана, -гер;

С. -ша, -ше;

Д. -лы, -лі;

Е. -ма, -ме;

14. Тұйық етістікті көрсет:

А. Жалғау;

В. Көсеу;

С. Оқу;

Д. Жабу;

Е. Барлығы дұрыс;

15. Көп нүктенің орнына қажетті үстеуді қой: ... отырған.

А. Ілгері;

В. Төмен;

С. Тыста;

Д. Былтыр;

Е. Онша;

ІІ вариант.

  1. Етістік дегеніміз не?

А. Сөз табы;

В. Күрделі сөз;

С. Қосымша түрі;

Д. Ырықсыз етіс;

Е. Дұрыс жауабы жоқ;

2. Бір сыңары зат есім болатын күрделі етістікті көрсет:

А. Жүре бер;

В. Жазып отыр;

С. Келе жатыр;

Д. Ән сал;

С. Тыңдай-тыңдай;

3. Жоқ, емес сөздері қай етістіктң түріне жалғанғанда болымсыздық мәнге ие болады?

А. Етіс түріне;

В. Үстеу түріне;

С. Көсемше түріне;

Д. Шақ түріне;

Е. Есімше түріне;

4. Ортақ етісті тап:

А. Айтқыз;

В. Сөйлес;

С. Шомыл;

Д. Хабарла;

Е. Биле;

5. Келер шақта тұрған көсемшені тап:

А. Келдім;

В. Келмекші;

С. Келді;

Д. Келіпті;

Е. Дұрыс жауабы жоқ;

6. Көсемшенің келер шақтағы мағынасын тап:

А. Оқи бастады;

В. Шешініп жатып қалды;

С. Серуендегелі келді;

Д. Бара жатыр;

Е. Бедірейіп жауап қатпады;

7: Үстеуді тап:

А. Бара жатыр;

В. Былтырғы;

С. Келген;

Д. Айлы кеш;

Е. Айтысты;

8. Мекен үстеуді тап:

А. Осында;

В. Әбден;

С. Әдейі;

Д. Тым;

Е. Қолма-қол;

9. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеуді тап:

А.Қазақша;

В. Тікелей;

С. Жаздай;

Д. Таңертең;

Е. Бостан-босқа;

10. Негізгі үстеуді тап:

А. Артынан;

В. Мысықша;

С. Бүгін;

Д. Тым асықпай;

Е. Лезде;

11. Сын-қимыл үстеуді тап:

А. Бүгін келді;

В. Шалқасынан құлады;

С. Әрі-бері жүрді;

Д. Төменде отыр;

Е. Алдынан шықты;

12. Үстеудің неше мағыналық түрі бар?

А. 5;

В. 9;

С. 7;

Д. 6;

Е. Дұрыс жаубы жоқ;

13. Ырықсыз етістің жұрнағын көрсет:

А. -дыр, -дір;

В. -т;

С. -а, -е, -й;

Д. -ыл, -іл, -л;

Е. -у;

14. Көп нүктенің орнына қажетті үстеуді қой: ... дайындалды.

А. Күні-бойы;

В. Төмен;

С. Анағұрлым;

Д. Онша;

Е. Тысқары;

15. Қазақ тілінде неше сөз табы бар:

А. 10;

В. 9;

С. 8;

Д. 7;

Е. 6;





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал