- Учителю
- Разработка урока по казахской литературе в 5 классе
Разработка урока по казахской литературе в 5 классе
Сыныбы: 5 5
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер
Сабақтың мақсаты:
а) ертегі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Жұмбақ дегеніміз не?
2. Жұмбақ адамның ой ұшқырлығын қалай танытады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жырына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін,ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып,ел есінде ғасырлар бойы сақталып,ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп,ол үнемі жаңарып,толықтырылып,жетілдіріліп отырған.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары,көтерген мәселелері,мазмұнына байланысты қиял -ғажайып ертегілері,тұрмыс -салт ертегілері,хайуанаттар туралы ертегілер,шыншыл ертегілерболып бөлінеді.
Топтастыру стратегиясы:
Ертегілер
Қиял-ғажайып ертегілері Шыншыл ертегілер
Хайуанаттар жайлы ертегілер Тұрмыс-салт ертегілер
в)Оқулықпен жұмыс
г)Сөздік жұмысы жүргізіледі 6
Сөздік жұмысы:
Дүниетаным -мировозрение мәселе -проблема мазмұн-содержание қиял-ғажайып-волшебные,фантастические тұрмыс-салт-бытовые хайуанаттар-животные шыншыл-реалистичекские ,правдивые оқиға-событие жалмауыз-Баба-Яга мінез-характер мақсат -цель шешуі-развязка айла-хитрость ақыл-ум қарапайым кейіпкер-рядовой,простой герой бақташы-пастух мыстан кемпір-ведьма дәу-великан қойшы-чабан малшы -скотник
Суретпен жұмыс: Түрлі ертегінің суреттеріне қарай отырып,ертегілер құрастыру.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Ертегі дегеніміз не?
-
Ертегі нешеге бөлінеді?
-
Шыншыл ертегілеріне қандай ертегілер жатады?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ертегілер туралы түсінікті оқып,кез-келген ертегіні оқып,мазмұндап келу.(84-86 бет).