7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему 'Ықпал'

Урок по казахскому языку на тему 'Ықпал'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін

Оқу ісі меңгерушісі: _____________________


Сабақ

Сынып : 9

Мерзімі: 12.09.

Пәні: қазақ тілі

Сахыева Н.С.

Сабақтың тақырыбы:

Ықпал түрлері. Кейінді ықпал

Жалпы мақсаты:

Кейінді ықпал тақырыбы бойынша теориялық білім беру. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу тілін дамыту. Сауатты жазу, мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әдептілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Білім алуға баулу.

Оқудың негізгі міндеті:

Теориялық білім бере отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Оқытудан күтілетін нәтиже:

Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілі дамиды. Өз ойын толық жеткізе білу, сөйлемді дұрыс құрау, өз бетінше ізденіп оқу қабілеттері артады. Өзіндік бағалау жүзеге асады.

Оқытуда қолданылатын модульдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

"Миға шабуыл", өздік жұмыс, топтық жұмыс

Оқудың ресурстары:

Тірек-сызба, маркер, плакат, үлестірме қағаздары

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:


Оқушының іс-әрекеті:

Сабаққа кіріспе:

( 1 мин)

Амандасу, сыныптың тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу.

Оқушылар сәлемдеседі. Кезекші сабаққа қатысатын оқушы саны, келмеген оқушы себебі жайлы мәлімет береді.

Ой қозғау бөлімі:

Үй тапсырмасын сұрау: ( 5 мин )

Үй жұмысының орындалуын тексеру.

Бірлескен оқуды жүзеге асыру.

Үй тапсырмасын қорғайды. Орындамаған оқушылар сыныппен бірге бірлесе отырып, ү/ж аяқтайды.

Топқа бөлу:

( 2 мин)

1, 2, 3 сандарын айтқызу арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Психологиялық дайындық , мотивациясын ояту: (2 мин)

"Шаттық шеңберін" өткізу.

Оқушылар бүгінгі жаңа сабақ алдында бір-біріне жақсы тілек тілейді.

Мағынаны тану бөлімі:

Білімдерді актуализация-лау:

( 1 мин)

Үндестік заңы. Буын үндестігі.

Дыбыс үндестігі және оның түрлері


Оқушылар Ттттттт Оқушылар тттттеориялықбастапқы

Жаңа білім:

27 мин


І. Дыбыс үндестігі - қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.

Ыпал түрлері:

1. кейінді

2. ілгерінді

3. тоғыспалы

Кейінді ықпал - қатар келген 2 дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі. К.ы. кездесетін орындар:

1. Сөз бен қосымша арасы (бас+шы - башшы)

2. Күрделі сөздер

(Есенкелді, он бес, астан-кестен)

3. Екі сөз арасы ( ақ лақ)

  • қ, к, п + дауысты - ғ, г

  • п+-іп, -іп -- уып, уіп

  • н +ғ,г --- ңғ, ңг т.б.

Мс, шауып, аяғы, төге бастады, Жанғали, сәнқой, көзсіз, Жанпейіс, көк жиек, шөп әкелді, т.б.


ІІ. Оқулықпен жұмыс. 6-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтқызу. Сұрақтарға жауап алу.

ІІІ. Дәптерде жұмыс.


ІҮ. Сергіту сәті


Ү. Өздік жұмысы.

Теориялық білім алады. Бірлескен оқу арқылы білімдерін тереңдетеді.



2. Мәтінді оқиды. Мазмұнын бірлескен оқу арқылы меңгереді.

3.Тапсырманы орындайды. Теориялық білімдерін пысықтайды.

4. Оқушылар дене жаттығуларын орындау арқылы серігіп алады.

5. Сыныптағы оқу жетістіктері әртүрлі оқушылар жеке өзіндік жұмыс орындайды.

Сабақты қорытындылау:

3 мин


Сұрақ-жауап жұмысы арқылы тақырыпты бекіту. Жаңа сөздерді қайталау.

Тақырып жайлы білімдерін ортаға салады. Тірек сызбаны толтырады.

Рефлексия

2 мин

Кері байланыс орнату.


Кері байланыс орнатады.

Бағалау

1 мин.

Қалыптастырушы және жинақтық бағалауды жүзеге асыру.

Оқушылар өзін-өзі және бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма

1 мин.

Ү/ж түсіндіру.


Ү/ж күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия

Сабақтың қорытындысы:

1. Бүгінгі сабақты қалай бағалайсыз?

2. Сабақтың кемшілігі

3. Сабақтың жетістігі

4. Кемшіліктерді жою жолдары

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал