7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық

Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:Міндеттері : өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдірусыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушының болашақта әртүрлі жағдаяттарда, әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу;оқушының қызығушылық ынтасын дамыту
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық

Сабақтың мақсаты:

Міндеттері :

  • өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру

  • сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушының болашақта әртүрлі жағдаяттарда, әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу;

  • оқушының қызығушылық ынтасын дамыту

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық деңгейі бір дәрежеде қалыптасады;

  • Оқушы мұғалім әрекетінің әсерін толық сезінеді және бағыт-бағдарды басшылыққа алып, жүзеге асырады;


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, тыңдап түсіну, жазу, екеуара сөйлеу, сұрақ-жауап жұмысы, қызығушылықты ояту.

Сабақтың көрнекілігі: : сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, жазба

жұмыстары,тексеру,көрнекілік әдісі, слайд, интерактивтік тақта.

Негізгі әдіс: ізденіс

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Мотивациялық-қозғаушы.

-Армысың, Аспан-ата!

Армысың, Жер-ана!

Армысың, алтын Күн!

Күліп атты таң бүгін!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

Бәріміз бірге қуанайық,

Бәріміз дос болайық!

- Сабақты бастар алдында, бір-бірімізге, көңілдерімізді көтеру үшін жақсы тілектер айтайық.


1 кезең. Бағдарлау - мотивациялық кезең

Жұмбақты шешіңіз.

Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды мысық

Шықпайды үйден,
Тоны жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады. Мысық


Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?! Күшік


Жұмбақтарда не туралы айтылған?


II. Жаңа сабақ.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Күшік пен ит» деп аталады.

Әңгімелесу; қандай үй жануарлары бар?


-Дәптерлеріңізді ашып бүгінгі күнді,тақырыпты жазып қойыңдар.


- Ал енді тақтаға қараймыз. Жаңа сөздермен танысамыз. слайд


  • Үйшік - конура

  • Айбат шегу - хорохориться

  • Ала - пестрый, пятнистый

  • Қаңқ ете қалды - взвизгнул

  • Үру - лаять

  • Ұру - бить

  • Ағаш түбі - подножье дерева

  • Топ ете түсті - неожиданно упало

  • Қарғып түсу - спрыгнул

  • Кумайтын болды - не стал гоняться


Сөздермен жұмыс

  1. Ал енді естеріңде қалған сөздерді қағаз бетіне жазып беріңдер.

2.Осы сөздермен сөз тіркес немесе сөйлем құрастырамыз, сөздерге синоним, омоним немесе антоним табу керек.


2 кезең. Операциялық - орындаушылық кезең.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Күшік пен мысық


Мәтінді бөлшектерге бөлу ойыны: 1 топ - кіріспе, 2 топ- негізгі бөлім, 3 топ- қорытынды жасайды


  1. Тақтамен жұмыс.


Тақтадағы тапсырмаларды орындау: слайд

Сөйлемдерді толықтыр:

Мысық қашып алма ағашқа --------------------

Күшік мысыққа қарап -----------------------------

Мысық та оған айбат -------------------------------

Сол кезде ------------- ағаштан қарғып түсті.

  1. Суретпен жұмыс слайд

Салыстыру

  1. Екі оқушы ит пен мысыққа арналған ескерткіштер туралы айтып берді


  1. Сергіту сәті


  1. Коллаж жасау және оны қорғау.

ІІІ кезең. Рефлексиялық - бағалау

Сабақ қорытындысы.

Бес жолды өлең


1 топ Ит туралы 2 топ мысық туралы

Өз-өздерін бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал