7


  • Учителю
  • Разработка урока по английскому языку на тему 'The Nouns'

Разработка урока по английскому языку на тему 'The Nouns'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ жоспары

Күні: 25.11.2015ж

Сынып: 7 «А»

Кабинет: №27

Тақырыбы: "The Noun"

Сілтеме: оқулық (student's book), жұмыс дәптері (copybook), әдістемелік құралдар, интернет желісі.

Мақсаты:

1. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастырады;

2. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді;

3. Оқушылар лингвистикалық ой-өрістерін кеңейтеді;

4. Оқушыларды алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етуге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже: танымдық қабілетін дамыту, оқу-әдістемелік жинақтың түрлі құрамдас бөліктерімен үйлестірілген түрдегі жұмыс жасауды игеру (оқулық, жұмыс дәптері, аудиоқосымша және т.с.с.), топта жұмыс істей біледі; оқушылардың жеке, жүйелік-қызметтік және коммуникативтік әмбебап оқу әрекеттері жүйесін меңгеру арқылы өз оқу қызметін ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады.

Сабақтың түрі: жаңа сабағы

Қолданылатын әдістер: АКТ қолдану, жеке дара жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, диалог, монолог, рефлексия

Керекті жабдықтар: интербелсенді тақта, суреттер, кестелер, үлестірмелі материалдар.


Сабақтың кезеңдері

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

«А» кезеңі Білу

"The noun" атты бейне ролик көру.


1.Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпта психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында оқушыларға сабақтың басында би билетеді.

2. Әр оқушыға қиылған сурет бөлігін береді.

3.Жаңа тақырыпты ашу үшін бейне роликті балаларға көрсету, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақ тақырыбын ашу.

Оқушылар орнынан тұрып би билейді

Оқушылар орнынан тұрып суретті жинақтайды. Суретті толық жинақтағаннан соң суреттің артында жазылған сөйлемді оқиды, топтарға бөлініп отырады.

Өткен сабақта құрастырылған ережені еске түсіру. Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Бейне роликтің мақсатын ашу. Алдын ала дайындалған қысқаша бейне фильмді тамашалайды. Негізгі идеясын түсіндіреді. Бейне роликті қорытындылайды. Сөйлемдер құрастырады.

2 мин

3 мин


5 мин

Түсіну

«Nouns. Countable, uncountable» жайлы ережемен танысу

«Nouns. Countable, uncountable» жайлы ережені тақтада тұрған лексикамен байланыстыруға ұсынады.

Оқушылар тақтадағы ереже бойынша сұрақтарға жауап береді, мысалдар келтіреді.

5 мин

«В» кезеңі қолдану

1.Таратылған мәтіндермен жұмыс.


"Much" тобына мұғалім 184 беттегі ережені оқып постер салуға ұсынады.

"Many" тобына мұғалім 95 беттегі 11 жаттығуда берілген диалогті толықтырып, құрастыруға ұсынады.

"Nouns" тобына тақырыпты жинақтау үшін слайд жасауға ұсынады (184 беттегі ереже)

Оқушылар мәтіндерді оқып тапсырмаларды орындайды. 1-топ постер салып, 2-топ диалог құрастырады. 3-топ тақырыпқа байланысты слайд құрастырады.


6 мин

Талдау


1. Постер мен кластерді қорғау, диалогды ортаға салу кезеңі


2. ex.1, p184

"COUNTABLE/UNCOUNTABLE nouns" есімдіктерін бос орынға қою

Оқушыларды жұмыстарын қорғауға, диалогті ойнауға жетелейді.

Мұғалім жаттығуды орындау шартымен таныстырады

Оқушылар ортаға шығып постер, кластер қорғап, диалогтарын ойнап көрсетеді.

Оқушылар жаттығуды дәптерге орындап, жанында отырған көршісіне тексертеді.


6 мин


5 мин

«С» кезеңі жинақтау Диалогқа түсу

  1. Бүгінгі сабақта қайталаған сөздерді бекіту мақсатында интербелсенді тақтадағы тұрған суреттермен жұмыс.

Ex2, p.185

  1. Сөзжұмбақтар ойыны

  2. Сабаққа рефлексия жасау үшін "Kahoot" сайтындағы тест жұмысын орындау.

Интербелсенді тақтадағы суреттерге оқушылардың назарын аудартады.


Мұғалім топқа жұмбақ жасырады, оқушылар жұмбақты шешеді


Kahoot.it сайтына кіріп тіркеліп, сайтта тұрған тест сұрақтарына жауап берукеректігін жеткізеді.

Оқушылар SOME/A қолдана отырып сөйлемдер құрастырады


Оқушылардың кеудесінде, арқасында бір әріптен тұрады, жұмбақты шешкеннен кейін, балалар сөзді құрнып тұрады.

Оқушылар компьютерлерге отырып, тест сұрақтарына тез және дұрыс орындайды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған оқушы жеңіске жетеді.

3 мин

3 мин

7 мин

Бағалау

Сабақтың әр кезеңінде оқушылар бағаланады.

Оқушыларды формативті түрде бағалауға жетелейді.

Оқушылар бір-бірін формативті түрде бағалайды.

1 мин

Үй тапсырмасы

«Nouns» тақырыбында 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру

Тест құрастыру ережесімен таныстырады

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.

1 мин

.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал