7


  • Учителю
  • Другие методическое материалы на тему 'Тіл - тәуелсіздігіміздің ертеңі'

Другие методическое материалы на тему 'Тіл - тәуелсіздігіміздің ертеңі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мемлекеттік тіл - елдігіміздің іргетасы.

Жаңабаева Райхан Аманқызы

№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі.

Қызылорда қаласы

Ата-бабамыздан мирас болып жеткен баға жетпес асыл мұраларымыздың бірі де бірегейі-ана тіліміз екені ақиқат.Тіл - елдің ұлттық тұғыры мықты, іргетасы берік болуын көздеп мақсатты іс-әрекеттерге бару-әрбір қазақтың, тіпті әрбір қазақстандық азаматтың Отан алдындағы жауапты міндеті.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік тілді дамытуға арналған бірнеше кезеңдік іс-шараларды зерделеп, ой таразысына салсақ,қазіргі таңда Қазақстан қоғамының оған деген ынтасының біршама жақсара түскенін аңғарамыз.

Білім мен тәрбие тұғыры - тіл. Елбасы Н.Назарбаев ІІ Азаматтық форумдағы сөзінде «Қазақ тілі мен мәдениеті-біздің мемлекеттігіміздің тұрғызылып жатқан іргетасы. Сондықтан қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастықтың ең маңызды бағыты болмақ. Мен сіздерді осыған шақырамын.» деп, еліміздің тұтастығы мемлекеттік тілдің кең өрісінде екенін атап көрсетті.

Республикамыздағы бір ғана мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Ешқандай да өтпелі қиындықтарға қарамастан оның заңдылық тұғырын бекітіп, дамыту күшеймесе, кемімейді. Сондықтан жазуға машықтанып, үйрену талабы күн сайын артып, әр азаматтың міндетіне айналатын кез жетті. Кейбір адамдар түсінгендей «сөйлесе білсе жетеді ғой» емес,ойын анық айтып, мүдіріссіз оқи алумен өлшенеді.

«Қазақша сөйлесейік» деп өтетін іс-шаралар (акциялар) енді «Қазақша жазайыққа» айналуы керек. Адам қай тілде жаза білсе, сол тілде еркін сөйлейді.

Елбасымыз 2009 жылғы 27 желтоқсанында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында да «Осыған орай айтатын ой - баланың тілі қазақ тілінде шықпаса, ата-анасы туған кезде оның тілін қазақ тілінде бастатпаса, оны үйрету оңайға соқпайды. Қазақтың домбырасының үнін түсіну, қазақтың мінезін ұғып, жан дүниесін зерделей алу үшін де, ең алдымен, қазақ болып өсу, қазақ тілін бала жастан меңгеру қажет. Осы тұрғыдан алғанда мен қазақ халқының ұлттық мүддесін көздеп, осы мәселені алға тартып жүрген азаматтардың сөзін дұрыс емес деп айта алмаймын »,- деген еді.

Мемлекеттік тілді қоғамдық өмірімізге терең енгізудің бір бағыты- үгіт-насихаттық шаралардың пәрменді жүргізілуі мен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді іс-әрекеті. Сондықтан да еліміз бойынша тіл саясатын одан әрі жетілдіре отырып, алдымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қоғамдық салаларда қолданылуына жан-жақты жағдай жасауға бағытталған үгіт-насихаттық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отырылуы тиіс.

Қорыта айтар болсам, Елбасының 2005 жылғы Жолдауында айтылғандай: «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторларының бірі-еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. » деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын уағыздап отыр.




























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал