7


  • Учителю
  • Доклад для старших классов Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану

Доклад для старших классов Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев





Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Еліміздің мектептерінде ағылшын тілін оқыту соңғы кездері жоғары қарқынға ие болды. Мектептердегі шетел тілін оытудың мақсаты мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру болса, сол мақсаттан туындап отырған басты қажеттілік ақпараттық технологияларды қолдану болып отыр. Оның басты себебі мынада: ағылшын тілі бүгінде халықаралық қатынастардың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық саласында қолданылуда. Ағылшын тілін оқыту барысында жас жеткіншектердің басқа тілде емін-еркін қарым-қатынас жасап, сол елдің тарихымен, мәдениетімен, ғылым мен техникадағы жетістіктерімен және даму ерекшеліктерімен танысуына мүмкіндік беріледі.

Үш тұғырлы тіл саясатын ұстанып отырған еліміздің мектептерінде ағылшын тілін оқыту бірінші сыныптан басталады. Бұл дегеніңіз, «Шетел тілін үйрену,әсіресе, ағылшын тілі - қазіргі заманның қажеттілігі» деп елбасымыз айтқандай, қажеттіліктен туған шешім екенінің айғағы.

Үш тілді білу- қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім- мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жан-жақты ақпараттармен қаруландыра отырып, жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болу керек.

Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оның міндеттерінің бірі ретінде «Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау» көрсетілген. Терминология мен термин мәселесінің тап қазіргі кезеңде қаншалықты маңызға ие болып отыр. Сондықтан Елбасының Жарлығымен бекітілген осы мәселе алдағы уақытта міндетті түрде шешімін табуға тиіс.

Терминология бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Қазіргі жаңа оқулықтарда термин сөздер көп келтірілген. Сөздікегі сөз бен оқулықтағы термин сөздер бір- біріне сәйкес келмейді. Кәсіби, салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әртүрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырды. Қайбір басылымдар сөзжасамның неше түрлі нұсқаларын ұсынып жүр. Олардың принципіне сүйенсек, аударылмайтын бірде бір сөз болмауы керек. Қазақ тілінде термин қабылдаудың ғылыми принциптерін негіздеп, қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген, термин жасауда тіліміздің мүмкіндігін сарқа пайдалану керектігін жақтаған ғұлама ғалымдарымыздың бірі Қ. Жұбановтың өзі де халықаралық терминдерді жаппай аудара беруге болмайтынын ескерткен еді. Керек жерінде аударған жөн шығар. Алайда оңды-солды аударудың салдарынан жұрттың қылжағына айналған сөздер көбейіп, кейде өз сөзімізді өзіміз түсінбей жатамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты.

Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда білім берудің беделі артып отыр. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

Жаңа ақпараттық технологияны күнделікті сабақ барысында қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ол артықшылықтар, атап айтқанда, мыналардан көрінеді:

1. Оқушыларға оқытылатын материалдар туралы дәл ақпарат береді;

2. Оқу сапасын арттырады:

3. Қиын да күрделі тапсырмаларды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді:

4. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды:

5. Білім алушылардың білімге деген құштарлығы артады:

6. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге көмектеседі:

7. Оқушыларды ізденіске үйретеді.

Жаңа ақпараттық технология дегеніміз-жаңа білімді меңгертуде берілетін ақпараттарды дайындап, оны оқушыларға беру үрдісі. Мұғалімдер оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы сабақ берудің әдіс-тәсілдерін жетілдірді. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отыр. Мектептердегі шетел тілін оқытудың мақсаты мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру болса, сол мақсаттан туындап отырған басты қажеттілік - ақпараттық технологияларды қолдану.

Біздің заманымызда барлық ақпараттың алып сақтаушысы - интернет яғни ғаламтор. Ол соңғы жылдары әлем бойынша кең етек жайып келе жатыр. Еліміздің білім беру бағдарламасында Қазақстанның барлық мектептерін интернет жүйесіне қосу көзделген. Ғаламторды пайдаланбайтын оқушы жоқ деуге болады. Өздеріне қажетті мәліметтерді оңай тауып ала отырып, бойларында ізденімпаздық дағды қалыптасады. Қазіргі ХХ1 ғасыр ақпараттану ғасыры деп аталады. Ақпараттық қоғамның негізгі қойып отырған талабы-ақпараттық бірліктердің білімге айналуы. Ғаламтор мұғалім тарапынан өтілген жаңа тақырыпқа байланысты тың деректер немесе жаңа сөз үйренуге негізделген материалдар іздеп келуге тапсырмалар беріледі. Шәкірттердің іздене отырып өз бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі. Мектеп қабырғасында өтетін түрлі білімділік, зияткерлік, танымдық ойын-байқаулар қатысуы кезінде ақпарат құралдарының көмегіне жүгіндік. Пәндік олимпиадалар тапсырмаларын, қосымша деректерді ғаламтор жүйесін қолдану арқылы алып отырдық. Қазіргі кездегі жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде тіл үйренушілердің оқу, жазу дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Оқушылардың өз бетімен білім алуы, сабақта алған білімдерін шығармашылықпен қолдана білу қажеттілігі мектеп мұғалімдерінің алдындағы ең басты мақсаты болуда. Қазіргі әлемдік және отандық педагогикада «Интерактивті оқыту» деген сөз жиі қолданыста жүр. «Интерактив» деген сөз ағылшын тілінде байланыста, диалогта болу деген мағынаны білдіреді. Яғни, оқушы сабақта белгілі бір материалды игеріп қана қоймай, ағылшын тілінде сөйлесе алуы, қарым-қатынас жасай білуі қажет. Ой қорытып, жауап айта білуге үйренуі керек. Сондықтан өскелең ұрпақты ағылшын тілінде оқытуда түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тіл үйренуге деген ынтасын, оң көзқарасын қалыптастыру, біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытудағы негізгі мақсат-коммуникативті қатынасты дамыту. Тілді оқыта отырып, үйрете отырып, жеке тұлға қалыптастыру. Бұл міндет сабақ беру үрдісінде жүзеге асады. Мұғалім оқытудың, материалды меңгертудің барлық жолын жан-жақты мұқият зерттеп, қарастырғанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Мысалы, оқушыға қойылатын талап өте жоғары болмауы керек. Берілетін тапсырма жас ерекшелігіне сай болғаны жөн. Тапсырма өте күрделі болса, қызығушылығы төмендейді. Ал талап төмен немесе тапсырма жеңіл болса, жалығуы мүмкін. Оқушы өз қателігін табуда мұғалім көмегіне жүгінген дұрыс.

Қазіргі заманға сай білімді ұрпақ - жан-жақты білім нәрімен сусындап отырған шәкірттер бүгінгі ақпарат құралдарын еркін меңгере отырып, оны білім алудың негізгі қайнар көзі ретінде тиімді қолдана алады. Оқушының тілін дамытуға арналған жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөлген жөн. Бұдан шығатын нәтиже: оқушы бойында коммуникативтік құзіреттілік пен өздігінен білім алу дағдылары қалыптасады. Бүгінгі таңда мектептерде ең жиі қоланылып жүрген ақпаратты технологияның бірі-интерактивті тақта. Оны компьютерлік білімі бар адам еркін қолдана алады. Педагогикалық қалыптасқан айтылым, жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға болады. Тақтадағы слайдтар арқылы оқушы жаңа сөзді тез үйренеді. Интерактивті тақтаға видеороликтерді енгізіп қолдануға да болады.

Ағылшын тілі сабағында тіл үйренумен қатар, сөздердің дұрыс жазылуы, грамматикалық сауаттылық та үйретіледі. Әр бала өз жұмысын тақтадағымен салыстырады. Өзінің қатесін көреді, түзейді. Соған байланысты ережелерін айтады.

Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, тақтадан тапсырмалар көрсетіледі. Тапсырманы топ мүшелері бірлесіп орындайды. Өзара пікірлесу, бір-бірімен сөйлесу, диалогтік қарым-қатынас орнайды. Мақсатым оқушыларды ойландыру, іздендіру, сол арқылы өз бетінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндеттер тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру,тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді деп төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым. Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап, әр топқа интерактивті тақтаға енгізіп, өз дәптерлеріне тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу тапсырмасы берілді. Оқушылар тапсырманы орындап болған кезде, мәтіннің тыныс белгілері қойылған дұрыс үлгісі тақта бетіне шығарылды оқушылар бір- бірінің жұмыстарын ауысып тексеріп. қателерін айтты. Берілген мәтін төмендегідей:

«Where did you get it?»

When uncle Asan came to their house mother said I'm sorry I have no cheese I know you like it very much little Dos turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Asan thanked him put the cheese into his mouth.

Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды орындап қана қоймайды, қабілетінің төмен не жоғары екеніне қарамастан, бәрі де қатысады,бірінің білмегенін екіншісі толықтырады. Бір топтың мүшелері екінші топтың жауабын тыңдап, оның дұрыстығын тексереді, толықтырады немесе мақұлдайды. Өйткені интерактивті тақтаның көмегімен тақырыпты слайдтар арқылы суреттер, кеспелер,сызбалар т.б.қысқа, түсінікті етіп беру мүмкіндігі туады. «Интерактивті» деген сөздің өзі бірлесе әрекет жасау деген мағынаны береді. Ол арқылы оқушылардың ағылшын тілінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, қызығушылығы, қабілет-қарымы қалыптасады. Сабақта енжар, құлықсыз отыратын баланың өзі интерактивті тақтамен жұмыс жасаған кезде жауап беруге тырысады, шамасы жеткенше тапсырманы орындауға қатысады. Тақтаның көмегімен қандай сабақты болсын түрлендіруге, балалардың оқуға деген ынта-ықыласын арттыруға болады.

Тақтаны бір сабақтың өн бойында үздіксіз қолдану міндет емес. Бүкіл сынып оқушыларын жұмылдыра отырып, үй тапсырмаларын сұрауда, жаңа материалдарды бекіту үшін жаттығулар орындағанда, оқушылардың жалпы алған білімдерін бағалауда немесе тест сынақтарын алғанда, қайталау сабақтарын өткізгенде, жаңа сөздерді үйренгенде кезең-кезеңімен қолдануға болады. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны компьютерлік білім, инновациялық құрал- жабдықтарды қолдана білу шеберлігі жетіп жатыр.

Зерттеушілердің пікірі бойынша,дәстүрлі оқыту әдісімен берілген тақырыптың 25 пайызы, көру арқылы 33 пайызы,көру-есту арқылы 50 пайызы, ал ақпараттық құралдар арқылы берілген білімнің 75 пайызы есте сақталады екен.

Smart Board электрондық тақтасы:

  • материалды қызу талқылауға, ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге;

  • сөздер мен сөйлемдердің бір- бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға;

  • Flash- анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға;

  • Ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео- роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға;

  • Тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тестен өткізуге;

  • Суреттерді бір фонға қойып, суреттерден сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға;

  • Сөз- жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді.

Smart Board тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды. Ондағы материалдарды тіл үйренудің барлық кезеңдерінде пайдалануға болады.

Осы жұмыстарды жүргізгеннен кейін көз жеткен интерактивті тақтаның артықшылығына немесе тиімді жақтарына тоқталатын болсам:

1. Уақытты үнемдейді.

2. Қысқа, нақты ақпараттар беріледі.

3. Бірлескен іс-әрекеттер жүзеге асырылады.

4. Қызығушылық пен белсенділік артады.

5. Оқушылардың шығармашылық қабілетін оятады.

6. Өздеріне деген сенімділікті күшейтеді.

7. Еңбекқорлық, ізденімпаздыққа үйретеді.

8. Мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

9. Оқушының материалды игеруін оңайлатады.

Бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы-компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі-ғаламтор желісін тиімді пайдалану - мұғалім мен оқушы өміріндегі ең бірінші қажеттілік. Жаңа ақпараттық технологияның міндеті-оқушының қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатын тұлға ретінде тәрбиелеу.

Ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы да тіл үйретуге болады. Өз сабағымда қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жүзеге асатын жұмыстың түрлері мыналар:

Оқушылардың сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді үйрету, олардың дұрыс оқылуы мен дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту. Ол үшін дискіге жазылғпн сөздерді тыңдатып, бірнеше рет қайталап айтқызам. Содан кейін естігенін жазғызам. Интерактивті тақтадан дұрыс жазылуын көрсетіп, өздеріндегімен салыстырады, қатесін түзейді. Дыбыстық ерекшеліктеріне назар аудартам. Шағын көлемдегі мәтінді балалар қызыға тыңдайды.Содан кейін мәтіннің мазмұны берілген сұрақтарға жауап қайтарады, берілген сөздерді қатыстырып бойынша сөйлем құрап айтады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі. Ағылшын тілін оқытуда,ең алдымен,тәжірибелік мақсат қойылады. Оған оқушының сөздік қорын байыту, сауатты жазуға баулу, көргенін әңгімелеп айтып беру жатады. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім:

  • қарым- қатынас дағдыларын дамытады;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;

  • оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым- қатынас жасауға мүмкіндік береді;

  • тақта арқылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

Қазіргі кезде тиімділігі жоғары деп бағаланып жүрген құралдардың бірі-электронды оқулықтар.Әр сыныпқа арнап құрастырылған оқулықтар оқушылардың қызығушылығын туғызып қана қоймайды, сөздерді дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Тест тапсырмаларын орындатуға болады. Сабақ барысында өткізілетін сергіту сәттерін де осы әдіспен жүзеге асыруға болады.

Ақпараттық технологияларды қолдануда мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы да, ал оқушы ізденуші, жұмыс жасаушы,тапсырманы орындаушы болып табылады.

Жаңа қоғамның жаңа адамын тәрбиелеу, озық және бәсекеге қабілетті әлемдік білім, ұлттық тәрбие беру бүгінгі педагогтардың да, бүкіл қоғамның да алдында тұрған зор міндет.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруі тиіс.»деп көрсетеді.

Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Оқытушылар үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

оқушының өз бетімен жұмысына;

уақытын үнемдеуге;

білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

экономикалық тиімділігі;

іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);

қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете білсе. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Білім - болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

















































































Пайдаланылған әдебиеттер:





Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008

"Қазақстан мектебі" журналы №8, 2004

1.ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беру тұжырымдамасы 07.12.2010

2. «Қазақстан жолы-2050» Елбасы жолдауы 13.01.2014ж.

3.Оқытудың интерактивті әдісін қолдану тиімділігі Д.Исағұлова

Алматы-2010ж.

4.»Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы жолдауы 2008ж.

5.Сабақтағы ақпараттық технологиялар «Қазақстан мектебі»

Журналы №10-2013ж.

6. Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік технологиясының ролі

«Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі» журналы № 5-6 2012ж.

7. «Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі» журналы № 1 2013ж.



































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал