7


Казахский язык 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы. Алтын сақа. Халық ауыз әдебиетін қайталау. Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік.Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық әдебиетін қайталап , еске түсіру. Сабақ электрондық оқулықпен бастап, оқушылар халық ауыз әдеби
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары. 6-шы сынып.

Сабақтың тақырыбы. Алтын сақа. Халық ауыз әдебиетін қайталау.

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық әдебиетін қайталап , еске түсіру. Сабақ электрондық оқулықпен бастап, оқушылар халық ауыз әдебиеті туралы тыңдалады.

2. Дамытушылық. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын мәнін түсініп білугежұмыстандыру, балалардың ақыл- ойвын, сөз байлығын жетілдіру.

3. Тәрбиелік. Қазақ ертегілеріне қызығушылығын артыру, қиындықты ақылмен, тапқырлықпен және білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, плакат, тірек схема.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, бір- біріне түсіндіру, баяндау, оқу, бекіту.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру.

2Үй тапсырмасын сұрау.

- Қай халыұтың болсын ауыз әдебиеті бар. Соның ішінде қазақ халқы ауыз әдебиет шығармаларына бай.

- Ал, балалар кәне халық ауыз әдебиеті туралы білімімізді ортаға салайық.

Оқушылар бір -біріне сұрақтар қойады.

1 Халық ауыз әдебиеті деген не?

2 Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған?

3 Ауыз әдебиеті бізге қалай жеткен?

4 Ауыз әдебиетінің авторы болған ба?

5 Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

6 Мақал- мәтелдердің түрлерін ата?

7 Мақал -мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?

8 Мақал- мәтел кімнің даналығы?

Оқушылар бірнеше мақал- мәтел Отаг туралы, білім туралы, еңбек туралы, мақал- мәтелдер айтады.

Жаңылпаштың қандай түрлері бар?

Жаңылпаш баланың несін дамытады?

Оқушылардан жаңылпаштар сұрау.

Ал, балалр енді бүгінгі сабағымыз ертегілерді қайталау. Соның ішінде «Алтын сақа» ертегісі.

Кәне кім айтады ертегі бізге қалай жеткен?Ертегі ауыздан- ауызға жеткен. Енді мына тірек схема бойынша жұмыс жасайық.

Ертегілер : неге байланысты туған?

де адамдар нені армандаған?

неше топқа бөлінеді?

Ертегілер адамдардың еңбегі мен тұрмыс- тіршілігіне байланысты туған.

Ертегілерде жақсы өмірді армандаған.

Ертегілер үш топқа бөлінеді.

1Қиал- ғажайып.

2 Хайуанаттар.

3 Тұрмыс- салт.

Кәне кім айтады ертегілердің басты кейіпкерлері кімдер?

Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр.

- Қандай ертегілерді білесіңдер?

Үйде қандай ертегі оқыдыңдар?

Ал енді балалар сіздер үйде « Алтын сақа» ертегіні жақсылап оқып келдіңдер. Ал сабақта сол ертегі бойынша жұмыс жассйық.

« Алтын сақа» ертегісі қай топқа жатады?Қиал- ғажайып.

Оқушыларға сақа туралы түсінік беру.

Сақа - деген асықтардың ішіндегі үлендеуі және ауырлауы себебі оған қорғасын құйылады, онымен асықтарды атып ұтуға болады. Ауыл балаларының сүіп ойнайтын ойыны.

« Алтын сақа» ертегідегі кейіпкерлерді атандар?

Кейіпкерлер: Бай, бала, жалмауыз кемпір, түлкілер, қарлығаш, төбеттер, ат,.

Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата?

Жағымды: Бала, қарлығаш, ат, ит, түлкі.

Жағымсыз: Жалмауыз кемпір, бай.

Ертегіде кездесетін кейбір сөздердің мағынасымен таныстыру.

А- Құрық- курук. ( жылқының құралы)

Т- Тай- стригунок. 1 жылдық.

Қ- Құнан- жеребенок. (3 жылдық)

Т- Дөнен- лошадь. (3 жыл боған ат)

А- Бесті ат- бесты. (5 жыл болған ат)

Д- Тұлпар- скакун. ( быстроходный)

А- Төбеттер-волководы.

2 оқушы ертегіден үзінді айтады.

Ал, балалар ертегіні 5 абзацқа бөліп , берілген абзацты ертегіден оқып, табу.

1 абзац- Бай мен жалмауыз кемпірдің кездесуі.

2 абзац- Бала мен жалмауыз кемпірдің қашуы.

3 абзац- Кемпірдің түлкілермен кездесуі.

4абзац- Баланың жалмауыз кемпірден қашуы.

5 абзац- Баланың жалмауыздан құтылуы.

- Балалар міне ертегіден абзацтарды оқыдық, енді осы ертегі кейіпкерлерге мінездеме береміз.

Мінездеме.

Жалмауыз кемпір: арам, зұлым, кәрі, жаман.

Бала: ( қандай) ақылды, тапқыр, қайырымды..

Бай( қандай) қорқақ, саран, ақымақ.

Ертегідегі бала мен жалмауыз кемпірдің іс әрекеттері.

Бала : тайға мінді, сақасын тапты, қашты, терек басына шықты, көмек сұрады, құтылды.

Жалмауыз кемпір: судан шықты, байды ұстап алды, баланы қуды, ағаштың түбін қазды, өлді.

Ертегі өмірден алынады. Осы ертегідегі кейіпкерлердің қандай екенің білдік, мінездеме бердік, жақсы мен жаманды айыра білдік.

Балалар кім айтады бала кімді жеңді ? ( жалмауыз кемпірді)

Балаға көмекті нелер көрсетті?(қарлығаш, иттер.)

Балалар үйде ертегіге байланысты суреттер салып келді . осы суреттер бойынша сөйлем құрастыру.

Жалмауыз кемпірдің жанында сақа жатыр. Қарлығаш баламен дос. Бала көлгеи келді. Бала алтын сақасын алды. Қызыл түлкі жалмауыз кемпірдіалдады.

Қортындылау.

Бағалау:

Үйге: ертегі жазып келу

Алтын сақа

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:

- Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.

- Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:

- Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір:

- Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:

- Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай:

- Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді.

Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.



Сонда әкесі:

- Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді.

Бала бармақшы болады да, әкесінен:

- Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды.

- Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға:

- Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді.

Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:

- Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді.

Сонда кемпір:

- Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді.

Сонда бала:

- Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді.

Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен

қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге:

- Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді.

Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп:

- Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір:

- Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді.

Сонда түлкі:

- Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға:

- Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады. «Осындай пәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жақындатқан, енді құлатуға таяу тұр», - дейді қарлыгаш баланың төбеттеріне. Мұны естіген соң төбеттер шапқаннан шауып отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды. Баланың төбеттері, жалмауыз кемпірдің қолын қол, бұтын бұт қылып, жүн-жүнін шығарып, талап тастайды. Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне аман-сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау ққтылып келгеніне әке-шешесіне қатты қуанып, ел-жұртын жиып, үлкен той қылады. Бұдан былай неше күндер өткен соң, баяғы жалмауыз кемпірдің қызы құлаған бәйтеректің жанына келеді. Келсе, шешесінің жүн-жүні шығып, өліп қалғанын көреді. Кім өлтіргенін білу үшін сол жерде қарап жүрсе, иттердің ізі көрінеді. Мұнан соң қыз иттердің ізіне түсіп келе жатса, көп жылқыға кез болады. Енді ауыл жақын екенін біліп, ол жүріп келе жатады. Иттердің ізі тұп-тура байдың қотанына алып барады. Бұл кезде қотанға баяғы жалмауыз кемпірдің қызының келгенін біліп, бес төбет жалма-жан тұра ұмтылады, қыз кемпірдей емес, өте-күшті екен, бес төбетке бой бермейді. Сол арада бала, садақпен атып, қыздың көзін шығарады, садақпен екінші атқанда қызды өлтіреді. Сөйтіп, жалмауыздан мәңгі құтылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал