- Учителю
- Қазақ тілінен сабақ жоспары'Кешкі ас' (5 сынып)
Қазақ тілінен сабақ жоспары'Кешкі ас' (5 сынып)
5 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Кешкі ас.
Сабақтың тақырыбы: Кешкі ас.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен ережелерді қайталау; кешкі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
Дамытушылық - Мәтін мен мақал - мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - денсаулықтың кепілі - дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті қалыптастыру.
Сабақта қолданатын көрнекі құралдар: белсенді тақта, оқулық, жеке тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекшілер диалогы:
- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?
- Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
- Таңғы ас туралы қандай мақалды белесің? т. б.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сөздер мен ереже жаттау. «Таңғы ас» мазмұндау.
3 Сөздікпен жұмыс
құнарлы-питательный
кілегей-сливки
күш-сила
қуат-энергия
шамалы-немного
мөлшер-количество
зиян-вред
асқазан-желудок
Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру.
4. Жаңа сабақ
ә/ Мәтінмен жұмыс Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу.
Кешкі ас.
Кешкі асты жұмыстан соң, ішіп жейді. Оған сүт, жарма, көкөніс тағамдарын пайдаланған жақсы. Кешкі аста ащы ет тағамдарын жеуге, кофені, какаоны, қою шайды ішуге болмайды, жатар алдында тамақ жеу зиян. Сондықтан 1-2 сағат бұрын жеңіл аспен (сүт, кефир) тамақтанған жөн.
- Балалар, тамақтанудың қандай ережелері бар?
Тамақтану ережелері:
1. Өз уақытында тамақтану керек.
2. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.
3. Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.
4. Тағамды асықпай жеу керек.
5. Тамақты көп жемеу керек.
5.«Кешкі ас» тақырыбына сызба бойынша бірнеше сөйлем құраңдар. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Сын есім+зат есім+барыс септігі+етістіктің ауыспалы осы шағы
6. Бекіту ә/ ауызша жұмыс а/ Ауыспалы осы шақ.
Жұппен жұмыс
а/ Тапсырма: «Не деу керек?» өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
-Өлеңде не туралы айтылған?
- Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
- Оның жасалу жолдары?
«Рақмет, кешір, ғафу ет, өтінемін» деген сөздер адамға не үшін қажет?
Ас, тамақ туралы қандай мақал - мәтелдерді білеміз?
ә/Жеке тапсырма №1
- Сен кешкі асты қайдан ішесің? /үйден/
- Кешкі ас мәзірі неден тұрады? /Кешкі ас мәзірі сүт, жарма, көкөніс тағамдарынан тұрады.
Жеке тапсырма №2 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тату үйдің тамағы тәтті. В дружной семье и еда вкусная.
Жеке тапсырма №3 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Керекті сөздер: тоқ сытый, аш - голодный, ұйқы - сон, басады - одолевает, қашады - убегает.
Сытого человека сон одолевает,
От голодного человека сон убегает.
Жеке тапсырма №4 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Асы бар аяқтан аттама.
Керекті сөздер: аяқтан - синонимі: ыдыстан
Не переступай посуду с едой.
Жеке тапсырма №5 мақалды қалай түсінесің? /аудар/
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
Керекті сөздер: жаманнан - синонимі: жаман адамнан; қалар - остается
От плохого человека остается пол ложки еды
Мақалдарды тақтадан жазу
6.Сабақты қорытындылау:
Бағалау;
Үйге тапсырма беру:
Септіктер қайталау, сөздер жаттау, 3 тапсырма 64 бет. Мәтінді бірнеше оқып мазмұндау.
-Сау болыңыздар балалар!