7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Қ. Әбдіқадіров 'Қажымұқан'

Тақырыбы: Қ. Әбдіқадіров 'Қажымұқан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1. Пән аты: Әдебиет2. Сыныбы: 5Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан – жақты
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Қажымұқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан - жақты білім алуға тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Шоқандай болғым келеді». Шығарма жазу.

ІІІ. Білім тексеру:

Топтастыру әдісі:

Қажымұқан туралы оқушылар өздерінің білгендерін жазады.









ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жазушының өмірі туралы мәлімет.

  • Қалмақан 1903 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде туған.

  • Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде мектеп үйі бар.

  • Балаларға арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.

  • «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.

  • «Мың бір түнді» ең алғаш аударған.

  • «Қажымұқан» хикаяты француз күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арнаған.

Мәтінмен жұмыс:

  1. Мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша топтарға бөлу және оқу.

І топ

  • Қар күреген бала,

  • Жаяу сүйреген шана.

ІІ топ

  • Ұлы Петрдің қаласы.

ІІІ топ

  • Парижде.

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап.

  • Мұқанның балалық шағы қайда және қандай жағдайда өтті.

  • Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?

  • Мұқан бір шан шөпті бай үйіне қалай жеткізді?

  • Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?

  • Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?

  • Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті?

  • Қазақтың ата - анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген?


VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.Мұқанның мінез - құлқын, сыртқы түрін шығармадан іріктеп алып, балуанның өсу жолына жоспар жасап, жазба түрде мінездеме беріңдер.

2. « Шана сүйреген Мұқан» деген көріністі жазып, әңгімелеп беріңдер.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

« Шана сүйреген Мұқан» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал