7


  • Учителю
  • 4 Сыныпқа арналған 'Балықтар' тақырыбында сабақ жоспары

4 Сыныпқа арналған 'Балықтар' тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 4

Тақырып: Балықтар. Жалғау.

Мақсат: Балықтар туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді, дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.

Міндеттер:

Білімділігі: Айтылы, тілдесім, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін жандандыру.

Дамытушылық: Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсыттағы әңгімелер жүргізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекіліктер: презентация, суреттер, сызба, картішкелер


Сабақ кезеңі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі сұрақ-жауап арқылы ұйымдастыру.

  • Бүгін сыныпта кезекші кім?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Бүгін ауа райы қандай?

ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту

- Сабақ тақырыбын жұмбақтар арқылы анықтаңдар.

Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.

Б ...

Өзі шұбар,

Тамағына таққаны

Екі тұмар. Ш ...


Асты тас,

Істі тас,

Ортасында шандыр бас.

Т ...

- Өз алдына қандай мақсатты қоясыңдар?

ІІІ. Сөздікпен жұмыс.

Жайын

Бекіре

Теңіз

Майшабақ

Алабұға

Табаң

Жүзіп жүр

Шортан


Суреттерді көрсетіп мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар тыңдайды.

Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

Сөздік жұмысын «Не жоғалды?» ойын арқылы бекітуге болады.

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

V.Сабақты бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Балықтар теңізде, көлде, өзенде мекендейді. Балықтың түрлері көп. Олар: жайын, бекіре, майшабақ, алабұға, табан, шортан,сазан, т.б. біз хайуанаттар бағында болдық. Онда үлкен аквариумде балықтар жүзіп жүр.

2-тапсырма. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу.

Әр топқа тапсырма беру:

1 топ - мәтін бойынша 5сұрақ құрастырыңдар.

Балық атауларына көптік жалғауларын жалғап жазыңдар.

2 топ - мәтін бойынша диалог құрастыру.

«Балық» сөзді жіктеңдер.

3 топ - «Балықтар» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Сөздерде бар жалғауларын белгілеңдер.

Тапсырмаларды орындаған кейін әр топ жауап береді.

Сергіту сәті.

3-тапсырма. Парталас досыңмен жұмыс. Мәтінді толықтырып жаз.

Боря әжесімен ... барды. Олар ... сатып алды. Хайуанаттар бағында ... бар. Аквариумде ... бар. Олар: ... , ... , ... , ... , ... . Олар аквариумде ... ... .

4-тапсырма. Мақалды түсініп оқыңдар.

Мақалды қалай түсінесіңдер?

Балық жоқта бақа да балық.

5-тапсырма. Тақта алдында жұмыс.

«Қандай әріп жоғалды?» ойыны

Жай...н, бек...ре, алаб...ға, та..ан, те..із, майшаба... .

Венн диаграммасын толтыру.

Жануарлар

Балықтар

Не

ортақ?

VІ. Сабақты қорытындылау.

  • Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

  • Балықтар туралы не білдік?

  • Не қызықты болды?

  • Не ұнады?

VІІ. Оқушыларды жауаптарын бағалу.


VІІІ. Үй тапсырма.

Бір балықты тандап сурет салу, шағын шығарма жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал