7


  • Учителю
  • Доклад на тему Использование возможностей информационных технологии на уроке казахского языка развивая коммуникативную компетентностную среду учащегося

Доклад на тему Использование возможностей информационных технологии на уроке казахского языка развивая коммуникативную компетентностную среду учащегося

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









«Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың коммуникативті құзыреттілік ортасын қалыптастыру» атты баяндама

Доклад на тему

</<font face="Times New Roman, serif">«Использование возможностей информационных технологии на уроке казахского языка развивая коммуникативную компетентностную среду учащегося»





Павлодар ауданының Красноармейка ЖОМ

қазақ тілі мұғалімі Габбасова Д.К.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры » деп аталады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі оны практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электронды оқулықтар, тексеру, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. [ 2,15]

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты -бұл ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Ал сөйлеу дағдысын қалыптастыру оқушылардың дұрыс жазу дағдысын меңгеруіне дайындық жасайды. . [ 1,9]





Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Қазіргі кезде оқу үрдісінде дәстүрлі оқытумен қоса, дәстүрлі емес құралдармен оқыту да кейінгі кезде кең тарауда. Соның біріне тоқталатын болсақ, бұл- электронды оқулықтың көмегімен оқыту.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді,оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдаған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, кестелермен жұмыс жасауға дағдыланады.

Электрондық оқулықтар арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді және әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулықпен оқыту - мұғалімнің әр баламен жеке жұмыс істегенімен бірдей. Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрауға ұялып, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына себеп болады. Ал электрондық оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті, түсінбеген сөзді бөліп анықтама бөлімінен қарауға, сол сөздің түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көптен-көп көмегін тигізеді. Электронды оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда әр оқушыны оқытушы тарапынан бақылау өте жиі болмай қалуы да кездеседі, ал электрондық оқулықтың көмегімен оқыту үрдісінің әр кезеңін бақылай алады. Тіпті, кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қана қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сілтемелер беріліп отырады. Бұл оқушы үшін, біріншіден, үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. . [ 3,12]





Мысалы, өзім сабақ беретін сыныптарымда электрондық оқулықты пайдаланамын. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын байқауға болады. Әсіресе, 9- сыныпта әдебиет сабақтарын, қазақ тілінің грамматикасын ескерсек, элекрондық оқулық ұстаздың оң қолы, көмекшісі, оқушыларға білімді толық игеруіне жол ашатын бірден бір әдіс. Шығармаларды оқытуда электрондық оқулықты пайдалану тиімді деп санаймын.

Оқытуда негізгі салмақ оқушының жаңа білімді қабылдауына, саналы игеруіне, іздеуіне жұмсалған. Мұндай әдістемені оқушы ауырып сабақ босатқанда немесе тапсырманы орындап үлгермеген жағдайда қолдану ыңғайлы. Бұл жағдайда оқушылар информатика кабинетінде сабақтан кейін қалып, аяқталмаған тапсырманы толық орындауына болады. Сондай-ақ, сабақ уақытында өз тапсырмаларын орындап болғандар басқа оқушыларды күтпей, келесі бөлімге ауысуына болады. Осылайша оқушының жеке жұмыс істеу тәртібіне байланысты барлығы жақсы нәтижеге қол жеткізеді. . [ 4,27]





Сонымен қатар, оқушылар грамматикалық анықтамаларды оқи отырып, білімін тереңдете алады. Міне, осындай мүмкіндіктердің барлығы оқудың себебін күшейтеді, оқушылардың тілге деген қызығушылығын көтереді, оқуға деген белсенділігін арттырады, оқытудың дәстүрлі формасынан шығып,оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегін тигізеді.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Алайда, оқу үдерісінің қарқындылығын арттыруда мұғалімнің ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану құзіреттіліктері қалыптасқан ба және оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы шешу қабілеті бар ма деген сұрақ туындайды.Әр білім беру мекемелеріне жан беріп, оны қозғалысқа келтіретін, әр оқушыны келешекке жетелейтін - мұғалім. Сондықтан бүгінгі күні білім беру ісінде оқытудың тиімді де жаңа технологияларын кеңінен таратып, күнделікті қолданысқа ендіретін ұстаздарымыздың шеберлігі ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта қалалық, аудандық ұстаздар бірлесіп, шығармашылық топтар құрып, өз шеберлігін шыңдау үшін, біліктілігін ары қарай көтеру мақсатымен, өз тәжірибесімен бөлісу үшін электрондық оқулықтар құруда. Бұл жұмыс ізденісті, АКТ-ды жетік меңгеруді талап етеді. Өз жұмыстарын қорғағаннан кейін сабақта қолдана алады, өз еңбегінің жемісін сабағында қолданып, қазақ тілі пәнінің сапасын арттыруда зор үлес қосуда.

Электрондық оқулықтар келесі дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі және пән бойынша негізгі білімдерді меңгеру, меңгерген білімдерін жүйелеу, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

АКТ-ның барлық мүмкіндіктерін сабақ беретін сыныптарымда тиімді пайдалануға тырысамын. Қалалық шығармашылық топ ұжымына еніп, мектеп ұстаздарымен бірлесіп 9- орыс сыныбының қазақ тілі пәнінен «мұражайлар» модуліне электрондық оқулық жасадық. Қазіргі уақытта 9-сыныптарда грамматикалық тақырыппен қатар сабақта қолданамын. Әр оқушы деңгей бойынша өзінің жұмыс темпімен тапсырмаларды орындайды, жаңа лексикалық қормен танысып, сілтемелерді баса отырып, ережелерлді қайталап, грамматикалық тапсырмаларды орындайды.

10 «б», 5 «б» сыныбында мәтінмен жұмыс кезінде аудиотаспаға жазылған мәтін тыңдалып, тыңдалым әрекеті жүзеге асты. Оқушыларға дағдылы мұғалімнің сабақ үстіндегі даусын естігеннен гөрі, аудиотаспаға жазылған мәтінді тыңдау- қызығушылық тудырады.

Сабақ соңында оқушылар электрондық оқулықта берілген тапсырмалар арқылы өз білімін өз бетінше тексере алады. Бастауыш сыныптарда электрондық оқулықты оқушыларда тыңдалым, оқылым әрекеттерін іске асыруда аса маңызды роль ойнайды. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған электрондық оқулықтар көрнекілік жағынан тартымды келеді, қызығушылығын арттыру, зейінін аударту мақсатында дыбыстық элементтер,т.б көбірек қолданылады.

5 «Б» сыныбының жас ерекшелігін ескерсек, сергіту сәтін мультимедиалық кабинетте ибт-ны қолдана отырып өткіземін. Олардың қызығушылығын арттыра түсу үшін ойын түрінде тапсырмалар беріледі, аударма жұмысында онлайн сөздікті қолдана отырып жұмыс жасайды.

Соңғы жылдары қазақ тілінен көптеген компьютерлік бағдарламалар құрастырылып жатыр. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қазіргі кездегі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Қолданбалы компьютерлік бағдарламалар

  2. Жаттықтырушы компьютерлік бағдарламалар. Олар бұрынғы материалды қайталау немесе материалды бекіту үшін қолданылады.

  3. Тесттік диагностикалық материалдар. Олардың мақсаты - білім, дағды, іскерлікті бағалау.

  4. Ақпараттық-іздестіру бағдарламары.Олар қолданушыға қажет ақпаратты таңдауға және оны анықтауға бағытталады.

  5. Ойын арқылы оқу бағдарламалары. Білім алуда жағдаяттарды ойын түрінде ұсыну арқылы, дұрыс шешім таңдауға үйрететін бағдарламалар.

  6. Аудармашы - сөздік бағдарламалар. Олар тек сөздерді аудару ғана емес, сөз тіркестері, мәтіндерді аударуға арналған бағдарламалар.

Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, бала жадында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп, кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек.

Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі кезеңдерді ескеру қажет:

Мұғалім-кеңесші, саралаушы, ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Электрондық оқулықпен жұмыс жасау маршруты: модуль-мәтін-сөздік-сұхбат-бейнежазба- тапсырма-қорытынды тест.

Ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» болып саналады. Нақтырақ айтсам, 5- сыныптың әдебиет сабағында Бауыржан Момышұлының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзіндісін оқытуда ең алдымен жазушы өмірімен таныстыратын слайд көрсетілді, маңызды жылдар мен оқиғалар аталды. Шығарманы түсіну үшін мультфильм көрсетілді. Содан әр кейіпкерге сипаттаманы схемаға түсіріп берді.

Менің ойымша, кез-келген шығарманы талдамас бұрын, оқушылардың шығармаға деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан интерактивті сабақ мүмкіндіктерін қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тиімді пайдалануға әбден болады.

Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне ақпараттық сөйлеуде ғана емес, ұрпағымыздың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор.

Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын.

Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

*үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

*оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

*грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

*оқушылардың есте сақтау,есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

*пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.- Алматы,1996ж.

2.Ф.де Соссюр. Труды по языкознанию.- Москва,1977.

3.Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.Қазақстан мектебі.№4,2005

4. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері.Алматы,2005 ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал