7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему Баяндауыш 8 класс

Открытый урок на тему Баяндауыш 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КОткрытый урок на тему Баяндауыш 8 классүні:10.10.2014 8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, анализ-синтез т.б

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Психологиялық дайындық. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру. Баяндауыш - сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:Заман өзгерген,білім күшейген.

Қазына - халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды.

Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет - уайым жеу.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:Баяндауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Етістіктер

Мен өте қуандым Сен қайда жүрсің?

Сын есімдер

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз. Ел тоқ.

Зат есімдер

Сендер бақытты адамсыңдар.

Ат - көлік, қамшы - қару.

Сан есімдер

Ер кезегі - үш.

Үш жердегі үш - тоғыз.

Есімдіктер

Медеуі - мен. Өтегені - өзі.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

От жылт еті. Мылтық тарс етті.

2-тапсырма. Екі сөзден тастап оқып, сөздерден өлең жолын құрастыр. Құрамынан баяндауышты тап. Адамның, бала, оқытуды, бір, деген, жек, қызығы, баланы, көрмедім.

Жауабы: Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Бұл үзінді қай өлеңнен алынған? Өлеңнің авторы туралы не білесіңдер?



Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, бәрін осы басқарған,

Мынау менің басым, бәрін осы бастаған.

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым, Бәрін осы бастаған.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма. Мақалдарды жалғастыр.

  1. Білімдіге дүние ... (жарық) Білімсіздің күні .... (кәріп)

  1. Еңбекқордың ерні .... (майлы)

4. Ақыл - тозбайтын ..... (тон) Білім - таусылмайтын ....(кен)

Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз. Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта Жаңа сабақты қорытындылау 1. Венн диаграммасы (салыстыру) әдісі арқылы.

2. Сұрақ-жауап арқылы.. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 39-жаттығу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал