7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тақырыбы'Жеңіс күні' (6 класс)

Ашық сабақ тақырыбы'Жеңіс күні' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ,қазақ тілі,6-9 сыныптар

Сабақтың тақырыбы:Жеңіс күні

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін тереңдете оқыту.

2.Тіл байлықтарын,сөздік қорын молайту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушылардың Отанға ,жерге,елге деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың түрі:бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:мәтінмен жұмыс,тапсырмалар орындау

Көрнекіліктер:буклет,батырлардың суреті

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Сөздік диктант

...лы Отан,Же...іс,со...ыс,ерл...к,шы...ыс,ек... м...рте,те...десі жо... ,жауынг...р.

Миға шабуыл:

*Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып,қай жылы аяқталды?

*Биыл жеңістің неше жылдығы тойланады?

*Ұлы Отан соғысының батырларын атаңдар?

3.Мәтінмен жұмыс

1) мәтінді мұғалім дауыстап ,мәнерлеп оқиды.

2)оқушылар мәнерлеп дауыстап оқиды.

3)мәтінді орыс тіліне аудару(кезекпен)

4)Сұрақтарға жауап беру

*Жеңіс күні қашан тойланады?

*Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?

*Сол атаққа ие болған Шығыстың тұңғыш қыздары кімдер?

*Мұндай атаққа екі мәрте кімдер ие болды?

*Биыл Жеңістің неше жылдығы тойланады?

5)Лера Маншук Маметова туралы,Катя Әлия Молдагулова туралы мәлімдеме жасайды.

Сөздік жұмыс:

Ұлы Отан соғысы-Великая Отечественная война

Жеңіс-победа

Ерлік-героизм

Атақ-звание

Жауынгер-солдат

6)Мәтінге тапсырмалар орындау

1-тапсырма:Сөздердің синонимдерін тап

Соғыс- ұрыс отбасы-жанұя

Аттанды- жүріп кетті қатысқан-соғысқан

Атақ-даңқ ерлік- батырлық

Жауынгер-солдат мақтаныш-мақтан етеді

2-тапсырма:Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып көшір.Етістіктің шағын анықта.(тақтада орындайды,кезекпен)

Т.Бигельдинов жасынан ұшқ...ш болуды ар..андаған.Ол жауға қарсы 305 рет ұш...п,оның сег...з жүзден астам техник...сын істен шы...арды.С.Луганский 390 рет жауынгерл...к сапарға шы...ады.Ол жекпе-жек айқаста жауды... 37 ...шағын атып түсірді.И.Ф. Павлов 200-ден аса ә...е шабуылына ...атысқан. Ұшқыш ,аға ұшқ...ш,звено басқар...шысы,авиация полкінің штурманы дәреж...лерін атқ...рған.

3-тапсырма: 2-тапсырмадағы кездесетін етістіктерді теріп алып,оларды қалау және шартты рай түрінде жазыңдар.

Қалау рай шартты рай

Армандаған-

Шығарды-

Шығады-

Түсірді-

Қатысқан-

Атқарған-

4-тапсырма:Сөйлемдері көшіріп жазып,асты сызылған зат есімдердің жалғауын тауып,сыз,жалғау түрін ата.

1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы Отан соғысы Кеңес елінің жеңісімен аяқталды.Бұл нағыз жеңіс болды.Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді.Бұл күн Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндердің бірі.Өйткені қазақстандықтар бұл жеңіске сүбелі үлес қосты.

Рефлексия:

1.Сендерге сабақ ұнады ма?

2.Бүгін сабақта не туралы білдік?

Үйге:Ұлы Отан соғысы туралы реферат жазып келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал