- Учителю
- My school. Менің мектебім.
My school. Менің мектебім.
Сыныбы: 3 «А»
Күні: 26.11.2015 жыл, 4-сабақ.
Пәні: ағылшын тілі.
Дәріс залы: №27 сыныбы.
Тақырыбы: Менің мектебім.
Мақсаты:
Өз мектебін сипаттай алуға үйрету. Өзінің сүйікті істерін баяндап беруге үйрету. Сыныпта бірігіп жұмыс атқаруға баулу. Жаңа сөздер арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Өз мектебін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар шет тілінде мектебін сипаттай алады.
-
Топтық жұмысқа бейімделеді.
-
Өздігінен білім алуға бейімделеді.
Түрі:
пысықтау, жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер:
Диалогтік оқыту, жеке, жұптық, топтық оқыту, акт, ыстық орындық, флипчартпен жұмыс, бас бармақ, кері байланыс.
Көрнекілігі:
интербелсенді тақтадағы презентация, аудиожазба, бейнеролик, кітап, жұмыс дәптері, жұлдызшалар, стикерлер, суреттер, флипчарт, түрлі-түсті қарындаш.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Good morning, children.
-
How are you?
-
Good morning, children.
-
I'm O'K.
-
Ынтымақтастық атмосферасы.(2мин)
Тобыңды тап.
Оқушыларға оқу-құрал жабдықтарының суреттері таратылады. Оқушылар шеңберге тұрады.
-
Оқушылар сендерге карточкалар беремін. Осы карточкаларды көршімізге көрсетпей қараймыз. Қарап болған соң, өз тобымыздың мүшесін мимикамен, іс-қимылмен табамыз.
Оқушылар шеңберге тұрады.
Карточкаға қарап, мимикамен, іс-қимылмен өз топ мүшесін табады.
-
Өткен тақырыпты еске түсіру. (5 мин)
«Ыстық орындық» әдісі.
Оқушылардың бірігіп жұмыс істеуге, оларды топқа бірігуіне ықпал етеді. Топтар арасында бәсекелестік туғызады.
Тақтада слайдты шығарып отыру.
-
Оқушылар, біз қазір бір ойын ойнаймыз. Ортаға тақтаға теріс қарап, 1 оқушы отырады. Топ мүшелері ортадағы оқушыға мимка мен іс-әрекетпен тақтадағы суретті түсіндіреді. Оқушы оны ағылшын тілінде атауы тиіс.
Оқушылар ортадағы оқушыға суретті түсіндіріп, атауы тиіс.
-
Сабақтың тақырыбын ашу. (1мин)
Мұғалім суреттердің қандай тақырыпқа қатысты екенін сұрайды.
Оқушылар тақырыпты ашуы тиіс.
-
Жаңа сабақ. (7мин)
Тақтада жаңа сөздер суреттермен жазылады.
Оқушылар өздігінен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтайды.
Жұмыс дәптері.
1 жаттығу 22 бет.Жеке жұмыс.
Сөзжұмбақты орында.
Сөзжұмбақты орындап болған соң, мұғалім топтың бір оқушысының жұмысын тексеріп, ол оқушыға топ мүшелерінің жұмысын тексеруді ұсыну.
Оқушылар жеке сөзжұмбақты орындайды.
Тексерілген оқушы топты тексеріп шығады.
-
Сергіту сәті. (2мин)
Тақтада көңіл көтеретін, шаршағанды басатын бейнеролик көрсетіледі.
Head, shoulders, knees and toes.
Оқушылар бейнероликте көрсетілген жаттығуды қайталайды.
-
Жаңа ақпарат. (10 мин)
Кітаппен жұмыс. 2 жаттығу 28 бет.
Аудиожазба 15.
Жеке, жұптық,топтық жұмыс.
Жұмыс дәптері. 2 жаттығу 22 бет.
Беннің мектебі.
Аудиожазба16. Қосымша1.
Оқушылар тыңдайды, мағынаны түсінеді.
Оқушылар жеке, кейін жұппен, топпен аудиожазбаны тыңдап, кестені толтырады.
-
Шығармашылық тапсырма. (5мин)
Мұғалім оқушыларға флипчарт, түрлі-түсті қарындаш, мектепке қатысты суреттер береді.
Оқушылар топпен біріге отырып, «Менің мектебім» тақырыбында постер құрастырады.
Оны басқа топтар алдында ағылшын тілінде қорғайды.
-
Кері байланыс.
Түрлі түсті стикерге өз ойларын жазуға таратады.
Оқушылар түрлі-түсті стикерге «Не білгені?» және «Не түсінгенбегенін?» жазады.
Оқушыларға «Бас бармақ» ойыны түсіндіріледі.
Оқушылар сабақты ұнатқанына қарай бас бармақтарын көтереді.
Жоғары - өте ұнады.
Көлденең - орташа
Төмен - ұнамады.
-
Бағалау.
Оқушыларға сабақ барысында жұлдызшалар таратылады.
Жұлдызшалар түсіне қарай бағаланады.
Қызыл - 5
Көк - 4
Сары - 3