7


  • Учителю
  • Қазақтың ұлттық дастарқаны 5 сыныптың сабақ жоспары

Қазақтың ұлттық дастарқаны 5 сыныптың сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақ тақырыбы: «Қазақтың ұлттық дастарқаны».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру. Оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
2. Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту. Оқушылардың шығармашылығын, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық тағамдары туралы, олардың пайдасы туралы айтып, үйрету, мәдениеттілікке баулу. Жаңашырлыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта. Суреттер.
1.Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу;

-Сыныпта кім жоғын тексеру;

-Сабаққа дайындығын қадағалау;

-Барлық көңілдерін сабаққа ауыту;
- Ауызекі сөйлеу;

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2.Жаңа сөздермен танысу:

еда, пища- (дәм)
не попробовав- (ауыз тимей)
гость-(қонақ)
гостеприимство- (қонақжайлылық)
1. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?(Шұжық, бесбармақ,қазы,қарта т.т)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой,сиыр,түйе,жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не?(...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5.Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
7. Айран ненің сүтінен жасалады?(сиыр сүтінен)
8. Қазы, қарта, жая ненің еті?(жылқы еті)
9. Бесбармаққа ненің етін салады?(жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
10. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?(жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
11. Құрт неден жасалады? (сүттен)
2. Берілген сөйлемдерді аудар
Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)
Мына сөйлемді аудар:
Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары -рімшік, сүт, құрт, май.)

3.Сергіту сәті: Оқушыларды тұрғызып, шамалы бойын жазамыз.
3. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)

Мақал-мәтелді аяқта:
Ат-адамның қанаты,
(Ас- адамның қуаты)
Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)
4. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстарды толықтырып жаз.
1) Қаза...та ұлт...ық та... амдар ал...ан түрлі.
2) Дастар...андағы д...м, та...амнан а...ыз тимей кетуге болмайды.
1) Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды.
2) Қазақта дастар...аннан, д...мнен үлкен н...рсе жоқ.

5. Берілген сөздерді тәуелдеу.

Ұлт, тағам, дастарқан.
4.Үй жұмысы: Диалог құру «Қазақтың ұлттық тағамдары»
5.Қорытынды.
6.Рефлексия :
Сонымен сабақты қортындылайық:
- Ет тағамдарын атаңдар?
- Сүт тағамдарын атаңдар?
- Нан тағамдарын атаңдар?
- Жылқы, сиыр, түйе не береді?
- Шұжық неден жасалады?
- Ұлттық тағамдарды ата?
7.Бағалау: Тиісті бағаларын қою.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал