- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку М. Өтемісұлы «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері.
Открытый урок по казахскому языку М. Өтемісұлы «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері.
Сыныбы: 9 «Б» | Күні: 28.01.2015 жыл | |||
Сабақтың тақырыбы: | М.Өтемісұлы «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері. | |||
Мақсаты:
| Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерінің тақырыбын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату. | |||
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
| -Оқушылардың түрлі тапсырмаларды орындаулары арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу; -Мұғалім оқуға бағыттап отыру; -Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау. | |||
Сабақтың түрі Сабақтың типі Сабақтың әдісі мен тәсілдері | іздендіру сабағы аралас сабақ түсіндірмелі-көрнекілік, ішінара іздендіру, визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ойлан-жұптас-бөліс», «Бортты журнал» әдісі,сатылай кешенді талдау, «6 телпек» әдісі, формативті бағалау түрлері т.б. | |||
Күтілетін нәтижелер:
| - Шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады; - топта ойласа отырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды; - тапсырмаларға өз ойын айта алады; - оқушылар сөздік қорын молайтады. - сабақта тапсырманы қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады. | |||
Сабақтың көрнекілігі: | Мультимедиалық проектор, флипчарт, маркер, бағалау парағы, стикер т.б. | |||
Сабақтың барысы: | ||||
Сабақ кезеңдері: | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
І Ұйымдастыру кезеңі.
| 2 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру.3. Сыныпты топқа бөле отырып, жалпы топ ережесін құрып, бағалау парағын таратамын. | Шеңбер құрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Сөз қиындылары арқылы топқа бөлінеді. І топ - «Ақын» ІІ топ - «Батыр» ІІІ топ - «Күйші» | |
ІІ Үй тапсырмасын сұрау және бекіту.
| 10 мин | 1.М.Өтемісұлы кім? Ақын туралы не білеміз? Қандай шығармаларын білеміз? 2. Өлеңнен үзінді жатқа айту. 3. «Алты телпек» әдісі бойынша ақын әрекетін баяндау. | І топ - «Зерттеушілік конференциясы» әдісі бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды. ІІ топ - Өлеңді жатқа айтады. ІІІ топ - «Алты телпек» әдісі бойынша ақын әрекетін баяндап шығады. | |
ІІІ Жаңа сабақ | 3 мин | М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерін мәнерлеп оқу. | Сабақ мақсатын анықтап, сабақтың критерийлерін шығарады: М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері туралы білу. Құндылығын, мазмұнын анықтау. Мысал келтіре алу. Қолдана алу. | |
Сабақты бекіту тапсырмалары
|
25 мин
| «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерімен белсенді оқытып таныстыру, жаңа тақырыпты меңгерту.
Ойтолғаныс. Қылқалам -қаламдары ұштала берсін деген ниетпен ақындар тобы өлең шығарады, хат -сәлемдері алысқа самғасын деген оймен батыр тобы Махамбет тұлғасын топтастырады, кітап - білім нәрімен сусындасын деген ниетпен күйші тобы таңдайды олар . Сергіту сәті. Махамбеттің күйі. «Жұмыр қылыш» І Үш қадамды сұхбат әдісін пайдалан отырып, оқушылардың Махамбет образын сын тұрғысынан талдау жасауына ықпал етемін. ІІ «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы ой қорыту. ІІІ «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша білімдерін қорытындылау. | Топтық тапсырмалар. І топ - Өлеңнің дүниеге келу тарихына шолу жасайды. ІІ топ - Өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасайды. ІІІ топ - «Бортты журнал» әдісі бойынша түсініксіз сөздерге түсінік беру. Тапсырмалар реті төмендегідей: І.Ақын тобының тапсырмасы. Махамбетке өлең шығарады ІІ.Батыр тобының тапсырмасы. Махамбеттің өз тұлғасы топтастыру. ІІІ.Күйші тобының тапсырмасы. «Махамбет өлеңдері жайында ой» ой толғау. «Жұмыр қылыш» күйіне сәйкестендірілген сергіту жаттығуын жасайды. І топ - Сұхбат алушы- жауап беруші- жинақтаушы ІІ топ - Жасырынған сандардың жауабын табу арқылы ой қорытады. ІІІ топ - Топтан орындыққа бір оқушы шығады, басқа топтағылар сұрақ береді, ол дәл әрі нақты жауап береді. | |
Қорытынды: Үйге тапсырма
Бағалау. Рефлексия | 2 мин 1 мин
2 мин
| Махамбет бабамыздың тарихтағы ізі мәңгі өшпестей ұрпақтан- ұрпаққа берер мұра екендігін айтып, қорытамын. Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерін жаттау. Махамбет өлеңдерінің зерттелуі. Жеке, жұптық, топтық бағалауларын ұсынуды сұраймын. Рефлексия парағын толтыру. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Жеке, жұптық, топтық бағалауларын ұсынады. Рефлексия парағын толтырады. |