- Учителю
- ҮСтеуді өткенді қайталау, 6 класс
ҮСтеуді өткенді қайталау, 6 класс
Тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау.
Мақсаты: 1. Үстеу тақырыбы бойынша өткен мағыналық топтарын пысықтап, білімін қорыту.
2.Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, ойын, білімін ұштау.
3. Тапқырлыққа, еңбекке, айналаны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Әдісі: Ертегі түрінде көрініс.
Көрнекілігі: Қалпақтар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Топтау мақсатында қалпақ түстерін таңдау.
ІІ. Слайд арқылы үстеудің мағыналық топтарын еске түсіру, пысықтау.
ІІІ. Дамыта оқыту мақсатында әр оқушы ертегіні құрастырады
IV. Мезгіл үстеуі - көк қалпақтылар
Мекен үстеуі - жасыл қалпақтылар
Сын - қимыл үстеуі - сұры қалпақтылар
Мөлшер үстеуі - ашық қызыл қалпақтылар
Күшейткіш үстеуі - қызыл қалпақтылар
Мақсат үстеуі - сары қалпақтылар
Себеп - салдар үстеуі - қара қалпақтылар
Топтау үстеуі - күрең түстілер
Топтар өз үстеулерін қатыстырып, тақырып қорғау, мысалы: Мезгіл үстеуі «Уақыт алтыннанда қымбат» т.б
V. 2 - тапсырма.
Өз үстеулерін қолдана отырып, әр топ мақал - мәтел, жұмбақтар немесе өлең жолдарын оқу
VI. Үстеу топтарына байланысты сурет салу, оны қорғау. (Сөздік қорларын молайту мақсатында)
VII. Мұғалім ертегіні бастайды. Оқушылар өз үстеулерін қатыстыра отырып жалғастырады, қимыл арқылы көрініс көрсетеді.
Мысалы. Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың 8 баласы болыпты: Мезгіл, Мекен, Мөлшер, Топтау атты қыздары болыпты, Сын - қимыл, Күшейткіш, Мақсат, Себеп деген ұлдары болыпты.
Әрі қарай оқушылар өз үстеулерін қатыстырып жалғастырады.
1-топ:
Мезгілдің еркелеткен аты - Уақыт болыпты. Ол ертеден кешке дейін талмай еңбек етеді екен. Қыстыгүні мал бағып, жаздыгүні егін егіпті. Сөйтіп әке - шешесін баяғыдан бағып келеді екен.
Келесі топ:
Мөлшер - Мезгілдің сіңілсі екен, ол осында болғанына қуанышты. Ол әке - шешесін әрі - бері қыдыртады екен. Т.б
Осылайша әр топ ертегіні қызықты етіп өрбітеді.
VIII. Бағалау. Сабақ соңында мұғалім әр топқа жұмыстарына орай, тақырыбына қарай номинациялар береді.
Мезгіл тобы - «Алтын уақыт» номинациясы
Мөлшер тобы - «Дәулетті мекен»
Сын - қимыл тобы - «Еңбек елі»
Мекен тобы - «Байтақ дала»
Күшейткіш тобы - «Жарық жұлдыз»
Мақсат тобы - «Мәңгілік ел»
Себеп - салдар тобы - «Ақылды қала»
Топтастыру тобы - «Біртұтас ел»
IX. Үйге тапсырма. Өткенді пысықтау.