7


5 класс на тему алматы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 06.12.2016

Сынып: 5 «А», «Б», «В»

Пән: қазақ тілі

Тақырыбы: Алматы-мәдени орталық

Мақсаты:

Білімділік: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

Тәрбиелік: Атамекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;

Сабақ түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, аударма, ойын элементтері

Көрнекілігі: Суреттер,Алматы қаласының суреттері

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен жүздесу, сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа бұру

2. Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің жаңа тақырып «Алматы қаласы»

Жаңа сөздер:

Алатаудың етегінде - у подножия Алатау

әлемге әйгілі - известный всему миру

мұзайдын - ледовый каток

балдай - сладкий как мед

Оқушыларға сөйлемдер құрату.

Алматым - жүректің жыры!

Алматым - жанардың нұры!

Алматым - сөнбес күнім!

Алматым - өлмес гүлім!

Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.

Оқылым: Мәтінмен жұмыс

1-тапсырма. Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөзді теріп жазып, үлгі бойынша талдаңдар.

Үлгі: орталығы - орталық+ы

Менің қалам

Алматы -өте әдемі қала. Қалада үлкен, зәулім үйлер өте көп. Алматы қаласының халқы миллионнан асады. Қала халқы көп ұлтты. Алматыда әр алуан ұлттық мәдени орталықтар бар. Қалада көптеген мектептер, жоғарғы оқу орындары бар. Қаланы еліміздің ғылыми, мәдени орталығы деп атайды. Алматыда театрлар, мемлекеттік мұражайлар көп. Сондай мұражайлардың бірі -1973 жы лы құрылған археология мұражайы.





2-тапсырма. Алматы қаласын сурет бойынша сипаттаңдар. 5 класс на тему алматы



3-тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құраңдар.

өте әдемі

Алматы жасыл қала

халқы көп ұлтты





түзу

Қала көшелері кең

үлкен





әдемі алаңдар

биік ғимараттар

Қаланың ортасында театр орналасқан

цирк

мұражайлар



4-тапсырма. Диалог бойынша әңгімелесіңдер.

  • Алматы қаласы қандай орталық?

  • Ірі өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы.

  • Алматы қандай қала?

  • Өте әдемі, сұлу, көркем жасыл қала.

  • Көшелері қандай?

  • Көшелері кең, түзу.

  • Саяжайлар мен демалыс үйлері қайда орналасқан?

  • Тау етегінде.

  • «Медеу» мұз айдыны қайда?

  • Алатау бөктерінде әлемге әйгілі мұз айдыны бар.

4.Үй тапсырмасы.

Алматы қаласы туралы әңгіме құрау.

5. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

6. Қорытынды.

Алматы қаласы туралы не білдік?

Алматы қаласында тұрғанымызға мақтан ете аламыз ба?

Күні: 06.12.2016 Қолы:_____________





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал