- Учителю
- План урока по казахскому языку 7 класс
План урока по казахскому языку 7 класс
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев « Сүйемін » 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін
мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,
шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін
қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,
сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.
3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі - қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге
тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды
өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке,
қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен
жұмыс, топтастыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география
Қолданылған әдебиеттер:
Әдебиет. Р.Құттығожина, Қ.Бітібаев, Е.Арын Алматы «Атамұра» 2012жыл
Мұғалімге әдістемелік құрал
Оқушы анықтамасы 5-11сыныптар.Арман-ПВ баспасы 2004жыл
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.
2. Өтілген материалдарды еске түсіру. Үйге І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келуге және «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін жаттауға берілген болатын. Мағжан Жұмабаев жайлы біліп келуге берілген.
Үй тапсырмасын сұраймын.
3. Жаңа сабақ.
А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.
Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.
Поэмалары: "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»
Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»
Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»
Педагогикалық еңбектері: "Педагогика"кітабы, "Сауатты бол" оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)
Ә) Топтастыру
Б) Электронды оқулықтан Мағжан Жұмбаев жайлы тыңдату.
В) Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту
Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.
Г) (Анасының, жарының, туған жерін (Сарыарқаны) слайд арқылы көрсету)
Ғ) Сөздік жұмысы
Тасбиық Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері
Алаш Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы
Кебін Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Жұмақ О дүниедегі жайлы жер
Д) Өлең құрылысына талдау
Күлдей күңгірт // шашы бар,
Тоқсан бесте // жасы бар,
Көз дегенің - //сұп-сұр көр.
Тасбиық санап // бүгіліп,
Жерге қарап // үңіліп,
Көрше ауыр // күрсінер.
7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас
Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді
Тармақ. Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ - өлеңнің әр жолы)
• Бунақ. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
• Буын - сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
• Ұйқас- өлең-жырлрда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың
буындарымен үйлесуі.
• Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс
ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Е) Дәптермен жұмыс:
Теңеу деген не?
-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.
Метафора деген не?
-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.
Метафора: қыс - ақ кебін, жаз - сары.
Эпитет деген не?
-Эпитет (айқындау) -заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы
"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс - ақ кебін, жаз - сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! -
деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.
Аудармасы:
Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап м. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.
«Махаббат» сөзін топтастыру.
Жанұя махаббаты Достарын сыйлау Ұстазға деген махаббат
Еліне махаббат Туған жеріне махаббат
Екі жастың махаббаты Анасына деген маххаббат
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ата-ана Жар Туған ел, жер
Жанұя-шағын мемлекет
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса, айттың-тойың не керек. Жақсы әйел жолдасың,, жоқтан құрап тойғызар. Туған жердің жуасы да тәтті Туған жердей жер болмас.
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы Неліктен ол маған әсер етті?
«Жаттап ала қояйық» ойыны
І топ
Күлдей------ шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің ------көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
---- ауыр күрсінер.
ІІ топ.
Көзінде көк -------жоқ,
Аузында -----жыры жоқ,
Жалынсыз, --- құшағы,
Иілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай.
Білгені---- ошағы
ІІІ топ.
Сағымы -----құрады,
Бораны ----- тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз-сары.
Орманы жоқ,---- жоқ,
Тауы да жоқ, ---жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.
Тақырыбы Сүйемін
Идеясы Туған-туысын елін, жерін жақсы көру
Шумақ саны 4
Әр шумақтағы жол саны 9
Тәрбие негізі Туған жерін құрметтеу
Қорытынды Туған жердің мәртебесін көтеремін
Сабақты бекіту
. М.Жұмабаевтың өлеңі.
. Ақынның қандай сезімін байқауға болады?
. Ақын туған жер қай жер?
. Табиғаты қандай?
.Ақынның өмірі жайлы не білесіңдер?
Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.
Мағжан Жұмабаев өзінін «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін - сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.
Шығармашылықпен жұмыс.
І топ. « Мағжан атаға» хат жазады
ІІ топ. «Тәуелсіз ел» өлең шығару.
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
---------жүрегімді,
-------------,
--------- берерімді.
ІІІ топ. Ана жайлы, туған жер ,ел жайлы жазған ұлы тұлғалардың өлеңдерін оқу
6. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім сөзі:
Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.
ҮІІ. Бағалау.Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. . «Сүйемін» атты өлеңін хаттап келу