7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты 'Өмір құндылығы'

Ашық тәрбие сағаты 'Өмір құндылығы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы

Қарасай ауданы

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесі

Өткізген: Пирназарова Айжамал Абдирбаевна.



Тәрбие сағаты: ''Өмірдің құндылығы"

Сыныбы: 9А.



Тақырыбы: Өмірдің қундылығы

Мақсаты: Оқушылардың өмір қундылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:

-оқушыларға өмір қундылығы туралы тереңірек білім беру;

-өмірге қуштарлықтарын дамыту;

-өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: суреттер, слайдтар, видио роликтер.

Шаттық шеңбері Өмір жыры сөзі Т.Молдағалиевтікі.

Әні. Ә. Бейсеуовтікі.

  • Өмір деген ойында емес,тойда емес,

Басқалардан биік тұрар бой да емес.

Өмір деген шахмат емес шатасқан,

Өмір деген ұта қояр дойбы емес.

Қайырмасы:

Өмір- қатаң емтихан,

Өтпейтіндер құлайды.

Қадіріне жетпейтіндер

Өмір бойы жылайды



  • Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,

Өмір деген- еңбек, еңбек және еңбек,

Өмір деген бақттың да құсы емес,

Қарап жатсаң, қона қалар саған кеп.

Сурақ-жауап: Өмір дегенді қалай түсінесіндер?

Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады? Тағдыр, тірішілік, махаббат.

Сәттілік сәті. Бір-біріне тілек айту арқылы жүрекшелерді сыйлау.



Мәтінмен жұмыс.Ш.Сариевтің өлеңімен таныстыру. Өмір тек бақыт,қуаныш,шаттықтан ғана емес, оның көлеңкелі жақтарыда болатындығын ұғындыру.

Өмір деген тұрмайды қап -қарадан.

Ш. Сариев.

Өмір деген тұрады таң мен кештен,

Ғумырлы екі араны жанмен кешкен.

Құпия, жұмбақ,сырлы дүниеге,

Адамдар Армен келіп Армен көшкен.

Өмір деген екі өзен Мұң қуаныш

Толқыны шындық -Жалған күлкі -Намыс.

Оқу ақпаратын оқыту, әр ойды тиянақтау, мысал келтіреді.

Адам өмірі бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау, жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.

Халқымыз: Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт құты қашсын-дейді.

Адам жаман -жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап,бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алмады.

Тапсырма.1.Есенберлин мен Б.Бұлқышевтың өмір туралы толғанысын оқу. Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырманы топпен бірлесіп , өз ойларын пайымдау.

1.Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығыда көп.Асыуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырып өтер ылдиы да болады. Кеуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз,қиындықсыз болмайды.Ойламаған жерден жел тұрып сұрапыл дауыл соғады,қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра кенет сарылдай аққан ,өткел бермес долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп, өзінің деген жеріне жетеді.

Есенберлин.

Міне мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп, әр күнімнің ізіне түсіп отырмын, алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім.

Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті.Біріне-бірі жалғасып келіп біріне - бірі айқасып жатқан әдемі шақ ,қымбат күндер жүрегіңді жүз бурап , сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі -сегіз жылдық бақытты шағың , бала кезің одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін армия ,майдан.Шынын айтқанда менің өмірім қазақтың жас жігіттінің өмірі жаңа ғана басталады.Міне тап бүгінгі күнде таңерертенгі ұрыс алдында ,туған елім мен барлық халқыма,тіпті барлық адам баласына Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі, мен өмірімді қатты сүйемін менің өмір сүргім келеді.-деп бар дауысым мен айқайлағым келеді.

Оқушылар мен әңгімелесу. Өмір тек баққытты кездерден тұрама?

Адам боп оңай туғанмен,

Адам боп қалу көп қиын.

Елім үшін жаным қурбан -деген мақалды қалай түсінесіндер?

Бейбіт заманда елі үшін жанын пида еткен қандай ерлерді білесіңдер?

Постер мен жумыс.1-тапсырма.Есенберлиннің өмір туралы толғанысын оқып шығыңдар.Болашаққа өз күштеріңмен қол жеткіземін деген жоспарлары туралы жазуды ұсыну. Шығармашылықпен жұмыс.

Өмір туралы слайдтарды көрсету. Өмірдің әр сәтін өзіне түртіп алып, соның біреуіне өлең ,мақал ,ой толғау жазу немесе сурет арқылы бейнелеу. Өмірдің әр сәтінен ләззат алу.

Жүректен жүрекке Өміріңе немқұрайлы қарама әнін бірге орындау.



Қортындылау.

Ең бастысы - жүрегің таза болсын;

Өмір - сенің мүмкіндігің пайдалана біл;

Өмір-сұлулық, сүйсіне біл.

Өмір - арман жүзеге асыр,

Өмір- парыз, орындай біл,

Өмір- ойын, ойнай біл,

Өмір-байлық бағалай біл,

Өмір- күрес жеңе біл,

Өмір-бақыт баянды ете біл.

Өмірді аяла

Өзіңе сен өзіңнің күшіңе сен.

Қос қолың қолың істелген ісіңе сен.

Алысыңда сыйлайды,жақыныңда,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Сенім

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер,

Уақытыма сенемін!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал