- Учителю
- Грамматика әлемінде интеллектуалды ойын
Грамматика әлемінде интеллектуалды ойын
«Грамматика әлемінде» интеллектуалды ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін пысықтау, ізденуге үйрету. Сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар. Сіздерді 9 сыныптар арасында өтетін « Грамматика әлемінде» атты интеллектуалды ойынды тамашалауға шақырамыз.
Ойынның бірінші шарты: « Кел, танысайық!».
Қазір әр топ өзінің атымен таныстырады.(топтың аты мен ұраны)
Сахнаға « Білімділер» және « Тапқырлар» топ мүшелері шақырылады.
Ойын қорытындыларын шығару үшін әділ қазылар алқасы сайланады.
1 кезең - Бәйге. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, бұл сұрақтарға оқушылар 2 минут ішінде жауап беруге тиіс. Әр сұраққа бір ұпай беріледі.
1 топ - « Білімділер» командасына қойылатын сұрақтар:
-
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
-
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңыздар.
-
Жақсыз сөйлемде ....... болмайды, болуы да мүмкін емес.
-
Бастауыш пен баяндауштан ғана құрылған сөйлем ...... деп аталады.
-
Шылау сөздердің неше түрі бар? Олар ......
-
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүшемен байланысатын екі не одан да көп мүшелер қалай аталады?
-
Екі түбірден жасалған күрделі сөздер қалай аталады? Мысалы: Теміртау, итмұрын.
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-
Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі - .... деп аталады.
-
Салалас құрмалас сөйлем түрлерін атаңыздар.
2 топ - «Тапқырлар» командасына қойылатын сұрақтар.
Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мушелері де бар сөйлем - ..... деп аталады.
-
Одағайдың неше түрлері бар? Шақыру одағайларға мысал келтіріңіздер.
-
Қазақ тіліне тән неше дауыссыз дыбыстар бар?
-
Екі кісінің бір - бірімен тікелей сөзі .... деп атылады.
-
Не, немесе, я, яғни, әлде, бірде жалғаулықтары қолданылатын құрмалас сөйлем - .....
-
Одағайға қатысты қолданылатын тыныс белгілері - .....
-
Екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем .... деп аталады.
-
Бірде, бірессе, кейде жалғаулықтары қолданылатын құрмалас сөйлем
-
Жай сөйлем түрлерін атаңыздар .
-
. Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?
10) Тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мушелері де бар сөйлем - ..... деп аталады 2 кезең -Полиглот Әр командаға шашылған сөз беріледі, бұл сөздердің әріптерінен жаңа сөздерді шығару керек.
1 команда - « Табиғатпен »
2 команда - «Тәуелсіздік »
Әділ қазылар алқасына сөз.
3 кезең - Көкпар. Әр команда сұрақтарды таңдап алады.
-
« Өнер адамдары ».
-
« Қоғам қайраткерлері ».
-
« Тарихи тұлғалар».
-
« Егеменді Қазақстан».
« Өнер адамдары »
-
1925 жылы Парижде « Ағаш аяқ «, « Жалғыс арша» әндерін орындаған әнші.
-
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған суретші.
«Қоғам қайраткерлері ».
-
«Невада - Семей» қозғалысын басқарған атақты ақын.
-
Ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері.
«Тарихи тұлғалар».
-
Кіші жүздің ,орта жүз,ұлы жүз билері.
-
Қазақ хандығының билеушілерін атаңыздар.
«Егеменді Қазақстан»
-
« Ата Заң» қай жылы қабылданған?
-
Елбасының «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы жарияланды?
4 кезең - « Капитандар сайысы ».
Әр капитанға 10 сұрақ қойылады. Бір сұраққа 1 ұпай беріледі.
« Білімділер » капитанына берілетін сұрақтар.
-
« Үстеу» қалай аударылады?
-
Жинақтау сан есімнің жұрнақтарын атаңыз.
-
Етістіктін райларын атаңыз.
-
« Достық » сөзіндегі қосымшаны атаңыз.
-
Күнпарақ неше күннен тұрады?
-
« Музыканың ұлы кітабы » кімнің еңбегі?
-
Зат есімнің мағынасына қарай түрлері.
-
« Алфавит » термині шыққан тілді атаңыз.
-
Сын есімнің шырайларын атаңыз.
-
Қыстырма сөздерге мысал келтіріңіз.
« Тапқырлар » капитанына берілетін сұрақтар.
-
Үндестік заңының неше түрі бар?
-
« Деепричастие » сөзінің аудармасын беріңіз.
-
Роман жазатын адам кім?
-
Болымсыз етістік жұрнақтарын атаңыз.
-
Көсемше қай сөйлем мүшесі болады?
-
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері.
-
Септеуліктерге мысал келтіріңіз.
-
Жатыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?
-
« Пырақ » сөзі қалай аударлады?
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
5 кезең - « Мақал - мәтел » сайысы. Әр мақалға бір ұпай беріледі.
Мақалды дұрыс толықтырыңыз.
-
Еңбек түбі - ....
-
Еңбексіз өмір - ....
-
Бірлік болмай - ....
-
Басқа пәле - .....
-
Оқу -білім бұлағы, - ......
-
Елдің көркі- елімен, отан көркі - .....
-
Дос жылатады, дұшпан - .....
-
Еңбектің наны ....., жалқаудың жаны.....
-
Тау мен тасты су бұзады, адамзатты.... бұзады.
-
Жеті рет өлшеп, ....рет кес.
6 кезең - « Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына әр топ бір-біріне 10 сұрақтар құрастырыңыздар? Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
« Грамматика әлемінде »
интеллектуалды ойыны.
Дайындаған: Аманова.Б.А.
Ақсу 2014 жыл
7 кезең Ребусты шешейік. Х , , h, , ,10ы