- Учителю
- Ағылшын тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі
Аудандық тамыз кеңесінің секция отырысы
17 тамыз 2015 жыл
Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ
Ихсанова Тілекхан Орыновна
Бөрлі ҚНМ ағылшын пәні мұғалімі
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі
Дидактика(διαλεκτική- тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу ; үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы , ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда ғалымы өзінің «Ұлы дидактика» () деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
Дидактикалық материал - көрнекілігі басым түрдегі оқыту құралдарының ерекше түрі. Оларға оқушылардың сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс жасауы үшін қолданылатын ақпараттық технологияларға негізделген карта, кесте, үлестірме қағаздар, суреттер т.б. жатады. Дидактикалық материалды қолдану оқыту уақытын үнемдеп, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Дидактикалық материалдарды қолданудың мақсаты:
Оқытылатын материалды өз бетімен меңгеру және ақпараттың түрлі салаларымен жұмыс жасауды қалыптастыру;
Оқушылардың танымдық қабілетін белсенді ету;
Жаңа материалды түсіну және меңгеру
Өзін өзі бақылау және өзін өзі түзеті;
Оқуға деген ынтасын және қызығушылығын күшейту;
Ойлаудың нақты түрлерін дамыту (образды көрнекіік, теориялық, логикалық);
Оқу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті: ақыл - ойды дамыту;
шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды орындату;
ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу;
алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру;
логикалық ойлауды және сөздік қорын толықтыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Қазақстанның әлемдік зерделік нарығында бәсекелестік таныта алатын дарынды тұлға қалыптастыруға қадам жасалады.
2. Оқушының оқу еңбегі биік сапаға жетеді, шығармашылық белсенділігі артады, өз- өзіне сенімділігі күшейіп өз бетімен жұмыс жасай алады.
3. Дарынды тұлға қалыптастыра отырып, Қазақстан Республикасының зерделі әулетін қалыптастыруға үлес қосады.
Ағылшын тілі бойынша дидактикалық материалға не жатады?
1)Бұл әр оқу курсына арнайы жасақталған, оқу материалын меңгергендігін бақылайтын тест түрлері. Жауап кілттері бар немесе тапсырмаларға сәйкес дұрыс жауабы берілген тесттер. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдейді.
2)Дидактикалық материалдың тағы бір түрі- түрлі ойындар. Мысалы, Лото, домино, логикалық ойындар.
Мұндай тапсырмалар оқушылардың өз ойын дәлелдеуге, абстрактілі ойлауға көмектеседі. 2-4 сыныптарда «Қай әріпті жоғалттым?», «Іздеп тап», «Түстерді айыр» ойындары тілдік, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ойындар ұйымдастыруға болады.
2 сыныпта фонетикалық ойындар қолданылады. Мысалы, «Естимін- Естімеймін» ойынын.
Сонымен бірге алфавитпен жұмыс істеуге арналған ойын. Мысалы, «Әріп қайда?» ойыны.
Лексикалық ойындар. «Сандар» ойыны ойналады.
Грамматикалық ойындар. Мысалы, «Қимылдарды көрсету» ,«Let's fly» ойыны.. Ойын нәтижесінде оқушылар жаңа сөздерді тез меңгереді.
Бұл ойын арқылы оқушылардың білім сапасын қалыптастыруда:
1. Грамматиканы жақсы меңгереді;
2. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптасырады;
3. Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болады;
4. Басқа елдің мәдениетіне, өміріне деген қызығушылығы туады;
5. Сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады.
3) Сөзжұмбақтар мен жұмбақтар, басқатырғылар, жаңылтпаштар сөздерді дұрыс айтуға, ойын жаттықтыруға көмектеседі.
4) Оқушыларды пазл, постер, карточкалармен жұмыстандыру көре отырып, есте сақтауына көмектеседі.
5) Жаттығу тапсырмалар
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең əуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тəсілдері түсіндіріледі. Жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тəсілдермен жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай түсінгендері айқындалады, яғни жаттығу əдісі оқыту ісінің теориясын практикамен байланыстыруды жүзеге асырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс атқарғанына қарай фонетикалық, лексикалық,грамматикалық, т.б. болып бөлінеді.
Шəкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда келесі талаптар қойылады.
1.Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2.Жаттығу оқушының тілге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруы тиіс.
3.Жаттығу белгілі-бір жүйеге сәйкес құрылуы керек.
4.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
5.Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынадай талаптар қамтылуы тиіс:
1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы;
2) жаттығу талаптарының түрлі болуы оқу
6) Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері
Мәтін - негізгі қарым - қатынас бірлігі, ал мәтінмен жұмыс істеу - қарым - қатынас жасауға үйренудің құралы.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты түрде ауызша жаттығуларда, сөздік - грамматикалық материалды меңгеру барысында ауызша - сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде жүргізіледі.
Негізгі оқулықта мәтінді оқудан бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, оны анықтау мақсат болса, екіншіден - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл сынып болып немесе 4 - 5 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын арналған «True or false» жаттығулары беріледі. «What do yout think» тапсырмасы бойынша оқушы мәтіндегі мәселе туралы өз ойын ортаға салып, еркін сөйлеуге үйренеді.
Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады.
Тест
Ойын
Сөзжұмбақ пен жұмбақтар т.б
Дидактикалық тапсырмалардың
түрлері
жаттығу
мәтін
Сызба ,кестелер
Оқушыда қалыптасатын дағдылар:
- байқампаздығының дамуы
- ізденгіштікке ұмтылуы
- ой ұшқырлығының еркіндігі
-ағылшын тілі пәніне қызығушылығының артуы.
Қорытындылай келе, дидактикалық материалдар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
1.Топпен жұмыс.
Тест жұмыс
2. Топпен жұмыс.
Қай сөз артық?
Deep, honey, ripe, clever, sly, large
A lake, a river, a sea, a wood, a pond
An insect, a butterfly, a bee, an ant, a fly
Plums, peaches, grains, grapes, pears, oranges, apples
China, France, English, Russia, Germany, Canada
A stork, a bear, a sparrow, an owl, a quail
Сөзді анықтамасымен сәйкестендір.
Match the words with their meanings:
Meal a) a person who makes food
Dish b) a particular style of cooking
Food c) the separate stages in which a meal is served
Course d) food which is eaten at the same time each day
Cook e) things that people eat, such as vegetables and
meat
Cuisine f) food prepared in a particular way, typical of a
particular area
Portion g) a small amount of food between main meals or instead
of a meal
Snack h) an amount of food for one person, when served in a
restaurant
3.Топпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
Task2. a) Read the text about Omar's letter to his friend.
Dear Darkhan!
I have got a new friend. His name is Adil. He is 14. He is tall and handsome. He is not fat, he is thin. He has got a sister. Her name is Asem. She is 13. She is beautiful. Her hair is short. Adil's father is strict but he is kind. His mother is very nice. They are very friendly.
b) Answer the questions:
1. What's Omar's friend's name? ________________________ .
2. How old is Adil? ___________________________ .
3. Is Adil fat? ____________________ .
4. What is he like? ___________________________ .
c) Answer the following questions about you friend (friends).
1) What's your friend's name?
2) What does she/he look like?
3) What does she like /dislike?
4) What is her favourite sport?
5) What are her father and mother?
6) What do they look like?
7) What are their personal qualities?
Пайдаланған әдебиеттер
-
Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік - педагогикалық
журнал. №3(45), 2010.
-
Мектептегі шет тілі. №3(27), 2007.
-
Мектептегі шет тілі. №2(44), 2010.
-
AN Shchukin, "Foreign Language Learning: Theory and Practice: A manual for teachers and students." 2nd ed., Rev. and add. - M .: Filomatis, 2006.
-
Liz and John Soars "New Headway" English Course, Oxford university press. 2012.
2. Топпен жұмыс.
Қай сөз артық?
Deep, honey, ripe, clever, sly, large
A lake, a river, a sea, a wood, a pond
An insect, a butterfly, a bee, an ant, a fly
Plums, peaches, grains, grapes, pears, oranges, apples
China, France, English, Russia, Germany, Canada
A stork, a bear, a sparrow, an owl, a quail
Сөзді анықтамасымен сәйкестендір.
Match the words with their meanings:
Meal a) a person who makes food
Dish b) a particular style of cooking
Food c) the separate stages in which a meal is served
Course d) food which is eaten at the same time each day
Cook e) things that people eat, such as vegetables and
meat
Cuisine f) food prepared in a particular way, typical of a
particular area
Portion g) a small amount of food between main meals or instead
of a meal
Snack h) an amount of food for one person, when served in a
restaurant
Ключ: 1-d
2-f
3-e
4-c
5-a
6-b
7-h
8-g